Get Mystery Box with random crypto!

Украинадағы соғысқа қатысқандарға ардагер мәртебесі беріледі: | Саяси Шолу

Украинадағы соғысқа қатысқандарға ардагер мәртебесі беріледі: Путин жаңа заңға қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысқандарға ардагер мәртебесін беру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер мен мүгедектерге заң бойынша зейнетақы, түрлі қаржылай сыйақылар беріледі, тегін протез жасалады, үйсіздерге баспана беріледі және өзге де жеңілдіктер қарастырылған.

23 наурызда мемлекеттік дума қорғаныс министрлігі наурыздың басында ұсынған заң жобасын үш оқылымнан кейін бірден мақұлдаған. Қазір ардагерлер туралы заң азаматтық соғыстан бастап СССР мен Ресей араласқан барлық ірі әскери қақтығысқа қатысқандарды қамтиды.