Get Mystery Box with random crypto!

СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ С
Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ
Арна мекенжайы: @senzhalgyzemessin_aao
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.62K
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, каналға қош келдің!✨

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 17

2021-09-17 07:00:08
Қалайсыздар? Мына суреттен не түсінгендеріңізді төменге жаза отырыңыздар. Қызықты талқылау жасаймыз
2.0K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 15:05:06 Назарларыңызға «Сен жалғыз емессің» кітабынан алынған үзіндіні ұсынамын. Мұқият оқып, қандай ой түйгендеріңізді жаза отырсаңыздар болады

«Әр жұмыстың өз орындалу реті бар. Мысалы, тамақ жасасақ, оны да арнайы ас мәзірімен, өзіндік ретімен орындаймыз. Егер, дайындаған тағам дәмді әрі көпшілікке ұнағанын қалайтын болсақ, ас дайындау ережесіне бағынған дұрыс. Дәл солай, табысты өмірдің де саған қояр талабы бар. Барлық ережені қатесіз орындасаң, сен де жетістік шыңында бой көрсететін боласың»
856 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 12:24:48 «Ақша – мақсат емес, жай өз қажеттілігіміз үшін қолданатын құрал»

Осы сөзбен қаншалықты келісесіз? Ақшаның сіздің өміріңізде ойнайтын рөлі үлкен бе?
1.2K viewsedited  09:24
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 10:02:55 Қалайсыздар, алтындарым? Осы демалыс күндеріңізді қалай өткізетіндеріңізді пікірге жаза отырыңыздар
1.5K views07:02
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 15:00:15 Қаншалықты сәйкес келді? Жауабыңызды пікірге жазыңыз
178 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 14:59:53 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТТІҢ ЖАУАБЫ

1-сурет
Кеңес кезеңіндегі монетаны таңдадыңыз. Ол мақсатқа жету үшін өте көп тер төгуге дағдыланғаныңыздың белгісі. Сіздікі – нағыз адал еңбек. Шектен тыс жұмыс істейсіз, бірақ оны еш міндетсімейсіз. Көп ақша табу үшін тек аянбай күш салу керек деп есептейсіз. Қолда барына шүкір етіп отырасыз, үйреншікті жұмысыңыздан қол үзгіңіз келмейді. Мұндай адамдардың орташа табысы бар, соған да шүкір дейді. Егер табысыңыз артсын десеңіз, тек есекше жегіліп жұмыс істегендер ғана миллиондап табады деген түсініктен арылыңыз. Тәулігіне жиырма сағат жұмыс істеген де, тек төрт сағат жұмыс істеген де бірдей табыс табуы мүмкін. Сондықтан өзіңіз үшін көп табыс не үшін керек, соны анықтап алыңыз.

2-сурет
Қаржы тұрғысынан алғанда өте жақсы таңдадыңыз. Жақын арада ойламаған жерде мол табысқа кенелесіз. Тағдырдың сыйынан бас тартпай, бар мүмкіндікті пайдаланыңыз. Адал еңбек жайын да назардан тыс қалдырмаңыз.

3-сурет
Қаржы жағынан көңіліңіз шалқып өмір сүру үшін біраз жұмыс істеу керек екенін жақсы білесіз. Бұл ойыңызға әрекетіңіз де дәлел. Жасаған жұмысыңызға лайық марапат алуға дағдыланғансыз. Алдағы уақытта табысыңыз еселенеді. Алайда ол жұмыс майданында демалыссыз шапқылай беру керек деген сөз емес.

4-сурет
Көз алдыңызда қомақты қаржыға кенелуге дайын болыңыз. Өзіңіздің жай ғана табыс магниті екеніңізді түсінесіз. Ауқымды лоторея ұтуыңыз мүмкін әлде кездейсоқ мол мұраның иесі боп шығуыңыз ықтимал. Не болса да тағдырдың тамаша тартуынан бас тартпаңыз.
213 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2021-09-09 14:14:22
Роза ханымда күн сайын съемка

Арнайы сіздер үшін үлкен, сапалы дүние дайындап жатыр. Күтіңіздер
793 viewsedited  11:14
Ашу / Түсініктеме
2021-09-09 11:57:45
Психологиялық тест: Ақшамен доссыз ба?

Суреттен өзіңізге ұнаған нұсқаны таңдап, төменге өз жауабыңызды жазыңыз.

Жауаптары 24 сағаттан соң шығады
1.3K viewsedited  08:57
Ашу / Түсініктеме
2021-09-09 09:01:19 Жаңа күн жаңа мүмкіндік. Жаңа нәрсені жасап көруден қорықпа. Мен сенімен біргемін

#СенЖалғызЕмессің
1.7K views06:01
Ашу / Түсініктеме