Get Mystery Box with random crypto!

UAGYZ MEDIA🌙

Telegram арнасының логотипі uagyzmedia — UAGYZ MEDIA🌙 U
Telegram арнасының логотипі uagyzmedia — UAGYZ MEDIA🌙
Арна мекенжайы: @uagyzmedia
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.43K
Арнадан сипаттама

Құрметті Мұсылман Бауырлар!
Каналымыз жайлы достарыңызға
айта жүріңіздер. Олар да тіркеліп, білімдері артсын, барынша көп бауырларымызға пайдамыз тисін!
Ин Шаа Алла🌙

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2021-05-30 21:56:58 ​​​​Тақуалықтан кейінгі ең жоғарғы дәреже

Әби Умамиден (р.а.) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар ﷺ былай деген: «Мүмин үшін тақуалықтан кейінгі ең қайырлы нәрсе салиқалы әйел. Салиқалы әйел күйеуін тыңдайды, күйеуі карағанда, оның көңілін көтереді. Ант еткенде оған кесірін тигізбейді, күйеуі ұзаққа кетер болса, өзінің ар-намысы мен күйеуінің мал-мүлкін сақтайды» (Ибн Мәжә, Никах 5).
Хадиске түсініктеме: Дүние мен ақыретте мұсылман үшін тақуалықтан (тақуа Аллаға шынайы иман келтіріп, шын жүректен Алладан қорқатын кісі) артық ештеңе жоқ, өйткені, екі дүниенің бақыты – тақуалық. Тақуа кісінің осы өмірі мен ақыреттегі өмірі жұмақ болады. Бұл жайында Құран Кәрімде былай дейді: «Раббыңның құзырынан шығудан қорыққан кісіге екі пейіш (жұмақ) бар» (Рахман сүресі 46-аят). Кейбір тәфсіршілер аятта келтірілген екі жұмақ сөзінің біріншісі – шынайы жұмақ; ал екіншісі – дүниедегі жұмақ деп жорамалдайды. Мұсылман кісі үшін тақуалықтан кейінгі ең қайырлы нәрсе салиқалы әйел екендігі осы хадисте нақты айтылған. Сондықтан әйел кісі Аллаға құлшылық жасап, күйеуіне бағынып, сөзіне құлақ асса, оның салиқалы әйел екенін білеміз. Құран Кәрімде былай делінген: «Жақсы әйелдер – бойұсынушы әйел. Алла оларға қоруға бұйырған көрінбейтін нәрселерді қорғайды» (Ниса сүресі: 34-аят).
Осы аяттағы «көрінбейтін» деген сөз ер адамның дүние-мүлкі, әйел кісінің өз ар-намысы мен отбасының сыры. Әйел күйеуіне бағынғаннан кейін, оның көңілін көтеріп, оған жылы шыраймен қарап, әрбір ісіне мұқият болуы керек. Осындай бойында жақсы қасиеттері бар әйелді салиқалы әйел деп атайды.

Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі. Авторы Мансұров Батыржан Берденұлы
#әйелдер #40хадис
1.1K views18:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 18:07:21
Осыны міндетті түрде ұстаныңыз
987 views15:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 16:25:52 Құрайыштан талап етілетін міндет.

Ұстаз Ерлан Ақатаев
1.0K viewsedited  13:25
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 14:32:35 Аль-Бара бин ъАзиб,оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйқыға жатқанда, оң жағына (бүйіріне) жатып, былай дейтін: “Иә Аллаһ! Өз нәпсімді Саған бойұсындырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабіңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім.
” Аллаһумма асламта нафси иләйк, уә фәу-уадту әмри иләйк(ә), уә уәж-жәһту уәжһий иләйк(ә), уә әлжәъту зоһрий иләйк(ә) рағбәтән уә раһбәтән иләйк(ә), ләә мәлжә-ә уә ләә мәнжәә минкә иләә иләйк(ә), әмәнту би
китабикәл-ләзий әнзәлтә уә би нәбий-икәлләзий әрсәлт”
Осы күйде өзінің «Сахих» кітабында Аль-Бухари келтіреді.
1.0K views11:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 09:40:27
1.0K views06:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 23:23:10 ​​​​Жаңа форматтағы пост Ұстаз Батыржан Мансұровтың "Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі" кітабынан. Әр хадиске түсініктемесімен!

Айша анамыздан (p.a.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Үмбетімнің әйелдерінің ішіндегі ең жақсысы – бет әлпеті әдемі әрі мәһрлері аз болғандары» (Фәйзул-Қадыр, хадис 4091).

Хадиске түсініктеме: «Мәһір»: Шариғат қағидасы бойынша ер кісінің болашақ жарына неке қияр сәтте беретін, әлде «беремін» деп уәделейтін әрі неке қиюдың дұрыс болу шарттарының бірі болып саналатын ақы. Мәһір тұрмысқа шыққалы отырған әйелдің өзіне ғана тиісті. Басқаша айтқанда, бұл ер кісінің әйелге берер сый-сияпаты десе де болады. Мәһірдің көптігіне шек қойылмайды. Бірақ ең азы ер кісінің шамасы жететін қандай да бір нәрсе болуы керек. Хазіреті Пайғамбар: ﷺ «Мәһірдің абзалы аз болғандығы», деген.
Бұл хадистен тұрмысқа шыққалы отырған бойжеткеннің «мәһір маған берілетін сый-сияпат не сұрасам да өз еркімде» деп, болашақ күйеуін қиын жағдайға салып қоюы ынсапқа жатпайтынын аңғарамыз. Сондай-ақ, некелескеннен кейін де «сіз маған сыйлық алып берем деп уәде бергенсіз, ендеше алып беріңіз» деп, ер кісінің мазасын ала бермей, есіктен кіргенде жылы жүзбен қарсы алып, оның қас-қабағына қарап, отбасында ынтымақ-бірлік құруға шақырады. Міне, осындай ынтымақ-бірліктің ұйытқысы болып отырған әйел мұсылман үмбетінің ең қайырлы әйелі деуге болады.
Хазіреті Пайғамбарымыздың осы тақырыпқа қатысты басқа бір хадис шәріпінде: «Бойжеткен қыздың мәһірі мен құрсағының жеңіл болуы оның берекелі әйел екендігіне ишарат етеді» - деген. Яғни, мәһірі аз және үйленгеннен кейін тез құрсақ көтеріп, көп бала табатын әйел берекелі әйел екендігін дәлелдейді. Бұл хадисті Пайғамбарымыздан Айша анамыз риуаят еткен.

Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі. Авторы Мансұров Батыржан Берденұлы
#әйелдер #40хадис
1.1K views20:23
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 17:16:18
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге!

Мұқағали Мақатаев

Бес күндік жалған дүниеде бір бірімізге жақсылық жасап, сауап жинағанға не жетсін !

Әр-бір Қазақ жалғызым деп, Жүрегі Жетім мен Жесірді көргенде елжіреееп тұратын жандар көөп болса екен шіркін.

Жетім мен жесірдің, міскіннің қамын жасаушы, күндізінде ораза, түнінде намаз оқығандай сауап беріледі.
Бухари Муслим .

Осындай көмекке мұқтаж жандардың бірі жастай 6-бірдей баламен жесір қалған Шолпан апкеміз барша Қазақ Елінен қолдау күтуде......

Сауап жинап көмек көрсетемін деген жандарға:
Реквезиттер

Kaspi номер:87073251595
ИИН : 960110301035
Kaspi Gold:
4400 4301 1239 5956
Якубов Қайрат Қыдыралыұлы
Сбербанк 4263 4333 4053 2727
..................
@meirim_bagy_qory

#ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, КӨМЕК КӨРСЕТУ, САУАП ЖАСАУ
1.1K views14:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 08:34:55
255 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 22:38:27
​​Бірде Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһума) ұзағынан намаз оқып жатырған бозбаланы көріп, жанындағылардан «Бұл кісіні кім таниды?» деп сұрақ қояды. Бір кісі "Мен танимын" деп үн қатады. Сонда Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһума): «Егер мен ол кісіні танысам, оған рукуғ пен сәждені ұзағырақ жасауға бұйырған болар едім. Себебі мен Алла Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Құл қашан намазға тұрғанда оның күналары арқасы немесе басына қойылады. Кейін әрбір рукуғ немесе сәждеге барған сайын әлгі күнәлар төгілетін болады.»

("Сахих ибн Хиббан", 1734 хадис; "Сунанул-Кубра", 3/10; Иснады сахих.)

#намаз #құлшылық
487 views19:38
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 16:50:14
Жолымды қалай ашамын?
163 views13:50
Ашу / Түсініктеме