Get Mystery Box with random crypto!

QARA PAIYM

Telegram арнасының логотипі qarapaiymonline — QARA PAIYM Q
Telegram арнасының логотипі qarapaiymonline — QARA PAIYM
Арна мекенжайы: @qarapaiymonline
Санаттар: Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.06K
Арнадан сипаттама

Түсініксіз заттар, түсінікті тілмен
Канал авторы: Алмас Маратұлы

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-04-24 18:50:54 Қайрат Құдайберген туралы

Бұл азамат маған өз орнын таба алмай жүрген адам болып көрінетін. Қайрат Құдайберген дегенде көз алдыма мақтаншақ һәм аңқау елестейді. Мүмкін ол «вообще» ондай емес шығар, бірақ менің түйсігім солай ойлайтынына мен кінәлі емеспін.

Коронавируспен ауырғанын сториға салатын, белсенді Альнур Ильяшевті «нұротанды жамандадың» - деп сотқа беретін, автобусқа өзінің жеке фотографымен отыратын бір «кадр» адам өзі.

Мен қаңтар оқиғалары кезінде әлеуметтік желілердегі видеолардан не көрдім? Нұротанның мүшесі Қайрат алаңға шығып халыққа басу айтып жүрді. Тұп-тура 2021 жылдың 10-шы қаңтарындағы Ермахан Ыбраимов сияқты. Естеріңізде шығар? Мародёрлерден дүкендерді қорғады. Бірақ сол Қайраттың алаңға барып депутат
Бақытбек Смағұлов сияқты «шабалаңдамаңдар» - деп әйелдерге атылып жүргенін көрмедім.

Ия, «дикий Арманмен» бірге жүрген бірнеше видеосы бар. Оған ешқандай жауабым жоқ. Оны енді қырғыз әншісін террористке балап, қамаған, соққыға жыққан біздің тиісті органдар тексере жатар. Бірақ, «температурам 39 градус» - деп сторисында жылайтын адамнан мемлекетті төңкеретін террорист шықпайды-ау.

Мен қаңтар оқиғалары кезінде нұротан партиясы депутаттары ішінен 3 адамды ғана алаңда халықпен бірге көрдім. Оның екеуі Ақтаудағы алаңға барған Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин, үшіншісі осы Қайрат Құдайберген. Сіздер басқа депутатты көрсеңіздер айтыңыздар.

Сосын, егер сіз аманат партиясына мүше болсаңыз, біліп жүріңіз: бұл партия өзінің мүшелерін тек жақсы уақытта керек етеді екен. Қайрат оған «живой» пример.
2.4K viewsedited  15:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 09:05:43 QARA PAIYM pinned «Тоқаев жақсы ғой, Қаринді неге ұнатпай кеттің? Әр апта митингке шығатын уақытың «дофига» ма? «Жаңа Қазақстанның дамуын сен сияқты скептиктер тежейді» - деген айыптауларға жауап беруге уақыт таба алмай жүр едім. Жолдас бәрін тізіп жазып беріпті. Мен осылай…»
06:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 08:49:56 Сосын Тоқаев демократиялық жолдың бастауын салып кететін президент бола ма әлде кезекті автократқа айнала ма, ол тікелей ел азаматтарына байланысты . Егер оның аузынан шыққан әрбір сөзіне шапалақтап, мадақтай берсек, “жаңа Қазақстанды” армандамай-ақ қоялық. Себебі халықтан талап болғанда ғана, атқарушы билік өз міндетін барынша дұрыс атқаруға тырысатын болады.

Сол үшін де әрбіріміз үкімет тарапынан айтылатын әрбір сөздің астарында не жатыр, оның нақты кімге тиімді болуы мүмкіндігін және берілген уәделердің орындалуын қадағалауымыз қажет. Сосын ел дамуын ілгерілету, әрбір азаматтың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету атқарушы биліктің міндеті. Осылай айтқаны үшін Тоқаевты ұлықтаудың керегі жоқ.

Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаев әкімшілігі бірнеше сәтсіз, бірақ популистік әрекеттерге барды. Мысалы, Берік Уәлидің өңшең билікті мақтағандарды жинап алып, оларға медаль таратуы, расталмаған 20 террорист мәселесіне қатысты scapegoat іздеуі, студенттерді алдап, біразын міндеттеп, “Наш президент – тигр” шоу концертіне жинауы сынды, айта берсең көп. Тоқаевтың ТикТок ұрпағы өкілдерінің крашына айналуына да қатысты арнайы PR кампаниялар жасалғаны белгілі.

Үкіметтегі мемлекеттік хатшының нақты міндеттері неден тұратынын білмеймін, бірақ Ерлан Карин сол постқа келгелі қазіргі үкіметтің PR-шысына айналып үлгерді. Қаңтар оқиғасынан бері халық арасында белсенді, танымал тұлғаларды шетінен шақырып, мемлекетшілдік идеясын саналарына құйып жатыр. Ол осылай Тоқаев әкімшілігінің қызметін мадақтауға, соның төңірегінде жұмылуға және оған қатысты еш сынның айтылмауына әрекет етіп жүр. Бұл нені білдіреді? Егер Тоқаев әкімшілігі алдағы уақытта берген уәделерін орындай алмаса немесе сол баяғы автократияға қарай кері бағыт алса, яғни коррупция негізделген ескі жүйені жаңа жүйемен, өз адамдарымен ауыстыра салса, жауапкершіліктің үкіметке емес, осы мемлекетшілдік идеясын қолдағандардың барлығына жүктелетінін білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, Құнанбай Қодар мен Қамқаның өліміне өзі жауапты болмау үшін 40 ру өкілдеріне тас атқызғандай, Карин де Жаңа Қазақстан жобасы сәтсіз бола қалғанда, жауапкершілікті бүкіл елге жүктеуді мақсат етіп отыр. Сол үшін де Каринге ере бермей, Сократ сияқты скептик болайық! Тоқаев әкімшілігі барынша халықтың үнін тыңдап, өз міндеттерін дұрыс атқаратын болса, Кариннің мемлекетшілдік PR стратегиясы қажет болмай да қалады. Себебі халық игілігі үшін қыызмет ететін үкіметті халқы қолдамай қайда барады. Сондықтан үкіметтегілер де айтылған сынды сыртқы көзқарас ретінде қабылдауды үйренсе, олардың жұмыс тиімділігі әлдеқайда артатын еді. Соны түсінсе игі еді.

Бір нәрсені ұғынып алайық, сын айтылмайтын қоғам құру мүмкін емес. Ал сын айтушыларды бір идея төңірегінде жұмылдыру арқылы жұмсақ күшпен сынды азайту жалпы дамуды тежейді. Себебі сынсыз біз ел ретінде бір қадам да алға баса алмаймыз.

Ақордадағы Тассай суының Тұран брендіне ауысуына қатысты “қазбалап тапқандарың осы ма? Миллиардтап тонап жатқандар бар” дегендей пікірлерді оқыдым. Тұран суы таныстық арқылы Ақордаға жеткені айқын. Бүгін оған көз жұмып қарасақ, ертең сол азаматтар миллиондап, арғы күні миллиардтап жымқыруы бек мүмкін. Сол үшін де непотизмнің кез келген түрін болдырмауға бүгін күресуіміз керек!».

Журналист Жолдас Өрісбаев
1.6K views05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 08:49:55 Тоқаев жақсы ғой, Қаринді неге ұнатпай кеттің? Әр апта митингке шығатын уақытың «дофига» ма? «Жаңа Қазақстанның дамуын сен сияқты скептиктер тежейді» - деген айыптауларға жауап беруге уақыт таба алмай жүр едім. Жолдас бәрін тізіп жазып беріпті. Мен осылай түсіндіре алмайтын едім.

«Өткенде Manas Kaiyrtaiuly Тоқаев әулетінің байлығы жайлы зерттеуін жариялаған соң, астына жазылған пікірлердің скриндерін бөлісті ғой. Содан кейін мынадай ой төңірегінде ой қорыттым.

Скриндердегі пікірлерге қарасаң, про-үкіметтік ботфермаларға Манастың зерттеуін дискредиттеу тапсырмасы берілгендей. Бірақ оны дәл ботферма екенін дәлелдай алмаған соң, сенімді түрде бұл дискредиттеу әрекеті немесе тікелей үкіметтің тапсырмасы деп айта алмаймыз. Ал егер бұл жалпы осындай журналистік зерттеуге қазақстандықтардың көзқарасын білдіреді деп түсінсек, халіміз мүшкүл. Мұның артында мынадай қауіпті көріп тұрмын.

[Қауіпке тоқталмас бұрын, Манастың зерттеуіне қатысты ойымды жаза кетейін. Алдымен мұндай зерттеулер атқарушы биліктің репутациясын түсіруге емес, оның өз міндетін толық атқаруға, “халыққа қызмет” деген ұстанымынан ауытқымауға серпін болады деп қабылдау керек. Яғни, атқарушы билік сынды қабылдап, қателіктің қайталанбауын қадағаласа, үкімет жұмысының тиімділігі артады. Мысалы, Тоқаев және оның төңірегіндегілер Манас зерттеуінің таралуымен күреспей, о бастан өзінің саяси позициясын пайдалана отырып, туыстары не дос-жарандарының табысқа кенелуіне қолайлы климат жасамағанда, Манас сияқты журналистер мұндай зерттеу жасамас та еді. Себебі оған негіз табылмас еді. Батыста биліктің тармақтарын қадағалап, оларға сын жазатын журналистерді watchdog reporters дейді. Бұл журналистиканың ең негізгі бағыты және нақты осы watchdog journalism өкілдерін “демократияны қорғаушылар” дейді. Өз басым соған сенемін. Бізде Манас сияқты 100 зерттеуші журналист болса да, артық етпейді.

Жалпы сын айту, жазу тек журналистердің емес, өз өміріне, айналасына, еліне, болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың міндеті болуға тиіс. Жалпы бәріміз “сыни ойлау (critical thinking)” деген тіркесті жақсы көреміз. Сыни ойлау арқылы өзімізді ақылды азаматтар қатарына қосқымыз келеді. Ал осы тіркестегі “сыни (critical)” деген бөлігі “сын” сөзінен шығып отыр, яғни біз бірімізге біріміз сын айту арқылы ғана жақсы қоғам құра аламыз. Ал үкіметтегі азаматтардың өз міндетін атқарып жатқанын, батырлыққа балап, қателіктерін не заңсыз әрекеттерін сынамай, мадақтай берсек, Жаңа Қазақстан көбіміз үшін эйфория болып қала береді. Сосын “Жаңа Қазақстанды” біреу бізге құрып, дайындап бермейді. Ол әрбір азаматтың күнделікті белсенділігінің арқасында және шенеуніктердің өз міндетін толық атқаруын қадағалау арқылы құрылады.

Чисто гипотетически, бізге Дания не Норвегия сынды бақытты қоғамды біреу құрып берді делік. Ондай жаңа қоғамда оянған қазақтар аз уақытта ол қоғамның быт-шытын шығарады. Себебі біздің қазақтар сол қоғам өкілі ретінде өзінің функционалдық міндеттерін білмейді, талапшыл емес, сыни ойламайды, президентті мінсіз хан ретінде көреді, эгоист, кез келген күнделікті мәселесін әділ жолмен емес, ақшамен тез шешуге өзі үндейді.]

Қауіп

Тоқаев есімін ұлықтап, жеке басына табыну қаупі. Әрине, 30 жыл бойы Назарбаевтың авторитарлық режимінен кейін екінші президенттің соңғы кездегі көтеріп жатқан мәселелері көпті қуантып отыр. Тіпті сол айтылған ұсыныстардан кейін мен білетін бірталай саналы азаматтар “менің президентім” деп ұрандатып шыға келді. Меніңше олар, шамалы асығыстық жасады. Себебі Назарбаев та кезінде осындай уәделер берген. Оны кезінде мақтағандардың бүгін қай күйде жүргенін білесіздер. Тоқаевтың екінші Назарбаевға айналмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол үшін өз қолымызбен автократияны қайта құрмай, талапшыл болуға үйренейік.

Сосын Тоқаевтың Қазақстанның демократиялық елге айналуына септігін тигізетін транзиттік президент болады деген жақсы ой бар. Дәл солай, яғни диктатордан кейін келген транзиттік президенттің арқасында, Испания, Португалия, Оңтүстік Корея, Чили және Тайван елдері демократиялық елге бейбіт жолмен қол жеткізді.
1.5K views05:49
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 20:50:24
Саясаттанушы Шалқар Нұрсейітовтың спичі.
2.2K viewsedited  17:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 17:44:25
Бұл ешқандай далба*б емес, бұл біздің Қорғаныс министрі.
1.6K views14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 10:35:52
Алматының Ганди саябағында Закиева-Сарым заңына қарсы митинг өтіп жатыр.
1.4K views07:35
Ашу / Түсініктеме