Get Mystery Box with random crypto!

​​Бірде Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһума) ұзағынан намаз оқ | UAGYZ MEDIA🌙

​​Бірде Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһума) ұзағынан намаз оқып жатырған бозбаланы көріп, жанындағылардан «Бұл кісіні кім таниды?» деп сұрақ қояды. Бір кісі "Мен танимын" деп үн қатады. Сонда Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһума): «Егер мен ол кісіні танысам, оған рукуғ пен сәждені ұзағырақ жасауға бұйырған болар едім. Себебі мен Алла Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім: «Құл қашан намазға тұрғанда оның күналары арқасы немесе басына қойылады. Кейін әрбір рукуғ немесе сәждеге барған сайын әлгі күнәлар төгілетін болады.»

("Сахих ибн Хиббан", 1734 хадис; "Сунанул-Кубра", 3/10; Иснады сахих.)

#намаз #құлшылық