Get Mystery Box with random crypto!

Менен кішігірім ой бөлісу болсын)) Кеше өзіміздің IT министрі | Үздік БІЛІМ

Менен кішігірім ой бөлісу болсын))

Кеше өзіміздің IT министрі бастаған әлем IT-щниктермен бейресми отырысы болған еді.

Енді ондағы аудитория “ой-йой-йой” белді ИТ тұлғалар жиналып қалды.

Көбі Google, Facebook, Amazon сынды ірі ИТ гигантта жұмыс істеп жатқан 100-ден аса Қазақстан азаматтары қатысты. (Енді, елестете беріңіздер қандай атмосфера болғанын).

Әрине онда не айтылғанын, не талқылағанын ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ ат салысқандардың көбі Қазақстанның ИТ болашағы өте қатты алаңдататынын байқатты.

Тіпті министріміздің де шынымен еті тірі, елімізге жаны ашитынын, “Барды бар, жоқты жоқ” екенін айта алатын ды көрсетті. Ол жағына риза болдым.

Бұл бастаманы жақсыға жорып, бұйыртса елде жақсы жақсы жобалары келетініне сене жүрейік, мәселен қазақша кітаптар, қазақша интернет пайдалы контенттер мен ресурстар, және информатикадан программалау жарыстары көбейе түсер.

Өзімнің бір ойым ретінде әркімнің қолынан келетін нәрсесі болса, елден қашан көмек болар екен деп күтпей, өз жобаларын елге таныта беріңіздер дедік, өз жеке опытымнан осы “Үздік Білім” арнасында айта отырып, қаңтарда бастап, ал ақпанда уже жемістерін көрсеткенін де тоқталып өттім, яғни естеріңізде болса, пән аралық олимпиададан жүлделі орындар алып бөліскен едім))

PS. Еліміз анау, біз мынау демей, әркім өз қолынан келетінін істесе, барлығымыз бірге дамып, көркейеміз!