Get Mystery Box with random crypto!

YerlanGo - 21 😊

Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊 Y
Telegram арнасының логотипі yerlango — YerlanGo - 21 😊
Арна мекенжайы: @yerlango
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Небір жебір бар © Зылиқа тәте

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2022-07-18 13:28:04 #Пси
НЕҒЫП ЕШКІМДЕ ЖОҚ?

Достар.

90-жылдары ма, шыққан "Әлем халықтарының ертегілері" деген кітап болып еді (мұқабасы майда, пленка сияқты).

Соның ішінде вьетнам халқының (әлде корей) "Әңгіме" деген ертегісі болу керек. Қысқасы, балық аулауға барған адамға талдар сөйлеп, қармағы сөйлеп пе, қуып кете жаздайды.

Неғып ешкімде жоқ? Сол әңгімені фотоға түсіріп, сала салыңызшы, біреу болмаса ұқыпты біреуде ол кітап сақталған шығар.
173 viewsYerlan Ospan, 10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 12:57:26 "Аудармашы актер сияқты. Айырмашылығы - сен мейлінше елеусіз болуың керек. Мықты аудармашы - аударып жатқан адамын мейлінше қисайтпай көрсете алатын мөлдір әйнек". О. Мостинская
175 viewsYerlan Ospan, 09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 10:20:47 Квадрат тесік салатын бұрғыны көріп, миым істен шығып отыр.
207 viewsYerlan Ospan, 07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 10:07:00 Былтыр - өткен жыл
Биыл - осы жыл
Жарын - келесі жыл

"Былтыр" мен "биыл" журналистердің лексиконына өйтіп-бүйтіп еніп, "жарын" далада қалғаны қынжылтады.
780 viewsYerlan Ospan, 07:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 09:19:20
Бақыт Сұлтановтың шығармашылығынан.
395 viewsYerlan Ospan, 06:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 09:17:44
Көтіне қарамай адам менсібейд.
207 viewsYerlan Ospan, 06:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 00:45:12
Даниал Ахметов кездесуге ішіп келді. Ол жасырмады да. Әскери училищеден келгенін, ол жақта тост айтудан жарыс болғанын айтты. Wikileaks, АҚШ дипломаттарының хабарынан.
34 viewsYerlan Ospan, 21:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 00:37:39
180° өзгергенді түсінемін. 90° қалай? Шала дегені ме? Негізі, ахуалды баяндайтын көрсеткіш ретінде жақсы идея.
- Не болып жатыр?
- Нөл градус.
35 viewsYerlan Ospan, 21:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 00:06:07
Аманша Ортега ағам қолма-қол 500 млн долларға Нью-Йорктен 64 қабатты үй сатып алды. Ипотека, несие-месие, т.б. деп басын ауыртпай.
43 viewsYerlan Ospan, 21:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 23:51:12
Зәйтүн майы шарап сияқты тығындалған болып шығып, штопор керек болды.
Қызыққа лайфхақ қарап едім - біреу демде қолдан жасап алды. Рас, арматура, бұрғы, дәнекер аппарат, болгарка, қысқыш, төс, болттар мен гайкалар сияқты нәрселер керек екен.
Қаби Ылайым бауырымды ренжітпейін деп, сатып ала салдым.
48 viewsYerlan Ospan, 20:51
Ашу / Түсініктеме