Get Mystery Box with random crypto!

“Түнгі сағат 11 боп қалса да, тарағымыз келмеді. Конф.колдағы | Үздік БІЛІМ

“Түнгі сағат 11 боп қалса да, тарағымыз келмеді. Конф.колдағы керемет энергетиканың әсері болар. Мәселелер жан-жақты талқыланып, тың идеялар мен нақты ұсыныстар айтылды.

Жуырда біз шетелдегі технологиялық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтардың ортақ чатын ашқан болатынбыз. Қазір топта 300-ден астам кәсіпқой маман бар. Кеше бәріміз онлайн қосылып, біздің саланы және жалпы елімізді дамытуға бағытталған жобаларды талқылап, брейншторм өткіздік. Өте қызықты және пайдалы фидбэктер алдық.

Мысалы, бос уақытында Youtube-те Python бағдарламауы бойынша қазақ тілінде сабақ беретін жігіт қатысты басқосуға. Біз мұндай бастамаларды қолдаймыз және дамытамыз. ІТ саласын талқылау барысында бізде спорт бағдарламалау қалыс қалғаны анықталды. Сондықтан федерация құрып, осы бағытты жүйелі түрде дамытатын боламыз. Сондай-ақ мектептерде өткізілген дәрістердің нәтижесінде ІТ-ға қызығушылық танытқан балаларға қолдау көрсететін ментор бекіту ұсынылды.

Кездесуде түрлі идеялар айтылды – техникалық әдебиетті қазақшаға аудару, WomenInTech қозғалысын қолдау, ауылдағы және шалғай мекендердегі балаларға ақпаратты қолжетімді ету, қазақ тіліндегі контентті көбейту және т.б. Басқосуға қатысқандарды менторлыққа белсенді атсалуға және отандық стартаптарға көмектесуге шақырдым. Осындай брейнштормдар өткізіп, жүйелі шешімдер қабылдау үшін тұрақты түрде ай сайын кездесетін болдық.” - деп сөзін аяқтапты IT министріміз)))