Get Mystery Box with random crypto!

«Жар таңдаудан қателескім келмейді» Өмірде 3 нәрседен қателес | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

«Жар таңдаудан қателескім келмейді»

Өмірде 3 нәрседен қателеспеу керек деген сөз бар ғой. Дос таңдау, мамандық таңдау және жар таңдау. Мойындаңызшы, осылардың ішіндегі сізді ең уайымдататыны өмірлік жарыңызды қателеспей таңдау ғой, иә?

Өзіңізді құрметтейтін, бір-біріңізді шын сүйетін, балаларыңызға ардақты да, өнегелі әке болатын адамды қалайсыз.

Жүріп жүрген жігітіңізбен отау құрған соң, ол мүлде басқа адам болып шығып, онымен басыңыз қосылмай қалудан қорқатын шығарсыз.

Дүркіретіп той жасап алып, күйеуіңізбен бір отбасы бола алмай, ажырасып кетуден қорқасыз. Себебі, ең бірінші ата-анаңыз бен туыстарыңыздың алдында ұяласыз. Қазақта «ел-жұрттан ұят болады» деген сөз бар ғой

Осы проблема сізде де бар, тым болмағанда бір рет болсын ойлап көрдіңіз ғой, иә? Уайымдамаңыз, бұл тек сіздің емес, әрбір отбасы құрамын деген адамның ішкі уайымы.

Ал, енді осындай проблемаларға кездеспей, тұрмысқа сәтті шығу үшін не істеу керек, не білу керек екенін білесіз бе?

Өз сұрақтарыңыз бен тағы қандай ішкі ойлар уайымдататынын пікірге жаза отырыңыз, бірге талқылаймыз