Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.37K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 147

2024-01-31 05:01:21
Ресми: Иван Ракитич «Әл-Шабаб» ойыншысы атанды

Қос тарап 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Хорватиялық ойыншы мансабын «Базельден» бастап, «Шальке», «Барселона» және «Севилья» сынды клубтарда өнер көрсетті.

Ал «Әл-Иттифак» Саудиядағы трансфер кезеңінің соңғы күнінде Карл Токо-Экамби мен Секо Фофананы қатарға қосып үлгерді.
13.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:01
Ашу / Түсініктеме
2024-01-31 04:07:06
Бүгінгі ойындар тізімі

Азия кубогы. 1/8 финал:

17:30. Бахрейн – Жапония
22:00. Иран – Сирия

АПЛ. 22-тур:

01:30. Ман Сити – Бернли
01:30. Тоттенхэм – Брентфорд
02:15. Ливерпуль – Челси

Ла Лига. 20-тур:

00:00. Барселона – Осасуна
02:00. Атлетико – Райо Вальекано

Германия кубогы. 1/4 финал:

01:45. Герта – Кайзерслаутерн

Болжамдарың қандай?
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 01:07
Ашу / Түсініктеме
2024-01-30 13:39:59
Қазақстан Грекияға қарсы ойынға Дубайда дайындалады

Құрама ойыншылары 8 наурыз БАӘ жерінде бас қосып, жаттығу жұмыстарын бастайды.

Ал 14 наурыз күніне Түрікменстанға қарсы жолдастық кездесу жоспарланған.

Грекиямен болатын аса маңызды ойын 21 наурыз Афинада өтеді.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  10:39
Ашу / Түсініктеме
2024-01-30 12:46:11
«Реал» Даниэль Карвахальмен келісімшартты ұзартады

Мадридтің клубы қорғаушының жақсы өнер көрсетіп жүргеніне дән риза. Сондықтан 1+1 жүйесі бойынша жаңа келісім ұсынады.

Қос тарап арасындағы қазіргі келісімшарт 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 09:46
Ашу / Түсініктеме
2024-01-30 10:30:33
Антонио Конте «Миланның» бас бапкері атануы мүмкін

Telelombardia хабарлауынша, маусым аяқталған соң Конте Стефано Пиолидің орнын басады екен.

Келіссөзге Златан Ибрагимович белсенді қатысып жатқан көрінеді. Тіпті Антонио келісіп қойыпты-мыс.

Италиялық маман өткен жылдың наурызында «Тоттенхэмнен» кетіп, содан бері жұмыссыз жүр.
13.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 07:30
Ашу / Түсініктеме
2024-01-30 08:00:06
Аргентина наурызда екі жолдастық кездесу өткізеді

Қытайда 18-26 наурыз аралығында өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында Аргентина Нигерия мен Кот-д’Ивуарға қарсы ойнайды.

Нигерияға қарсы матч Ханчжоу қаласында, Кот-д’Ивуармен ойын Бейжіңде болады.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  05:00
Ашу / Түсініктеме
2024-01-30 05:26:09
Қатарынан жетінші рет Африка кубогының чемпионы атағын қорғай алмады

Жетеуі де финал тұрмақ, ширек финалға шыға алмай жүр:

Египет – 2012 жыл
Замбия – 2013 жыл
Нигерия – 2015 жыл
Кот-д’Ивуар – 2017 жыл
Камерун – 2019 жыл
Алжир – 2021 жыл
Сенегал – 2023 жыл
13.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:26
Ашу / Түсініктеме
2024-01-30 04:07:06
Бүгінгі ойындар тізімі

Азия кубогы. 1/8 финал:

17:30. Өзбекстан – Таиланд
22:00. Сауд Арабиясы – Оңтүстік Корея

Африка кубогы. 1/8 финал:

23:00. Мали – Буркина-Фасо
02:00. Марокко – Оңтүстік Африка

АПЛ. 22-тур:

01:30. Ноттингем – Арсенал
01:45. Лутон – Брайтон
01:45. Фулхэм – Эвертон
02:00. Кристал Пэлас – Шеффилд
02:15. Астон Вилла – Ньюкасл

Чемпионшип. 29-тур:

01:45. Ковентри Сити – Бристоль Сити
01:45. Лестер – Суонси.
13.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 01:07
Ашу / Түсініктеме
2024-01-30 02:14:42 Кот-Д'Ивуардың ертегісі жайлы
13.0K viewsӘлімжан Асқар, edited  23:14
Ашу / Түсініктеме
2024-01-30 02:07:02
Кот Д'Ивуар Африка Кубогының ширек финалына шықты

1/8 финалда турнир қожайындары чемпион Сенегалды жарыстан шығарып тастады. Шешуші пенальтиді Франк Кессье сәтті орындады
13.3K viewsӘлімжан Асқар, 23:07
Ашу / Түсініктеме