Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 51.42K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2024-03-27 13:53:20
Ресми: Франция чемпионатының логотипі өзгереді

Келер маусымнан бастап лиганың атауымен қоса логотипі де жаңарады.

Осыған дейін чемпионат атауы «Ligue 1 Uber Eats» емес, «Ligue 1 McDonald’s» болатыны хабарланған еді.

Өйткені McDonald’s лиганың бас демеушісі атанып, қос тарап үш жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.
13.3K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 10:53
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 12:14:11
Оливье Жиру жирен аттың басын АҚШ-қа бұратын болды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, MLS-те ойнайтын «Лос-Анджелес» клубы мен Жиру 2025 жылдың соңына дейін жарамды болатын келісімшартқа уағдаласып қойыпты.

Әлі ешқандай құжатқа қол қойылған жоқ. Бірақ соған күн сайын жақындап келеді.

«Лос-Анджелесте» Оливьені өзіне тартып жатқан Уго Льорис өнер көрсетеді.
13.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 09:14
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 11:35:08
Махмуд Дауд Сирия құрамасынан кетіп қалды

«Штутгарттың» жартылай қорғаушысы Германия құрамасына ілінбейтінін түсініп, туған жеріне (Сирия) ат басын бұрған еді.

Бірақ бұл жақта бәрі ойдағыдай болмады. Құрама қосынындағы атмосфера, Эктор Купер бастаған бапкерлердің біліктілігі ұнамаған.

Сонымен қатар Сирия футбол қауымдастағы (SFA) берген кішігірім уәделерін де орындамапты.

Осыған байланысты Дауд Германияға ұшып кетті. SFA көндіруге тырысқан, бірақ қолдарынан келмепті.
13.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 08:35
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 10:06:48
Есей аға әдеттегідей дұрыс айтты

13.2K viewsӘлімжан Асқар, 07:06
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 09:59:19 Есей аға әдеттегідей дұрыс айтты



13.2K viewsӘлімжан Асқар, 06:59
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 08:10:12
Тони Кроос Германиядағы ойындар саны бойынша 8-орынға көтерілді

34 жастағы ойыншы Нидерландқа қарсы жолдастық кездесуде (2:1) Германия құрамасының сапындағы 108-ші матчын өткізді.

Лотар Маттеус – 150 ойын
Мирослав Клозе – 137
Лукас Подольски – 130
Томас Мюллер – 128
Бастиан Швайнштайгер – 121
Мануэль Нойер – 117
Филипп Лам – 113
Юрген Клинсманн, Тони Кроос – 108.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 05:10
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 07:18:09
Қай құрамаға жанкүйер боласыз?

Неміс жеріндегі Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.

Дүбірлі дода «Мюнхен Аренадағы» Германия – Шотландия матчымен басталады.

Ал финал Берлин қаласындағы «Олимпиаштадионда» болады.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  04:18
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 06:05:08
Айван Тоуни оралды

Бәс тікті деген айыппен 8 айға футболдан шеттетілген шабуылшы кеше Бельгияға (2-2) қарсы Англия құрамасы сапындағы екінші матчын өткізді және 1 голымен көзге түсті.

Ол соңғы рет құрама сапында өткен жылдың наурыз айында Украинаға қарсы ойнаған еді.

Осылайша Айван Тоуни Англия құрамасы сапында бірінші және екінші матчын араға 1 жыл салып ойнаған тарихтағы үшінші ойыншы атанды:

Томас Купер – (1927–1928ж)
Ральф Коутс – (1970-1971ж)
Айван Тоуни – (2023-2024ж).
12.9K viewsБағлан Тілегенұлы, 03:05
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 05:45:08
Тағы бір жұлдыз

Кобби Майну Англия құрамасы сапында негізгі құрамда алаңға шыққан «МЮ» тарихындағы ең жас үшінші ойыншы атанды:

Дункан Эдвардс – 18 жас, 183 күн
Маркус Рэшфорд – 18 жас, 209 күн
Кобби Майну – 18 жас, 342 күн

18 жасар талант кеше Бельгияға (2-2) қарсы өткен жолдастық матчтың ең үздік ойыншысы марапатына ие болды.
13.3K viewsБағлан Тілегенұлы, 02:45
Ашу / Түсініктеме
2024-03-27 00:56:36
Мына Австрияға шамамыз келе ме?

10 қазан күні сырт алаңда Ұлттар лигасы аясындағы матчта кездесеміз. Одан кейін 14 қараша үйде қабылдаймыз.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 21:56
Ашу / Түсініктеме