Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 144

2024-02-02 21:16:18
Сон
12.9K viewsRaiym Korganbay, 18:16
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 21:12:28
Оңтүстік Корея «Азия кубогының» жартылай финалына шықты

Сон бастаған жігіттер Австралиямен (1-1) негізгі уақытта тең ойнап, қосымша таймда (2-1) жеңісті жұлып әкетті.

Австралия құрамасы Крэйг Гудвиннің голынан кейін 90 минутқа дейін жеңіске дәмелі болды, алайда 96-шы минутта Оңтүстік Корея пайдасына пенальти беріліп, есеп теңесті.

Ал қосымша таймда Сонның айып соққысынан соққан ғаламат голы, кәрістерді жартылай финалға алып шықты.

Енді Юрген Клинсман шәкірттері 6 ақпан күні жартылай финалда Иордания құрамасымен кездеседі.
12.9K viewsБағлан Тілегенұлы, edited  18:12
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 18:18:13
Мәссаған! Жоан Лапорта Суперлигаға қосылуға келісім беріп қойған клубтарды атады

«Интер», «Милан», «Наполи», «Рома», «Марсель», «Бенфика», «Порту», ​​«Спортинг», «Аякс», «Фейеноорд», ПСВ, «Андерлехт», «Брюгге» және Испанияның («Атлетикодан» басқа) барлық клубы Суперлигада өнер көрсетуге келісті», – деді «Барселона» президенті
13.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  15:18
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 16:30:26
Тәжікстан жартылай финалға шыға алмады

Тәжікстан құрамасы Азия кубогының 1/4 финалында Иорданиядан 0:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Осылайша алғашқы Азия кубогындағы ертегілері ширек финалда аяқталды.

Ал Иордания 1/2 финалда Австралия – Оңтүстік Корея жұбының жеңімпазымен кездеседі.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  13:30
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 16:05:32
Туған клубы Артуро Видальді қалай қарсы алғанын қараңдаршы

Чили футболының аңыз ойыншысы «Коло-Колоға» араға 17 жыл салып оралды.

Видаль кәсіпқой мансабын осы клубта бастаған. 2007 жылы «Байер» сатып алып, ат басын Еуропаға бұрған еді.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  13:05
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 14:59:23
Дәл қазір Тәжікстан Иорданиямен ойнап жатыр

Кездесуде әлі есеп ашылмады. Тәжіктер жартылай финалға шыға алатын сияқты ма?

Ойынды Sport+ Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Есей Жеңісұлы, Дидар Есемов
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  11:59
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 14:36:58
«Челси» абдырап қалған баланы келесі ойынға шақырды

«Челси» ойыншыларды «Ливерпульге» қарсы матчқа алып шыққан баланы ұмытып, ол не істерін білмей, сасып қалған.

Видео әлеуметтік желіге тарағанда, Лондонның клубын сынағандардың қарасы қалың болды.

Балаға капитан Бен Чилуэлл бас-көз болып, қадағалауы керек екен. Бірақ есінен шығып кеткен секілді.

Содан «Челси» сол жеткіншектің отбасымен хабарласып, келесі ойынға талисман болу үшін шақырды.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 11:36
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 13:35:06
Мадрид дербиіне болжам жасадық!

Реал Мадрид - Атлетико / Арсенал - Ливерпуль
ойындарына превью!





Есеттің өткен видеодағы барлық болжамы тура шықты, енді Дидармен бірге чемпиондық үшін талас матчтарына сараптама жасады!
12.7K viewsBeksultan Keulimkos, 10:35
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 12:19:42
Freedom QJ League командасы ғаламат видео түсірді

Комментатор боламын деп армандайтындарға қанат бітіретін ролик!

Әріптесім Ерсін Ерік және QJ League комментаторы Ернұр Дүйсенғазы сіздерді кастингке қатысуға шақырады. Толық ақпарат @qjleague парақшасында

Видео қалай, жігіттер?
13.2K viewsӘлімжан Асқар, 09:19
Ашу / Түсініктеме
2024-02-02 09:23:33
Луис Суарес: Қайда келдім өзі, пашамайт

«Интер Майами» қатарынан 12-ші ойында жеңіске жете алмады:

1:1 vs Орландо Сити
1:2 vs Хьюстон Динамо
1:1 vs Нью-Йорк Сити
1:4 vs Чикаго Файр
0:1 vs Цинциннати
2:2 vs Шарлотт
0:1 vs Шарлотт
1:2 vs Нью-Йорк Сити
0:0 vs Сальвадор
0:1 vs Даллас
3:4 vs Әл-Хиләл
0:6 vs Әл-Наср.
13.3K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  06:23
Ашу / Түсініктеме