Get Mystery Box with random crypto!

Осы күндерде тəкбір айтудың артықшылығы... Абу Һурайрадан (А | ....

Осы күндерде тəкбір айтудың артықшылығы...

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деген:

ما أهلَّ مُهِلٌّ قطُّ إلَّا بُشِّرَ، ولا كبَّرَ مُكبِّرٌ قطُّ إلَّا بُشِّرَ. قيلَ: يا رسولَ اللهِ! بالجنَّةِ؟ قال: نعَم.

«Тəлбия айтқан əрбір адам тəлбия айтқан сайын сүйіншілендіріледі. Сол секілді, тəкбір айтқан əрбір адам да тəкір айтқан сайын сүйіншілендіріледі»,- дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жəннатпен сүйіншілендіріледі ме?»,- деп сұрайды. Ол: «Иə, (жəннатпен сүйіншілердіріледі)»,- дейді.
«Ахбару Макка» 897, «Муғжəм əл-Əусот» 7779, «Шуғаб əл-Иман» 3740, «Сунан əл-Кубро» 10378, «Əл-Жəмиғ əс-Сахих» 7/304. Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.

Тəлбия деп – қажылық немесе умра ғибадатын орындау үшін ихрамға кірген адам ихрамға кірген уақытынан бастап, Меккенің үйлерін көргенге дейін айтатын зікірді айтады. Ол келесідей:

Арабшасы:

لَبَّيْكَ اللَّهُمَّ لَبَّيْكَ، لَبَّيْكَ لاَ شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ، إِنَّ الْحَمْدَ، وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ، لاَ شَرِيكَ لَكَ.

Айтылуы:
ЛəббəйкаллааҺуммə лəббəик,
лəббəикə лəə шəриикə Лəкə лəббəик, инналь-хамдə,
уəн-ни’мəтə Лəкə уəль-мулк, лəə шəрикə Лəк.

Аудармасы:
Аллаһым! Міне мен Сенің шақыруыңа жауап бердім! Сенің ешбір серігің жоқ, құлшылық етілуге Сен ғана лайықтысың. Ақиқатында, барша мақтау- мадақтар мен нығметтер жəне билік тек Саған ғана
тиесілі. Сенің ешбір теңдесің (серігің) жоқ.

Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) жəне басқа да көптеген ғұламалар айтқандай; Тəкбір айтудың уақыты Арафа күнінің таң атуымен басталып, Зуль-Хиджаның 13-күні Асыр (Екінті) намазының оқылуымен аяқталады.

Тəкбір айтудың түрлері:

Арабшасы:

١) الله أكبر، الله أكبر، الله أكبر كبيرًا.

٢) الله أكبر، الله أكبر، لا إله إلاّ الله، والله أكبر، والله أكبر، ولله الحمد.

٣) الله أكبر، الله أكبر، الله أكبر، لا إله إلاّ الله، والله أكبر، الله أكبر، ولله الحمد.

Айтылуы:

1) Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбару Кәбиро.

2) Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, уә лә иләһә иллә Аллаһ, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбару уә Лилләһиль-Хамд.

3) Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, уә лә иләһә иллә Аллаһ, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбару уә Лилләһиль-Хамд.

Аудармасы:
1) Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – өте Ұлық.

2) Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық. Аллаһтан басқа құлшылық етілуге лайықты ешбір құдай жоқ. Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық. Жəне мақтаулар Аллаһқа ғана тиесілі.

3) Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық. Аллаһтан басқа құлшылық етілуге лайықты ешбір құдай жоқ. Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық, Аллаһ – Ұлық. Әрі мақтаулар Аллаһқа ғана тиесілі.

Ескерту: Имам Ибн Баз (рахимаһуллаһ) жəне көптеген сүннет ғұламалары айтқандай; тəкбірді жамағатпен бірге хормен айту дұрыс емес. Өйткені, тəкбір айту Аллаһ елшісінің (ﷺ) жəне сахабаралардың кезінде де болған. Алайда, олардың ешбірінен олар тəкбірді жамағатпен қосылып айтқандығы жетпеген. Жолдардың ең жақсысы – Аллаһ елшісі жəне оның сахабалары жүрген жол. Сондықтан, əрбір адам тəкбірді өзі жеке айтуы керек. Сондай-ақ, осы күндерде тəкбір айту тек намаздардан кейін ғана емес, бəлки, кез-келген уақытта айтыла береді.

#zul_hidja #arafa #takbir
________________________
t.me/paidalar

instagram.com/paigambarlar_mirasy