Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 194

2023-12-28 08:48:06
Кимпембе жарақаты кезіндегі уақытын пайдалы өткізіп жүр

Ақпан айында алған ауыр жарақатына байланысты әлі жасыл алаңға оралмаған Преснель Кимпембе қажылыққа барды.

Түнеугүні «ПСЖ» қорғаушымен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартқан еді.

Ота жасатып, маусым соңына дейін ойнамауы мүмкін делінген Кимпембенің қашан қатарға қосылатыны белгісіз.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 05:48
Ашу / Түсініктеме
2023-12-28 06:46:46
Бернарду Силва Криштиану Роналдудың нәтижесімен теңесті

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы «Эвертонға» қарсы ойында (3:1) Фил Фоденнің гол салуына септігін тигізіп, АПЛ-де ең көп нәтижелі пас берген португалиялықтардың тізімінде Кришті қуып жетті:

Луиш Нани – 43 ассист
Криштиану Роналду – 37
Бернарду Силва – 37
Бруну Фернандеш – 36.

Осы маусымда бірінші орынға шыға ала ма?
13.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  03:46
Ашу / Түсініктеме
2023-12-28 05:18:46
2023 жылдың үздік сұрмергені анықталды

Пеп Гвардиоланың айтуынша, Холанд қаңтар айына дейін алаңға шықпайды екен. Сондықтан Роналду 2023 жылда ең көп гол (клуб+құрама) соққан ойыншы атанды:

Криштиану Роналду – 53 гол
Килиан Мбаппе – 52
Харри Кейн – 52
Эрлинг Холанд – 50.

«Әл-Насрдың» 30 желтоқсанда «Әл-Таавунға» қарсы бір матчы бар. Криш сол ойында да голмен көзге түсуі мүмкін.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:18
Ашу / Түсініктеме
2023-12-27 15:37:27
Transfermarkt ең қымбат капитандардан жасақталған құрамды жариялады

Қақпашы: Матвей Сафонов;

Қорғаушылар: Хосе Гайя, Макс Килмен, Маркиньос, Рис Джеймс;

Жартылай қорғаушылар: Джон Макгинн, Мартин Эдегор, Бруну Фернандеш;

Шабуылшылар: Сон Хын Мин, Лаутаро Мартинес, Лионель Месси.
12.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  12:37
Ашу / Түсініктеме
2023-12-27 13:56:15
Витор Роке Барселонаға келді

«Барса» 18 жастағы ойыншыны ауыр жарақат алған Гавидің орнына тіркейді.

Осыған дейін «блауграна» Витор үшін «Атлетико Паранаэнсеге» 30+31 млн еуро төлейтіні хабарланған еді.

Ал жылдық жалақысы 3,5 млн еуро болады-мыс.
13.2K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 10:56
Ашу / Түсініктеме
2023-12-27 11:53:39
Антуан Гризманн «Атлетико» Еуропадағы соңғы клубы екенін айтты

«100% десем артық емес шығар, «Атлетико» Еуропадағы соңғы клубым болады. Өзімді осында өз үйімдегідей жақсы сезінемін. Ал содан кейін MLS клубына ауысқым келеді», – деді 32 жастағы ойыншы.

«Атлетикомен» 2026 жылдың жазына дейін жарамды келісімшарты бар.
13.3K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 08:53
Ашу / Түсініктеме
2023-12-27 10:16:06
Криштиану Роналду мен Лионель Месси теңесті

Рон 17-турда «Әл-Иттихад» қақпасын екі рет дәл көздеп, мансабындағы 157-ші дублін соқты.

Осылайша бұл көрсеткіш бойынша Леомен теңесті.

Бір матчта 2+ гол соғу бойынша Криш алда (220 ойын) келеді. Ал Месси 214 кездесуде екі не одан да көп гол салған екен.
13.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  07:16
Ашу / Түсініктеме
2023-12-27 09:00:06
«Манчестер Юнайтед» камбэк жасаудан алдына жан салар емес

«МЮ» түнде «Астон Вилланы» 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша АПЛ тарихында 14-ші рет кемі екі гол айырмасымен жеңіліп жатып, жеңіске жетіп кетті.

Бірде-бір клуб бұл нәтиженің маңына жуи алмайды екен.
13.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-12-27 06:02:05
Педри Испания Суперкубогына қатыспайды

«Барселона» ойыншысы өткен апта жаттығуда бұлшық етін жарақаттап алған еді.

Осыған байланысты Сауд Арабиясында өтетін Испания Суперкубогының матчтарында ойнамайтын болды.

11 қаңтар күні «Барса» жартылай финалда «Осасунамен» күш сынасады.
13.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:02
Ашу / Түсініктеме
2023-12-27 05:53:20 Әлекең МанеСаненің тағы бір ғажап шығарылым ұсынады. Көріңіздер



13.1K viewsӘлімжан Асқар, 02:53
Ашу / Түсініктеме