Get Mystery Box with random crypto!

UAGYZ MEDIA🌙

Telegram арнасының логотипі uagyzmedia — UAGYZ MEDIA🌙 U
Telegram арнасының логотипі uagyzmedia — UAGYZ MEDIA🌙
Арна мекенжайы: @uagyzmedia
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.43K
Арнадан сипаттама

Құрметті Мұсылман Бауырлар!
Каналымыз жайлы достарыңызға
айта жүріңіздер. Олар да тіркеліп, білімдері артсын, барынша көп бауырларымызға пайдамыз тисін!
Ин Шаа Алла🌙

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2021-05-14 04:28:34
117 views01:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 21:06:25
РАМАЗАНМЕН ҚОШТАСУ ТӘСБИХЫ

#тәсбих #рамазан2021
40 views18:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 21:05:00 Кеше Рамазан айының соңғы оразасын ұстап, қасиетті айды қимастықпен шығарып салдық. Жаратушымыз осы айда ұстаған оразамызды, оқыған намазымызды, жасаған жақсы амалымызды, тілеген дұғамызды қабыл етсін! Тозақтың отынан сақтап, ораза ұстағандар кіретін Жәннаттың Раййан қақпасынан кіруімізді нәсіп етсін! Келесі Рамазан айына аман есен жеткізсін!!! Ораза Айт құтты болсын! Алла Тағала әр шаңыраққа береке берсін!

#рамазан2021 #оразаайт
55 views18:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 21:01:55
Дәреттің маңызы
82 views18:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 20:56:23
108 views17:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 16:46:07
463 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 16:44:10 Құран ұлы мұғжиза.

Ұстаз Ерлан Ақатаев
446 viewsedited  13:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 23:22:24 ​​Пайғамбарымыз ﷺ өсиетiнде:
«Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген. Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз ﷺ өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған.

Пайғамбарымыз ﷺ айт күні:
«Ей, адамдар, бұл күні сәлем жайыңдар, тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты күшейтіңдер және адамдар ұйқыда болған кезде намаз оқыңдар, еш алаңсыз жәннатқа кіресіңдер» деген. [Ибн Мәжә, Тирмизи]

Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздың ﷺ оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.

Бұл ұлық мерекеде мұсылман адам шамасы келгенше мешітке жаңа киім киіп, әтірленіп барған абзал. Имам Мәлик: «Мен ғалымдардың айт күндерінде жасанудың және хош иістер жағудың абзал екендігі туралы айтатынын естігенмін», – дейтін. Ибн Омар былай деген: «Бірде Омар бин әл-Хаттаб базардан жібек көйлек сатып алды да, оны Алла Елшісіне ﷺ алып келіп: «Уа, Алланың Елшісі, мынаны айт күндерінде, сондай-ақ сізге елшілер келгенде киіңіз», – деді. Бұған Пайғамбар ﷺ: «Мұндай киімді ақыреттен үлесі болмаған адам ғана киеді», – деп жауап берді» (жібек мата ер адамға киюге болмайды). [Бұхари, Муслим]

«Пайғамбарымыз ﷺ айт күні мешітке барған жолымен қайтпай, басқа жолмен қайтатын» [Бұхари]

Әнастан (р.а) жеткен хадисте «Алла Елшісі ﷺ Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз ﷺ: «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «Жаһилия дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi. Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы ҚҰРБАН және ОРАЗА айт күндерiмен алмастырды», – дедi. [Нәсәи]

Жәбир бин Нафирден жеткен хадисте былай делінеді: «Алла Елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары Ораза Айтта кездескен кезде бір-біріне: «Алла сізден де, бізден де қабыл алсын», - деп айтқан.


#оразаайт #айт #рамазан
869 views20:22
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 23:21:41

ОРАЗА айт
мейрамы құтты болсын!
Алла Тағала сізден де, бізден де қабыл етсін! #оразаайт
1.2K views20:21
Ашу / Түсініктеме
2021-05-12 18:43:24
​​Абу Са'ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алла елшісі ﷺ адамдарға Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салды!» (Бұхари)
#оразаайт
904 views15:43
Ашу / Түсініктеме