Get Mystery Box with random crypto!

СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ С
Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ
Арна мекенжайы: @senzhalgyzemessin_aao
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.62K
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, каналға қош келдің!✨

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 21

2021-08-25 13:36:58 6-КҮННІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Бұл әдісті де күнделікті әдетке айналдырған жөн. Әр күннің соңында сол күні болған әрбір жайт пен құбылысқа алғыс айтып, шүкіршілік білдіріңіз. Күніңіз ауыр өтсе де, позитив іздеп табуға тырысыңыз
1.6K views10:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 09:12:50 Қайырлы күн! Бүгінгі күндеріңіз берекелі өтсін
1.9K views06:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 17:42:29 Тақырыпты ары қарай жалғастырайық. Сауалнамаға байланысты жауаптарыңызды толықтай оқып шықтым

«Екі жас та өз міндетін білу керек», «Отбасылық өмір жайлы сауатты болу керек», «Бір-бірінің мінезін жақсы түсіне алу керек», «Жауапкершіліктің болуы маңызды» т.б осы-сынды жауаптар келді.

Ал білесіз бе, бұл айтылған кеңестердің бәрін біріктіретін не? ОЛ-БІЛІМ. Иә, шаңырақ көтермес бұрын, асықпай ойланып, өзінің отбасылық өмірге деген сауатын арттырып, алдағы өміріне толықтай дайын болу керек.

Қазір неге екінің бірі ажырасып, н/е үйінде күнде ұрыс-керіс болады деп ойлайсыз? Әлде, әйел баласы 1-2 бала дүниеге әкелген соң, “денсаулығым жоқ”-деп ауырып қала береді? Олар өз жарымен бас қоспас бұрын, екіжақтық келісімге келмеу мен білімнің аз болғанының салдары.

Сондай жағдайларға біздің қаракөз қыздарымыз тап болмай, бақытты өмір сүріп кетсінші деген ниетте біз курс дайындап қойдық. Жай ғана осы курсты оқып алыңыздаршы, кейін өздеріңізге рақмет айтатын боласыздар.

Білімді тек ғылыми тұрғыдан емес, денсаулық, тұрмыстық өмір тұрғысынан да арттырған артық етпейді.

Курсқа тіркелем десеңіз, төменге номеріңізді қалдырып кетіңіз, сізге хабарласып, СУПЕР МҮМКІНДІК жайлы айтып береміз
2.6K views14:42
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 14:18:40 Сіздерге сұрағым бар, жауап беріңіздерші, ойларыңызды білгім келеді

Отбасы құруды жоспарлаған адамдар отбасылық өмірдегі қандай маңызды нәрселерді білуге міндетті?
2.5K views11:18
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 13:02:53 Ал сіздің осы уақытқа дейін жасаған қате таңдауыңыз бар ма? Ол таңдауыңыздың неге қате болғаны жайлы ойланып көрдіңіз бе?
2.6K views10:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 11:20:35 «Жар таңдаудан қателескім келмейді»

Өмірде 3 нәрседен қателеспеу керек деген сөз бар ғой. Дос таңдау, мамандық таңдау және жар таңдау. Мойындаңызшы, осылардың ішіндегі сізді ең уайымдататыны өмірлік жарыңызды қателеспей таңдау ғой, иә?

Өзіңізді құрметтейтін, бір-біріңізді шын сүйетін, балаларыңызға ардақты да, өнегелі әке болатын адамды қалайсыз.

Жүріп жүрген жігітіңізбен отау құрған соң, ол мүлде басқа адам болып шығып, онымен басыңыз қосылмай қалудан қорқатын шығарсыз.

Дүркіретіп той жасап алып, күйеуіңізбен бір отбасы бола алмай, ажырасып кетуден қорқасыз. Себебі, ең бірінші ата-анаңыз бен туыстарыңыздың алдында ұяласыз. Қазақта «ел-жұрттан ұят болады» деген сөз бар ғой

Осы проблема сізде де бар, тым болмағанда бір рет болсын ойлап көрдіңіз ғой, иә? Уайымдамаңыз, бұл тек сіздің емес, әрбір отбасы құрамын деген адамның ішкі уайымы.

Ал, енді осындай проблемаларға кездеспей, тұрмысқа сәтті шығу үшін не істеу керек, не білу керек екенін білесіз бе?

Өз сұрақтарыңыз бен тағы қандай ішкі ойлар уайымдататынын пікірге жаза отырыңыз, бірге талқылаймыз
2.9K views08:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 10:06:48 5-КҮННІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Айнамен жұмыс жасаңыз. Бұл әдісті күн сайынғы әдетке айналдырғаныңыз жөн. Таңертең және кешке айнаға қарап: «Мен өте әдемімін. Мен өзімді жақсы көремін, және мені барлығы жақсы көреді. Менің қолымнан барлығы келеді, мықтымын!»-деп үлкен сенімділікпен қайталаңыз
2.7K views07:06
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 09:01:44 Қайырлы күн, бүгінгі күн сізді ерекше бақытқа бөлесін!
2.8K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 19:16:49 4-КҮННІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Көбірек комплимент айтыңыз. Дәл қазір 5 адамға комплимент айтыңыз, жазып жіберсеңіз де болады. Мысалы, әріптесіңізге “бүгін сен жұмыста әдемі болып жүрдің”, сүйікті әншіңізге “сіздің әндеріңіз мені үнемі шабыттандырады”-сынды хабарламалар жазып қойыңыз.

Сіз өзге адамның жақсылығын айтқан сайын, өзіңізге сол еселеп қайтып келеді. Тек өзге адамға емес, сондай-ақ өзіңізді де мақтауды ұмытпаңыз. Есіңізде болсын, өзіңізді жақсы көруден ұялудың қажеті жоқ
1.2K views16:16
Ашу / Түсініктеме