Get Mystery Box with random crypto!

Барлықтарыңызға сәлем! Кішігірім өз басымнан өтіп жатқан Коре | Үздік БІЛІМ

Барлықтарыңызға сәлем!

Кішігірім өз басымнан өтіп жатқан Корея жайында қызықты ақпараттармен бөлісе отырайын.

Кореядағы жұмысым жайлы.

PhD дәрежемді алғаннан кейін көп ұзамай мені старт-ап компанияға шақырды, әрине профессорымның рекомендациясымен жылдам болып кетті. Жасанды инттелект пен биг-дата аналитикамен айналасатын 7-10 жұмысшыдан тұратын шағын ғана стартап компания.

Басшымыз профессорымның досы 60-65 жастан асқан кәріс кісі, өз жасына қарамай “активный”, кезінде америкада оқыған көзі ашық кісі.

Мені таң қылдарған, бірақ кәрістер үшін қарапайым нәрселер жайында бөлісейін:

1. Компания көлігі жайлы. Өз профессорым семьялы екенін білетін, соны да айтса керек, жалпы ары бері жүргенге деп көлік берді. Өз әңгімесін “жаңа емес” деп бастаған кісі, шевролет спарк 2019 жылғы болып шықты. (Біздер үшін 2019-жылғы машина деген су жаңа ғой) Одан қоса “бүкіл страховка, май ауыстыру, налог бәрі компания өз мойынына алады, сен тек бензин құйда жүре бер” деді))
Негізі мұнда машина арзан болғанымен 1-жылдық сервистері мен налог/страховкасы сол машина бағасына жақын болып қалады.

2. “Компания кредит картасы” деген ұғым бар, көбіне корей компаниялар өз сотрудниктерін бір-бірімен жақын болсын деп компания күнделікті обедті өздері төлейді, яғни компания тамақтандырады. Барлығы бір уақытта шығып, бір жерге тамақтанады. Бірақ мен мұсылман болып, халал тамақты жейтін болғандықтан көбіне екі топ болып бөлініп кетеміз. Себебі көбі шошқа етін жегенді ұнатады, ал мен басқа топтан боламын)))

3. Міндетті түрде обедтен кейін кофейняға барып, сонда жұмыстан басқа әңгіме айтылып отырады. Ол жерде де сол компания картасы болғандықтан, кез-келген кофені ала бересің.

4. Мұнда кофені қыс болсын, жаз болсын мұзбен ішетіні, көбіне ыстық кофені үлкен жастағы кісілер ішеді деген ұғым бар сияқты, өзін “жаспын” дейтіндер барлығы мұзбен ішеді. Өзіміз - шымкенттің жанып тұрған күнінде ыстық шай ішпесек бас ауыратын халықпыз ғой. Мен де солармен ілесем деп мұздай кофені алып, 1-2 рет тамақтан ұстап қалып жүрген кездерім де болды, біздің организм ондайға үйренбеген ғой))).

5. “Басшылық кетпей, жұмыстан қайтпайды” дегені рас сияқты. Егер сен бастықтан алдын кетіп қалсаң, оны сыйламай қалдың дегендей түсіне ме білмейм, бастық болса, бүкілі отырады.

6. Басшылық сенің артыңнан түсіп, сен қашан келдің, қашан кеттің демейді, тексермейді. (Сол нәрсе маған қатты ұнайды, мүмкін сіздерге де) Бастысы тапсырмаларды өз уақытында, әрі дұрыс жасап отырсаң болды. Бастысы басшы сенімінен шығып қалмасаң болды, ол өте маңызды.

7. Кәріс коллегаларым жайлы. Өз тапсырмаларын өте жауапты атқарады, берілген тапсырмаларды “идеал” жасауға тырысады. Бірақ берілген задачадан ары кетпейді. Ол жақсы да жаман да. Жақсысы сол бастық берген тапсырмасын екетпей қатесіз орындайды, ал жаманы өз ойларын қосуға қорқады. Мен көбіне түрліше көз қараста жасап, өзіме қызық болғандықтан, басқа да жолмен тексеріп отырамын, көбіне бастық ойынан шығып жатады. Содан коллегаларымның көзінде де “умный” секілді көрініп қалып жатасың)) бірақ ол нәрсе негізінен бәрінің қолынан келеді, бірақ оған өздері бармайды. Өздеріне сенбейтін секілді.

8. Дегенмен істеп жатқан компания айлығы шамалы болса да өзіме қатты ұнайды. Негізінен ірі, әрі бай компаниялардың барлығы да орталықта, астанасы Сеулде, ал біздікі енді ғана құрылған стартап компания Тэджон деген қалада. Істеп жатқан ісің өзіңе ұнаса, ақшасы күнделікті өмірге жетсе болды екен деп, опыт жинап жүрген ойымыз ғой.

Қалай пост ұнады ма?!))