Get Mystery Box with random crypto!

Путин Рамзан Қадыровқа әскери шен берді Ресей президенті Влад | Саяси Шолу

Путин Рамзан Қадыровқа әскери шен берді

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа ішкі әскерлердің генерал-лейтенанты шенін берді. Мұны Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудов растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Қадыровтың Шешенстандағы халықаралық терроризмді жеңуге қосқан үлесін бағаламауға болмайды, деп атап өтті саясаткердің қарулас жолдасы.

Даудов Шешенстан Республикасының басшысын жаңа атақ беруімен құттықтады. Оның айтуынша, Қадыров – Отаны мен халқына шынайы, риясыз қызмет етудің үлгісі.