Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 195

2021-08-23 13:56:02
Шығыс Қазақстанда 4 мың жыл бұрын тұрғызылған ескерткіштер табылды

Евразия ұлттық университетінің ғалымдарының сөзінше, пирамида тектес тас ескерткіштер ерте қола дәуіріне жатады. Таста жылқы мен жабайы жануарлар бейнеленген.

Сондақ-ай, ғалымдар адамдар мен жануардың сүйегін тапқан. Зерттеу бойынша оларға 3856 жыл болған.

Қазба жұмыстары 2014 жылы Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылында басталған.
145 views10:56
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 13:50:07
Алматыға қазақша білетін АҚШ-тың жаңа консулы келді

Кэролайн Сэвидж – АҚШ-тан Қазақстанға келмес бұрын қазақ тілін оқыған алғашқы консул
.
Оның ойынша, тіл меңгеру екі ел арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.

Кэролайн басқаратын консулдық округтің құрамына Алматы қаласы, Шымкент, Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары кіреді.
112 viewsedited  10:50
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 11:47:02
Әкімдіктер биржадан 100 млрд теңге қарыз алған

Ең көп қарыз алған Түркістан облысы — 40,2 млрд теңге. Одан кейін Алматы — 20,6 млрд теңге және Шымкент —17,6 млрд теңге.

Әкімдіктерге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінсе де, неге олар биржадан қарыз алған?

Қызығы, олар бюджеттен бөлінген ақшаны толық жұмсамағанда. Мысалы, алғашқы жарты жылда Түркістан облысы 99,6% жоспарды орындап, 460,97 млрд теңгеге шығындалған. Бірақ қалған шамамен 2 млрд теңге игерілмеген.
149 viewsedited  08:47
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 07:34:44
Пусанда Қазақстанның бас консулдығы ашылады

Тоқаев жарлыққа қол қойып, үкіметке керек шараларды қабылдауды тапсырды.

Пусан – Оңтүстік Кореяда аумағы жағынан Сеулден кейінгі екінші қала әрі елдегі ең ірі портқа жатады.
149 views04:34
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 06:42:28 Қазақстанда 5 миллионға жуық адам толық екпе салдырды:

Екінші компоненті 5 013 064 адам

Бірінші компоненті 6 369 263 адам
121 views03:42
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 16:06:24 Әлі вакцина алмаған қызметкерлерді қалай тексеретін болады?

Санитария ережелеріндегі вакцина салдырмаған адамдардың жұмысқа барып-бармауына байланысты шектеуге өзгерістер енгізіледі.

Жұмыс беруші ҚР ЕК-нің 48-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Жұмыс берушінің міндеті — басқаларға қауіп төндіретін адамдарды жұмыстан шығару.
45 viewsedited  13:06
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 15:37:42 Алексей Цой биыл вакцина сатып алуға 95,3 миллиард теңге жұмсалғанын айтты

Бұл ақшаға:
Спутник V — 14,28 млн;
Hayat-Vax — 1 млн;
QazVac — 2,97 млн;
SinoVac — 500 мың доза сатып алынған. Әлі 4 млн Sinopharm екпесі жеткізіледі.

Жалпы вакцина 10 млн 890 мың адамға есептелген
.
74 viewsedited  12:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 13:56:26
Қазақстанға Ауғанстаннан келген ұшақты түсіруге тек Хабар журналистеріне рұқсат берілді. Неге олай басқа журналистердің құқығы шектелді деген сұраққа сыртқы істер министрлігі өкілі жауап бере алмады.

Онда басқа сұрағымыз бар, неге Хабар арнасына бюджеттен 2.6 миллионға алтын төсбелгілер сатып алынып жатыр? Хабар журналистері сияқты жағымды ақпарат беретін журналистердің бәріне беріле ма?

AU585 (14 карат) 50 төсбелгі, сатып алу құны 2 607 800 тенге. Орындаушы ТОО "Boston Team"

https://www.goszakup.gov.kz/ru/announce/index/6199094?tab=general

Видео ORDA
246 viewsedited  10:56
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 13:38:49 Қазақстан «Талибан» қозғалысын ресми түрде мойындамады, бірақ тәлібтер Кабулдағы қазақстандық дипломатиялық миссияны күзетуде.

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин айтты.

«Кабулдағы біздің елшіліктің мәліметінше, тәлібтер Кабулды басып алған уақытта кейбіреулері біздің елшілік орналасқан ғимаратқа кірген. Біздің елші сыртқа шығып, олармен сөйлескен. Олар: «Кімсіздер? Қандай елшілік?» деп сұраған. Біздікілер “бұл Қазақстанның елшілігі” деп жауап берген. Олар: «Қорықпай жұмыс жасай беріңдер сендер біздің қорғауымыздасыздар», — деп жауап берген. Содан бері олар біздің елшілікті күзетуде»,-деді Рахметуллин.

kaz.holanews.kz/news/170227/
52 views10:38
Ашу / Түсініктеме