Get Mystery Box with random crypto!

Тоқаев жақсы ғой, Қаринді неге ұнатпай кеттің? Әр апта митингк | QARA PAIYM

Тоқаев жақсы ғой, Қаринді неге ұнатпай кеттің? Әр апта митингке шығатын уақытың «дофига» ма? «Жаңа Қазақстанның дамуын сен сияқты скептиктер тежейді» - деген айыптауларға жауап беруге уақыт таба алмай жүр едім. Жолдас бәрін тізіп жазып беріпті. Мен осылай түсіндіре алмайтын едім.

«Өткенде Manas Kaiyrtaiuly Тоқаев әулетінің байлығы жайлы зерттеуін жариялаған соң, астына жазылған пікірлердің скриндерін бөлісті ғой. Содан кейін мынадай ой төңірегінде ой қорыттым.

Скриндердегі пікірлерге қарасаң, про-үкіметтік ботфермаларға Манастың зерттеуін дискредиттеу тапсырмасы берілгендей. Бірақ оны дәл ботферма екенін дәлелдай алмаған соң, сенімді түрде бұл дискредиттеу әрекеті немесе тікелей үкіметтің тапсырмасы деп айта алмаймыз. Ал егер бұл жалпы осындай журналистік зерттеуге қазақстандықтардың көзқарасын білдіреді деп түсінсек, халіміз мүшкүл. Мұның артында мынадай қауіпті көріп тұрмын.

[Қауіпке тоқталмас бұрын, Манастың зерттеуіне қатысты ойымды жаза кетейін. Алдымен мұндай зерттеулер атқарушы биліктің репутациясын түсіруге емес, оның өз міндетін толық атқаруға, “халыққа қызмет” деген ұстанымынан ауытқымауға серпін болады деп қабылдау керек. Яғни, атқарушы билік сынды қабылдап, қателіктің қайталанбауын қадағаласа, үкімет жұмысының тиімділігі артады. Мысалы, Тоқаев және оның төңірегіндегілер Манас зерттеуінің таралуымен күреспей, о бастан өзінің саяси позициясын пайдалана отырып, туыстары не дос-жарандарының табысқа кенелуіне қолайлы климат жасамағанда, Манас сияқты журналистер мұндай зерттеу жасамас та еді. Себебі оған негіз табылмас еді. Батыста биліктің тармақтарын қадағалап, оларға сын жазатын журналистерді watchdog reporters дейді. Бұл журналистиканың ең негізгі бағыты және нақты осы watchdog journalism өкілдерін “демократияны қорғаушылар” дейді. Өз басым соған сенемін. Бізде Манас сияқты 100 зерттеуші журналист болса да, артық етпейді.

Жалпы сын айту, жазу тек журналистердің емес, өз өміріне, айналасына, еліне, болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың міндеті болуға тиіс. Жалпы бәріміз “сыни ойлау (critical thinking)” деген тіркесті жақсы көреміз. Сыни ойлау арқылы өзімізді ақылды азаматтар қатарына қосқымыз келеді. Ал осы тіркестегі “сыни (critical)” деген бөлігі “сын” сөзінен шығып отыр, яғни біз бірімізге біріміз сын айту арқылы ғана жақсы қоғам құра аламыз. Ал үкіметтегі азаматтардың өз міндетін атқарып жатқанын, батырлыққа балап, қателіктерін не заңсыз әрекеттерін сынамай, мадақтай берсек, Жаңа Қазақстан көбіміз үшін эйфория болып қала береді. Сосын “Жаңа Қазақстанды” біреу бізге құрып, дайындап бермейді. Ол әрбір азаматтың күнделікті белсенділігінің арқасында және шенеуніктердің өз міндетін толық атқаруын қадағалау арқылы құрылады.

Чисто гипотетически, бізге Дания не Норвегия сынды бақытты қоғамды біреу құрып берді делік. Ондай жаңа қоғамда оянған қазақтар аз уақытта ол қоғамның быт-шытын шығарады. Себебі біздің қазақтар сол қоғам өкілі ретінде өзінің функционалдық міндеттерін білмейді, талапшыл емес, сыни ойламайды, президентті мінсіз хан ретінде көреді, эгоист, кез келген күнделікті мәселесін әділ жолмен емес, ақшамен тез шешуге өзі үндейді.]

Қауіп

Тоқаев есімін ұлықтап, жеке басына табыну қаупі. Әрине, 30 жыл бойы Назарбаевтың авторитарлық режимінен кейін екінші президенттің соңғы кездегі көтеріп жатқан мәселелері көпті қуантып отыр. Тіпті сол айтылған ұсыныстардан кейін мен білетін бірталай саналы азаматтар “менің президентім” деп ұрандатып шыға келді. Меніңше олар, шамалы асығыстық жасады. Себебі Назарбаев та кезінде осындай уәделер берген. Оны кезінде мақтағандардың бүгін қай күйде жүргенін білесіздер. Тоқаевтың екінші Назарбаевға айналмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол үшін өз қолымызбен автократияны қайта құрмай, талапшыл болуға үйренейік.

Сосын Тоқаевтың Қазақстанның демократиялық елге айналуына септігін тигізетін транзиттік президент болады деген жақсы ой бар. Дәл солай, яғни диктатордан кейін келген транзиттік президенттің арқасында, Испания, Португалия, Оңтүстік Корея, Чили және Тайван елдері демократиялық елге бейбіт жолмен қол жеткізді.