Get Mystery Box with random crypto!

​​​​Тақуалықтан кейінгі ең жоғарғы дәреже Әби Умамиден (р.а.) | UAGYZ MEDIA🌙

​​​​Тақуалықтан кейінгі ең жоғарғы дәреже

Әби Умамиден (р.а.) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар ﷺ былай деген: «Мүмин үшін тақуалықтан кейінгі ең қайырлы нәрсе салиқалы әйел. Салиқалы әйел күйеуін тыңдайды, күйеуі карағанда, оның көңілін көтереді. Ант еткенде оған кесірін тигізбейді, күйеуі ұзаққа кетер болса, өзінің ар-намысы мен күйеуінің мал-мүлкін сақтайды» (Ибн Мәжә, Никах 5).
Хадиске түсініктеме: Дүние мен ақыретте мұсылман үшін тақуалықтан (тақуа Аллаға шынайы иман келтіріп, шын жүректен Алладан қорқатын кісі) артық ештеңе жоқ, өйткені, екі дүниенің бақыты – тақуалық. Тақуа кісінің осы өмірі мен ақыреттегі өмірі жұмақ болады. Бұл жайында Құран Кәрімде былай дейді: «Раббыңның құзырынан шығудан қорыққан кісіге екі пейіш (жұмақ) бар» (Рахман сүресі 46-аят). Кейбір тәфсіршілер аятта келтірілген екі жұмақ сөзінің біріншісі – шынайы жұмақ; ал екіншісі – дүниедегі жұмақ деп жорамалдайды. Мұсылман кісі үшін тақуалықтан кейінгі ең қайырлы нәрсе салиқалы әйел екендігі осы хадисте нақты айтылған. Сондықтан әйел кісі Аллаға құлшылық жасап, күйеуіне бағынып, сөзіне құлақ асса, оның салиқалы әйел екенін білеміз. Құран Кәрімде былай делінген: «Жақсы әйелдер – бойұсынушы әйел. Алла оларға қоруға бұйырған көрінбейтін нәрселерді қорғайды» (Ниса сүресі: 34-аят).
Осы аяттағы «көрінбейтін» деген сөз ер адамның дүние-мүлкі, әйел кісінің өз ар-намысы мен отбасының сыры. Әйел күйеуіне бағынғаннан кейін, оның көңілін көтеріп, оған жылы шыраймен қарап, әрбір ісіне мұқият болуы керек. Осындай бойында жақсы қасиеттері бар әйелді салиқалы әйел деп атайды.

Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі. Авторы Мансұров Батыржан Берденұлы
#әйелдер #40хадис