Get Mystery Box with random crypto!

Өткенде атам 'Кезіндегі шалдардың көргені, басынан өткен тауқы | Шылғау

Өткенде атам "Кезіндегі шалдардың көргені, басынан өткен тауқыметі көп болды ғой. Содан болар айтары да көп болды. Аштықты айтады, қуғын сүргінді айтады, босып кеткен елді айтады. Жата жастанып таусылмайтын әңгіме көп еді ғой.

Кей шалға әңгіме айт десең "Естігенім көп, көргенім аз. Не айтайын, естігенімді айтайын десем, көзбен көрмегемін өтірік болады. Көргенімді айтайын десем қойдың көтінен еріп өткен өмірдің несін айтам" дейтін.

Көргені көп адамның кеңесі де тұшымды болады. Сөздері де мәйекті болады. Біз не көрді ғой дейсің...." дейді.

Неге мынаны ішпедім, неге ананы жемедім, осыны кимедім деп ойлау наданның ісі болса керекті.

Өмір ондай құндылықтардан биігірек.

Жақсыға ұмтылмақ керек. Тек өміріңнің бар мәні ішу мен тышудың арасындағы тура жол болмасын.

Жүр. Сезін. Жақсыны білмекке ұмтыл. Үйренбекке талпын.

Сол кезде ғана есті адамға айланбақсың. Сол кезде ғана қоғамда өз орныңды табасың.

Көшпен ілесіп, қосақ арасында көрінбей өткен өмірді қалай өмір демексің?!

Солай, Джони