Get Mystery Box with random crypto!

СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ С
Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ
Арна мекенжайы: @senzhalgyzemessin_aao
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.62K
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, каналға қош келдің!✨

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 20

2021-08-27 14:23:46 Бүгін сіздерді жақсы тану мақсатында, бірнеше сұрақтар қойғым келіп тұр. Ал сіздер шынайы жауап беріңіздер
2.4K views11:23
Ашу / Түсініктеме
2021-08-27 10:22:32 Жұма мүбәрәк болсын! Бүгін Тараздағы бауырларымыз үшін де дұғада болайықшы, бәрі жақсы болып кетсін!

#берекелі_жұма
2.6K views07:22
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 18:10:54 Өзіміз отырып, әңгіме айтайықшы, иә?

Жалпы көптеген қыз-келіншектің басында проблемасы мен ішкі блоктары көп болса да, біздің курстарға қатысудан бас тартып жатады. Жай ғана ол кісілерді «өзім бәрін білемін» деген эгосы жібермейді. Өзіңіз бәрін білсеңіз, сіз қазір қайдасыз?

Сондықтан, біздің курстар жайлы қысқаша айтып өтейінші. Курсқа қатысқан адамдар үлкен нәтиже көрсетіп жатыр. Мысалы, тұрмысқа сәтті шығып, алғашқы тұрмыстық өмірінің рахатын көріп жүргендер бар. Отбасында өзінің маңызды адам екенін ұқтырып, күйеуімен қарым-қатынасы жақсара бастаған тұрмыстағы әйелдер бар. Сондай-ақ, енесімен басы бір қазанға сыймаған келіндер де енелерімен қарым-қатынасын жақсартып алды.

Жай ғана өмірлерін жақсы жақа бұрып, әдемі өмір сүріп жүрген бақытты жандар!

Егер сіз де курсқа тіркелгіңіз келсе, төменге номеріңізді қалдырып кетіңіз
1.0K views15:10
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 16:14:55 ТЕСТ ЖАУАБЫ

1. Егер телефонды бір қолға ұстайтын болсаңыз, бұл сіздің сегіз қырлы, быр сырлы жан екеніңізді көрсетеді. Сіз барлығын тап-тұйнақтай етіп жасайсыз. Өзіңізге не ұнайды, не ұнамайды – бірден анықтайсыз.

Аз тыңдап, көп сөйлейсіз. Бірақ ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейсіз. Шынайы махаббат пен жалған сезімнің парқын ажырата аласыз. Жан жарыңыз үшін тау қопаруға да дайынсыз.

2. Телефонды екі қолға ұстап, (пернетақтаны) бас бармақ басатын болсаңыз, ер адамның өзіңізге көңіл бөліп, қамқор болуына мүмкіндік туғызасыз. Денеңізді босаңсасытып, қалыпқа келіп алмай, еш іске кірісе алмайсыз. Өзіңізге не керегін өзгелерге ашық айтуды үйреніңіз және эмоцияға ерік беріңіз.

3. Телефонды екі қолға ұстап, қос бас бармақпен басып, мәтін теретін болсаңыз, жетістікке күрделі жолмен жетесіз. Ол үшін жаныңызда бағыт-бағдар берер сенімді серігіңіз болуы керек. Сонда ғана өзіңізге сеніп, алға қадам басасыз. Біреу қолдап отырмаса, еш іске мойын бұра алмайсыз. Айналаңыздан қолдау көрмедіңіз екен, бітті. Бәрі кері кетуі мүмкін.

4. Телефонды бір қолға ұстап, сұқ саусақпен мәтін теретін болсаңыз, сізге тыныш та бірқалыпты өмір тән. Өзгелер әлденеге қол жеткізу үшін барлығын құрбан етуге барсыз. Адам көп жиналған жерден бойыңызды аулақ саласыз. Жаныңыз жай табатын тыныш жерде ұзақ уақыт тұрақтайсыз. Махаббатта да солай, тыныш өмірді таңдайсыз. Тек жақындарыңыздың көз жасын көтере алмайсыз. Жаныңызға кім қандай қаяу салса да, бірден кешіре бересіз.

Тест жауабы сіздің мінезіңізбен сәйкес келді ме? Жауабыңызды пікірге жаза отырыңыз
1.4K views13:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 14:16:57 Өмірлік жар таңдауда жастарға үйлесімділік заңдылықтарын білу қажет. Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі еңбекке деген көзқарасқа көп байланысты.

Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай жете алады.

Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі-зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.

#СЖЕ_пайдалы_ақпарат
1.6K views11:16
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 11:51:03 7-КҮННІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Бүгін кітап оқыңыз. Өзіңізге бір сәт уақыт арнаңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Әйтеуір күйбең тіршіліктен босап, миыңызға демалыс жариялаңыз.

7 күндік челлендж сіздерге ұнады деген ойдамыз. Өзіңізді құрметтеуді ұмытпаңыз, сіз мықты жансыз!
1.8K views08:51
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 17:16:54 Қыздар, қазір біздің курста үлкен жеңілдіктер болып жатыр. Қараңыздаршы, қосымша БОНУС СЫЙЛЫҚТАР, тиімді бағаға кіретін бірнеше курс пен “Сен жалғыз емессің” кітабы, “Lauline” майы, бәрі-бәрі бар! Ал мұның бәрін қолжетімді бағаға ала аласыз

Курсқа тіркелу жабылмай тұрып, үлгеріп қалыңыздар

Айтпақшы, біздің курсқа қатысқандар бар ма, төменге пікірлеріңізді жазып кетіңіздерші.

Ал енді тіркелемін дейтіндер болса, номерлеріңізді жазып кетіңіздер
1.3K views14:16
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 14:53:55 Жақында бізге оқырманымыздан бір хат келіп түсті. Шыны керек, сол хатты оқимыз деп бүкіл команда ерекше бір күйге бөлендік. Ол қызға риза болдық. Неге екенін білу үшін, сіз де төмендегі хатты оқып көріңізші

«Сәлеметсіздер ме, мен осыдан 6 ай бұрын өте қорқақ едім. Өзімнен, айналамнан, әсіресе ер адамдардан қатты қорқатынмын. Шамасы, бұл қорқыныш менде балалық травмалардан пайда болған. Өйткені, кішкентайымда әкем ішімдікке тойып алып, анамды ұратын, үйде күнде ұрыс-керіс еді Сол кезде ойлайтынмын “ешқашан тұрмысқа шыұпаймын, еркектер жаман адамдар”-деп. Ол кезде бала едім, өсе келе сол оқиға көз алдымнан кетпей, қорқынышым сақталып қала берген. Қаншама жігіт мені жақсы көрді, маған да ұнағандары болды. Бірақ, мені үнемі «ол адам ертең әкем сияқты болып шықса ше?»-деген ой артқа тарта берді. Жалпы айтқанда, өз қорқынышыммен, эмоцияммен, ішкі сезімдеріммен мүлдем жұмыс жасай алмадым. Тек қорқып, үрейленуді ғана білдім... Сөйтіп, аяқ-асты сіздердің «Тұрмысқа шықпас бұрын» деген курстарыңызды кездестіріп қалдым. Басында «Курста сонша не айтады дейсің»-деп өзімді шектей бастадым. Сонда да, қатыстым. Ал енді қатысқаныма вообще өкінбеймін. Просто, адам сенгісіз нәрсе. Неше жылдан бері сақталған балалық травмаларыммен жұмыс жасап, тұрмысқа шыұпас бұрын әрбір қыз білу керек мәліметтермен білімімді толықтырдым. Сондай-ақ өзімнің өмірлік жарым ретінде көре алатын жігітім де пайда болды. Бүйырса, Отау құрып, бір жастықта қартаямыз деп отырмыз. Мен оған сенемін. Себебі, ең алдымен психологиялық жұмыс жасадым. Сіздерге көп рахмет! Ал енді Қылықты әйел курсын алсам деп едім»

Бұл оқиға жайлы не дейсіздер?
1.6K views11:53
Ашу / Түсініктеме