Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.12K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 146

2024-01-07 05:25:22
«Жирона» – ағымдағы маусымда сырт алаңда жеңілмеген Ла Лигадағы жалғыз клуб

Каталонияның клубы Испания кубогының 1/16 финалы аясында «Эльчені» тізе бүктірді.

Осылайша қонақтағы жеңіліссіз сериясын 12 матчқа дейін ұзартты. Оның онында жеңіске жетіп, екі ойын тең есеппен аяқталған.

Ла Лиганың бірде-бір клубы мұндай нәтижемен мақтана алмайды. «Реал» да, «Барселона» да сырт алаңда жеңілістің ащы дәмін татып үлгерді.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:25
Ашу / Түсініктеме
2024-01-07 01:24:04
Реал Мадрид келесі кезеңге жолдама алды

Кабрал соңғы минутта қақпаға соққы жасады. Доп Начоға тиіп, торды тулатты – 1:3.
12.8K viewsӘлімжан Асқар, edited  22:24
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 23:15:11
Бұл Арандина футбол клубының Президенті Вирджиния Мартинес

Мартинес ханым: «Реалды құшақ жая қарсы алдық, бар жағдайын жасадық. Енді оларға қарсы ойнау – біз үшін бақыт!» – деді
13.5K viewsedited  20:15
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 23:13:34
Арда Гүлер негізгі құрамда

Арандина – Реал Мадрид матчын Megogo тікелей эфирде көрсетеді
13.3K views20:13
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 20:38:59 Арсенал – Ливерпуль матчына орай конкурс!

Жүлде қоры – 30 000 теңге

Шарттары:

1. Соққы және гол! арнасына тіркеліңіз: @soqqyjanegoal

2. ErsinSport арнасына жазылыңыз: @ersinsport

3. Комментаторлар ортасына қосылыңыз: @sportorta

4. Арсенал – Ливерпуль матчының есебін және соңғы голдың авторын дәл болжаңыз. Гол соғылмайды десеңіз, 0:0 деп жазыңыз. Негізгі уақыттағы есеп қана саналады.

4. Пікіріңіз өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылуы қажет. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады.

Жүлдені бәрінен ерте дәл тапқан 3 жеңімпаз тең бөліп алады.

Жеңімпаздар үшеуден аз болса, қалған сома келесі конкурсқа қалады.

Пікірлерді Соққы және гол! арнасында дәл осы посттың астына жазыңыздар. Тіркеліңіздер!

@soqqyjanegoal
13.7K viewsӘлімжан Асқар, 17:38
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 17:00:34 Видео шықты!

Соққы және гол! #156

Қонақта: Арман Пірманов


Испаниядағыдай клуб ашамын. FC24-те қазақ комментаторлары бола ма? #156



13.7K viewsӘлімжан Асқар, 14:00
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 11:15:09
Тиагу Пинту қызметінен кетеді

«Романың» спорт директоры қысқы трансфер терезесі аяқталғаннан кейін клубтан кетеді. Бұл шешімді Пинтудың өзі қабылдады, ол басқа жерде бағын сынап көруді қалайды.

Пинту Римде 3 жыл жұмыс істеді. Римдіктер оның күш-жігерінің арқасында шабуылшы Пауло Дибала және бас бапкер Жозе Моуриньоны өз қатарына қосты.

Ақпараттар бойынша португалиялық маман мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін. Оған «Әл-Наср» қызмет ұсынбақ ниетте.
12.6K views08:15
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 10:27:26
Forbes әлемдегі ең қымбат он клубтың тізімін жариялады:

Реал – 5,5 млрд еуро
Манчестер Юнайтед – 5,4 млрд
Барселона – 4,9 млрд
Ливерпуль – 4,7 млрд
Манчестер Сити – 4,5 млрд
Бавария – 4,3 млрд
ПСЖ – 3,8 млрд
Челси – 2,8 млрд
Тоттенхэм – 2,5 млрд
Арсенал – 2,4 млрд.

Клубтар инфраструктурасы, құрамы және спорт нарығында коммерциялық жағдайы бойынша бағаланды.
12.6K views07:27
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 08:55:50
Ла Лига 19-турының тек бір матчында таза ойын уақыты 60 минуттан асқан

Opta порталының ақпаратына сүйенсек, 19-турда «Осасуна» – «Альмерия» кездесуінің (1:0) ғана таза ойын уақыты бір сағаттан асыпты.

Ал «Реал Сосьедад» пен «Алавес» арасындағы матчтың таза ойын уақыты бар-жоғы 45 минут 25 секундты құраған.

Ал жалпы турдың орта есеппен таза ойын уақыты – 54:07.
12.9K views05:55
Ашу / Түсініктеме
2024-01-06 05:08:06
Шимон Марчиняк IFFHS нұсқасы бойынша қатарынан 2-ші рет әлемнің үздік төрешісі атанды

Шимон Марчиняк – 175 ұпай
Даниэль Орсато – 95
Клеман Тюрпен – 64
Майкл Оливер – 36
Энтони Тейлор – 34
Франсуа Летексье – 28
Дэнни Маккели – 19
Вильмар Рольдан – 16
Хесус Хиль Мансано – 11
Феликс Цвайер – 9.

Келісесіз бе?
12.8K views02:08
Ашу / Түсініктеме