Get Mystery Box with random crypto!

​​​​Жаңа форматтағы пост Ұстаз Батыржан Мансұровтың 'Әйелдер | UAGYZ MEDIA🌙

​​​​Жаңа форматтағы пост Ұстаз Батыржан Мансұровтың "Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі" кітабынан. Әр хадиске түсініктемесімен!

Айша анамыздан (p.a.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Үмбетімнің әйелдерінің ішіндегі ең жақсысы – бет әлпеті әдемі әрі мәһрлері аз болғандары» (Фәйзул-Қадыр, хадис 4091).

Хадиске түсініктеме: «Мәһір»: Шариғат қағидасы бойынша ер кісінің болашақ жарына неке қияр сәтте беретін, әлде «беремін» деп уәделейтін әрі неке қиюдың дұрыс болу шарттарының бірі болып саналатын ақы. Мәһір тұрмысқа шыққалы отырған әйелдің өзіне ғана тиісті. Басқаша айтқанда, бұл ер кісінің әйелге берер сый-сияпаты десе де болады. Мәһірдің көптігіне шек қойылмайды. Бірақ ең азы ер кісінің шамасы жететін қандай да бір нәрсе болуы керек. Хазіреті Пайғамбар: ﷺ «Мәһірдің абзалы аз болғандығы», деген.
Бұл хадистен тұрмысқа шыққалы отырған бойжеткеннің «мәһір маған берілетін сый-сияпат не сұрасам да өз еркімде» деп, болашақ күйеуін қиын жағдайға салып қоюы ынсапқа жатпайтынын аңғарамыз. Сондай-ақ, некелескеннен кейін де «сіз маған сыйлық алып берем деп уәде бергенсіз, ендеше алып беріңіз» деп, ер кісінің мазасын ала бермей, есіктен кіргенде жылы жүзбен қарсы алып, оның қас-қабағына қарап, отбасында ынтымақ-бірлік құруға шақырады. Міне, осындай ынтымақ-бірліктің ұйытқысы болып отырған әйел мұсылман үмбетінің ең қайырлы әйелі деуге болады.
Хазіреті Пайғамбарымыздың осы тақырыпқа қатысты басқа бір хадис шәріпінде: «Бойжеткен қыздың мәһірі мен құрсағының жеңіл болуы оның берекелі әйел екендігіне ишарат етеді» - деген. Яғни, мәһірі аз және үйленгеннен кейін тез құрсақ көтеріп, көп бала табатын әйел берекелі әйел екендігін дәлелдейді. Бұл хадисті Пайғамбарымыздан Айша анамыз риуаят еткен.

Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі. Авторы Мансұров Батыржан Берденұлы
#әйелдер #40хадис