Get Mystery Box with random crypto!

Алты жасар бала бол, алпыс тағы ата бол, мейлі. Бәріне жылы сө | Шылғау

Алты жасар бала бол, алпыс тағы ата бол, мейлі. Бәріне жылы сөз керек. Бәріне махаббат керек.

Бәріміз қамқорлыққа, махаббатқа мұқтажбыз.

Тек, кейде сол махаббатты, айтылуы керек жылы сөзді тиісті иесіне айтпай жатамыз.

Есейген сайын, басыңа үлкенді кішілі іс түскен кезде кімді сыйлауың керек екеніңді, кімге құрметпен қарау керек екенін түсінеді екенсің.

Бір кезде болды. Жұртқа жаққым келді. Соларға сыйлы болғым келді. Сол үшін жақсы көрінуге тырыстым. Туған бауыр, ағайын деген и так бар ғой. Олар қайда кетер дейсің деген сәл жымысқы ойлар болатын.

Ол кездерде еш туысыма жақсы көретінімді, олардың мен үшін орыны ерекше екенін айтпапын да. Білмеймін, неге? Бірақ салқын болдым. Олар мен сыйламасам а бар деп ойладым.

Уақыт түсіндірді, кім керек, кім сенің жанашырың.

Кешегі "братандар, жан достар, армандастар" ешкім жоқ. Мен жоқпын. Олар да жоқ.

Тек бауырларым, туыстарым бар. Солар ғана жанымда болды. Солар ғана қалымды сұрады.

Үй де, мейлі бүй де. Тек түсін, сен үшін бауырыңнан басқа шын жанашырың жоқ. Бауырыңнан басқа қалқаныңда да жоқ. Сүрінсең сүйейтін, жығылсаң аузыңа су тамызатын адам да солар.

Жылы сөз айт. Иесіне айт. Жақыныңа айт. Солар ғана. Қалғаны сен бар болсаң бар, сен жоқ болсаң олар да жоқ.

Солай, Джони