Get Mystery Box with random crypto!

СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ С
Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ
Арна мекенжайы: @senzhalgyzemessin_aao
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.62K
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, каналға қош келдің!✨

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 23

2021-08-21 16:29:50 ОРТАНЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢДАЙМЫЗ?

Негізі, біздің араласатын, уақытымыздың көп бөлігін бірге өткізетін ортамыз біздің дамуымызға да әсер етеді. Бірақ, ортаны дұрыс таңдауға көшпей тұрып, өзіңізге жақсылап талдау жасаңыз. Өзіңіз жалқау болып тұрып, жалқау адамдарды менсінбей жүрмеңіз. Жақсы ортада болу үшін, ең бірінші өзіңіз жақсы адам бола біліңіз.

Өзіңіздің мақсатыңыз бен бұл өмірде не қалайтыныңызды анықтап алыңыз. Мақсаттарыңызға қалай жеткіңіз келеді? Соған байланысты, өзіңізге дамушы орта іздеңіз, немесе сол дамушы ортаны өзіңіз қалыптастырыңыз.

1. Қазір араласатын ортаңызбен мақсаттарыңыз сәйкес пе? Өмірлік қағидаларыңыз ұқсас па? Қандай жетістікке жетуге талпынып жүрсіздер? Осы сұрақтардың жауабы бір-біріне сәйкес келсе, демек, олар сіздің ортаңыз, бірге өсесіздер, дамисыздар. Ал егер, мүлдем сәйкес келмесе, бұл сіздің ортаңыз емес. Өзіңіздің көзқарастарыңызбен сәйкес келетін ортаны іздей беріңіз.

2. Өзіңізге сұрақ қойыңыз “менің және қазір араласып жүрген ортамның жетістікке жету тәсілі қандай?”-деп. Егер олардың әлдеқандай бір нашар жолмен жетістікке жету ойы болса, олардан өзіңізді аулақ ұстаған жөн.

Бұл 2 әдіс көп жағдайда ортаны дұрыс таңдауға көмектеседі.

#СЖЕ_пайдалы_ақпарат
4.1K views13:29
Ашу / Түсініктеме
2021-08-21 13:31:43 Кеше орта маңызы жайлы тақырыпқа айтып-қосарларыңыз көп екенін байқадым. Енді сіздерге сұрағым бар, неге дәл сол адамдардың жанында жүргіңіз келмейді?

Мысалы, егер сіз араласатын адамдар сіздің бойыңызда комплекс пайда болуына, өзіңізді ыңғайсыз сезінуіңізге, дамуыңызға кері әсерін тигізсе, ендеше сөзсіз ондай адамдармен араласуды доғара бастаған жөн.

Бірақ, шатастырып алмаңыздаршы. Сіздерге анаңызбен, күйеуіңізбен, әпкеңізбен араласпай кетпе демеймін. Себебі, сіздің жақын адамдарыңыз - ортаға жатпайды. Олардан қашып құтыла алмайсыз, тек олардың өзгеруіне өз үлесіңізді қоса аласыз. Бірге дамыңыз, кітап оқыңыз, пайдалы әрекеттермен айналысыңыздар, әйтеуір оларды жек көре бермеңіз, бірге өзгеру ешқашан кеш емес
4.1K viewsedited  10:31
Ашу / Түсініктеме
2021-08-21 12:14:06 Қыздар, конкурс жайлы тағы да естеріңізге саламын. Ұмытып кетпеңіздер

https://t.me/zhanqurbym/2983
4.2K views09:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-21 08:30:07 Төмендегі нақыл сөзді түсініп оқып, өз ойларыңызды білдіріңіздерші. Бір талқылап алайық

«Ұлы ойлар идеяларды талқыға салады. Орта дәрежедегі ойлар жаңалықтарды талқыға салады. Ал ең төменгі дәрежедегі ойлар адамдарды талқыға салады»

(с) Элеонор Рузвельт


Сіз басқа адамдардың сыртынан әңгіме айтасыз ба? Әлде идеяларды талқыға салатын білім іздейтін адамдар қатарынансыз ба?

Шынайы жауап берейікші, иә?
4.5K views05:30
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 20:24:48 Қайырлы түн, жақсылар. Түн тыныш болсын, тәтті ұйықтаңыздар
4.8K views17:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 18:26:03 Қыздар, кеше көбіңіз подкасттың жалғасын сұрап едіңіздер, енді сіздер үшін 2-ші бөлімін дайындап қойдық. Пайдалы болып жатқанымыз үшін қуаныштымыз
5.0K viewsedited  15:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 16:02:17 1-КҮННІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Өзіңіздің араласатын адамдарыңызға анализ жасаңыз. Кімнің жанында өзіңізді жақсы сезінесіз, ал кімнің жанында ыңғайсыз күйге түсесіз?

Бәрін қағазға жазып, нәтижесінде сізді ыңғайсыз сезіндіретін адамдармен араласуды күннен-күнге тоқтата бастаңыз.

Бұл «орта маңызы» деп аталады. Кіммен аралассаңыз, соған ұқсап кетесіз. Ортаңызды да дұрыс таңдай біліңіз
5.2K viewsedited  13:02
Ашу / Түсініктеме
2021-08-20 14:02:05 САМООЦЕНКАНЫ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН 7 ӘДІС

1. Үнемі кешірім сұрай беруді доғарыңыз
Мысалы, бір жерге кешігіп келсеңіз, “кешіккенім үшін кешірім сұраймын”-деп басыңызды төмендетпей, жымиып “Күткеніңіз үшін рақмет”-деп айтсаңыз болады. Әр істі минус емес, плюс жағынан қарастыруға тырысыңыз.

2. Таза ауада спортпен айналысыңыз
Денеңізді спортпен қыздырып, бітіміңізді қалыпқа келтіре бастағанда, өзіңізге деген құрметіңіз қалай артып кеткенін де аңғармай қаласыз

3. Өзіңізге күнделікті күтім жасаңыз
Бетіңізге, дене бітіміңізге, шашыңызға, киіміңізге, жейтін тамағыңызға дейін күтіп қараңыз.

4. Зона комфортадан шығыңыз
Төменгі самооценканы көтеруге көмектесетін тағы бір әдіс- өзіңізге ыңғайсыз іспен айналысу. Мысалы, таныс емес адамдармен тез сөйлесіп кете алмайсыз ба, керісінше, жаңа таныстық орнатып көріңіз. Ән айту менікі емес деп санасаңыз, ән айтып байқап көріңіз.

5. Үнемі ізденіс үстінде болыңыз
Жаңа іс бастау алғашқыда қиын болса да, білім алып, өзіңізге сенім артуды тоқтатпаңыз.

6. Жетістіктеріңізді жазып жүріңіз
Әр күн соңында өзіңіздің сол күнгі жетістіктеріңзді қағаз бетіне түсіріп отырыңыз. Кіші, үлкен деп бөлмей, жетістігіңізге риза болыңыз.

7. Әлсіз тұсыңыз бен мықты тұсыңызды бір-біріне қарсы қойыңыз
Өзіңіз жайлы жазу қиын болса, бұл ретте достарыңыз бен жақын адамдарыңыздың көмегін сұрасаңыз болады.

Ал, супер жаңалық дегеніміз ол сіздерге дайындаған 7 күндік челлендж!

Яғни, 7 күн бойы сіздерге 1 тапсырмадан беріп отырамын. Сол арқылы әрқайсымыз өзімізді бағалау бойынша ішкі әлемімізбен жұмыс істейтін боламыз. Бүгінгі бірінші тапсырма сағат 19:00-де шығады.

Ал енді пікірге өз ойларыңызды жаза кетіңіздер
5.6K views11:02
Ашу / Түсініктеме