Get Mystery Box with random crypto!

Аль-Бара бин ъАзиб,оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай д | UAGYZ MEDIA🌙

Аль-Бара бин ъАзиб,оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:
Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйқыға жатқанда, оң жағына (бүйіріне) жатып, былай дейтін: “Иә Аллаһ! Өз нәпсімді Саған бойұсындырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабіңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім.
” Аллаһумма асламта нафси иләйк, уә фәу-уадту әмри иләйк(ә), уә уәж-жәһту уәжһий иләйк(ә), уә әлжәъту зоһрий иләйк(ә) рағбәтән уә раһбәтән иләйк(ә), ләә мәлжә-ә уә ләә мәнжәә минкә иләә иләйк(ә), әмәнту би
китабикәл-ләзий әнзәлтә уә би нәбий-икәлләзий әрсәлт”
Осы күйде өзінің «Сахих» кітабында Аль-Бухари келтіреді.