Get Mystery Box with random crypto!

Қайрат Құдайберген туралы Бұл азамат маған өз орнын таба алма | QARA PAIYM

Қайрат Құдайберген туралы

Бұл азамат маған өз орнын таба алмай жүрген адам болып көрінетін. Қайрат Құдайберген дегенде көз алдыма мақтаншақ һәм аңқау елестейді. Мүмкін ол «вообще» ондай емес шығар, бірақ менің түйсігім солай ойлайтынына мен кінәлі емеспін.

Коронавируспен ауырғанын сториға салатын, белсенді Альнур Ильяшевті «нұротанды жамандадың» - деп сотқа беретін, автобусқа өзінің жеке фотографымен отыратын бір «кадр» адам өзі.

Мен қаңтар оқиғалары кезінде әлеуметтік желілердегі видеолардан не көрдім? Нұротанның мүшесі Қайрат алаңға шығып халыққа басу айтып жүрді. Тұп-тура 2021 жылдың 10-шы қаңтарындағы Ермахан Ыбраимов сияқты. Естеріңізде шығар? Мародёрлерден дүкендерді қорғады. Бірақ сол Қайраттың алаңға барып депутат
Бақытбек Смағұлов сияқты «шабалаңдамаңдар» - деп әйелдерге атылып жүргенін көрмедім.

Ия, «дикий Арманмен» бірге жүрген бірнеше видеосы бар. Оған ешқандай жауабым жоқ. Оны енді қырғыз әншісін террористке балап, қамаған, соққыға жыққан біздің тиісті органдар тексере жатар. Бірақ, «температурам 39 градус» - деп сторисында жылайтын адамнан мемлекетті төңкеретін террорист шықпайды-ау.

Мен қаңтар оқиғалары кезінде нұротан партиясы депутаттары ішінен 3 адамды ғана алаңда халықпен бірге көрдім. Оның екеуі Ақтаудағы алаңға барған Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин, үшіншісі осы Қайрат Құдайберген. Сіздер басқа депутатты көрсеңіздер айтыңыздар.

Сосын, егер сіз аманат партиясына мүше болсаңыз, біліп жүріңіз: бұл партия өзінің мүшелерін тек жақсы уақытта керек етеді екен. Қайрат оған «живой» пример.