Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 193

2023-12-29 16:15:45
Transfermarkt нұсқасы бойынша 2023 жылы трансферлік құны күрт төмендеген ойыншылар:

Садио Мане 20млн (-40млн)
Антони 35млн (-40млн)
Джейдон Санчо 25млн (-35млн)
Уэсли Фофана 32млн (-33млн)
Марк Кукурелья 25млн (-30млн)
Жоау Канселу 40млн (-30млн)
Неймар 45млн (-30млн)
Мэйсон Маунт 45млн (-30млн)
Набил Фекир 12млн (-28млн)
Левандовский 20млн (-25млн)
12.7K viewsБағлан Тілегенұлы, 13:15
Ашу / Түсініктеме
2023-12-29 12:07:52
IFFHS нұсқасы бойынша 2023 жылдың клуб деңгейіндегі үздік бапкерлері:

Пеп Гвардиола – 281 ұпай
Карло Анчелотти – 56
Лучано Спаллетти – 53
Симоне Индзаги – 51
Фернандо Диниз – 33
Микель Артета – 30
Хави – 26
Эндж Постекоглу – 12
Унаи Эмери – 8
Юрген Клопп – 6.

Пеп бұл жүлдеге осыған дейін екі рет қол жеткізген – 2009, 2011.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 09:07
Ашу / Түсініктеме
2023-12-29 11:05:51
Джек Грилиштің үйін тонап кетті

Ұрылар Грилиштің үйіне «Эвертонға» қарсы ойын (3:1) кезінде баса көктеп кіріп, 1 млн фунт шамасындағы сағаттар мен зергерлік бұйымдарды жымқырған.

Жүзіқаралар ұрлыққа түскен шақта үйде Джектің он адамнан тұратын отбасы болыпты. Бірақ ешқайсысы зардап шекпеген.

Бұл жекежайға «Ман Сити» ойыншысы жақында ғана көшіп келген екен. Сондықтан отбасы мүшелері қайда тығыларын білмей дал болыпты. Қуаныштарына орай, дабыл түймесін басып үлгерген.

Баукеспелер әлі ұсталмапты. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  08:05
Ашу / Түсініктеме
2023-12-29 10:02:43 Словенияға гол соқсам, мені Коперден қуып жібереді – деген Оразовтың әзілі шындыққа ұласты

Есей Жеңісұлы Рамазанның Коперден не үшін кеткенін түсіндірді



12.6K viewsӘлімжан Асқар, edited  07:02
Ашу / Түсініктеме
2023-12-29 09:01:18
Дэвид Мойес алғаш рет «Арсеналды» сырт алаңда жеңді

«Вест Хэм» түнде «Арсеналды» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

60 жастағы маман осыған дейін түрлі клубтардың тізгінінде «зеңбірекшілермен» 22 рет кездесіп, 18 ойында жеңіліс тапса, төрт матч тең аяқталған екен.

Осылайша 23-ші мүмкіндіктен дегеніне жетті. АПЛ-де «Вест Хэмнен» бөлек, «Эвертон», «МЮ» және «Сандерленд» сынды клубтарды баптаған.
13.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-12-29 08:13:14
Кеттік!

Жаңажылдық стикерлер 2024

Алтын допты кім алады? / Футболшылар қандай бәс тігеді? Стикерлер. Әлімжандар Дидарлар



12.7K viewsӘлімжан Асқар, 05:13
Ашу / Түсініктеме
2023-12-29 06:29:13
Беллингем IFFHS нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік жас ойыншысы атанды

Джуд Беллингем – 276 ұпай
Жамал Мусиала – 120
Гави – 82
Ламин Ямаль – 21
Уоррен Заир-Эмери – 11
Флориан Виртц – 9
- Алехандро Гарначо – 8
- Расмус Хойлунд – 8
Педри – 6
Эндрик – 5.
13.3K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:29
Ашу / Түсініктеме
2023-12-29 05:15:55
Конор Макгрегор Криштиану Роналдумен қанша ақшаға төбелесетінін айтты

« Жекпе-жек үшін $250 000 000 », – деп жазды UFC экс-чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кім жеңер еді?)
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  02:15
Ашу / Түсініктеме
2023-12-29 04:07:06
Бүгінгі ойындар тізімі

Түркия Суперкубогы:

23:45. Галатасарай – Фенербахче

Серия А. 18-тур:

23:30. Наполи – Монца
23:30. Фиорентина – Торино
01:45. Дженоа – Интер
01:45. Лацио – Фрозиноне

Примейра. 15-тур:

00:45. Бенфика – Фамаликан
02:45. Порту – Шавиш

Чемпионшип. 25-тур:

00:00. Саутгемптон – Плимут
01:45. Бирмингем – Бристоль Сити
01:45. Ипсвич – КПР
01:45. Кардифф – Лестер
01:45. Ковентри Сити – Суонси
01:45. Миллуол – Норвич
01:45. Престон – Шеффилд Уэнсдей
01:45. Ротерхэм – Сандерленд
01:45. Уотфорд – Сток Сити
01:45. Хаддерсфилд – Мидлсбро
01:45. Халл – Блэкберн
02:15. Вест Бромвич – Лидс

Про-лига. 19-тур:

21:00. Әл-Фейха – Әл-Хиләл
00:00. Әл-Ахли – Әл-Халидж.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 01:07
Ашу / Түсініктеме
2023-12-28 09:46:36
Вирджил ван Дейк 5х5 ойнағанға арманындағы құрамын жасақтады

Алиссон Бекер («Үздік қақпашы»)
Ван Дейк («Жай ғана мынадай командада ойнағым келеді»)
Роналдиньо («Менің кумирім, аңыз»)
Лионель Месси («Тарихтағы ең үздік футболшының бірі»)
Роналдо («Істей алмайтыны жоқ»).

Вирджилдің командасына қарсы қандай бестік шығарасың?
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 06:46
Ашу / Түсініктеме