Get Mystery Box with random crypto!

«Otandastar Qory»

Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory» O
Telegram арнасының логотипі otandastar — «Otandastar Qory»
Арна мекенжайы: @otandastar
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 300
Арнадан сипаттама

Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 13

2022-06-17 09:33:05
19 views06:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:26:27 Гүлнара Османалиева: Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай туралы...

“Ұлытау өңірі - ата-бабамыздың көне тарихынан сыр шертетін, ұлтымыздың рухани байлығымен ұштасып жатқан киелі жер. Сол себепті де Ұлттық құрылтайдың дәл осы жерде өтуі бәріміздің жүрегімізде ерекше патриоттық сезім оятады. Ата-бабамыздың дәстүрін жалғастырып, қазақтың осындай бір ұлттық нышанында өткен Ұлттық құрылтай қазағымыздың ел болып, жер болып көркеюіне үлкен үлес қосатынына кәміл сенемін!”

_____

Gülnara Osmanalieva: Ūlytaudağy Ūlttyq qūryltai turaly...
“Ūlytau öñırı - ata-babamyzdyñ köne tarihynan syr şertetın, ūltymyzdyñ ruhani bailyğymen ūştasyp jatqan kielı jer. Sol sebeptı de Ūlttyq qūryltaidyñ däl osy jerde ötuı bärımızdıñ jüregımızde erekşe patriottyq sezım oiatady. Ata-babamyzdyñ dästürın jalğastyryp, qazaqtyñ osyndai bır ūlttyq nyşanynda ötken Ūlttyq qūryltai qazağymyzdyñ el bolyp, jer bolyp körkeiuıne ülken üles qosatynyna kämıl senemın!”

#Ұлытау #ұлттыққұрылтай #tausyrym
20 views06:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:26:22
20 views06:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:25:55 Сырымбек Тау: Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай туралы...
“Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық Құрылтай мүшелерінің алдында мен де өзімнің ұсынысымды айттым.

Біріншіден, жаңадан құрылған үш облыс үш түрлі бағытта дамыса дедім. Мәселен, облыстың бірі денсаулық саласын мықтап қолға алса, екіншісінде білім саласы қарыштаса, ал үшіншісінде бизнес қанат жайса, игі болар еді.
Әр өңірдің мүмкіндігіне қарай осы жағдайларды тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді.

Бұдан бөлек осы облыстардағы аудан орталықтары мен кейбір ауылдарды үлгілік нұсқа ретінде салықтардан босатып, еркін экономикалық аймақ ашсақ.

Сол үлгіге алынған моноқалалар мен ауылдарда шағын және орта бизнесті дамытып, Еуропадағыдай көркейген елді мекендерді ашуға болады. Батыстың тәжірибесіне сүйене отырып, жерінің асты бай, даласы кең Қазақстанда мұндай мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға болатынын айтқым келеді. Құрылтай - мүмкіндіктер мен ұсыныс алаңы! Сөзіміз іске өтсін!”

_______

Syrymbek Tau: Ūlytaudağy Ūlttyq qūryltai turaly...

“Bügın memleket basşysy Qasym-Jomart Toqaev pen Ūlttyq Qūryltai müşelerınıñ aldynda men de özımnıñ ūsynysymdy aittym.

Bırınşıden, jañadan qūrylğan üş oblys üş türlı bağytta damysa dedım. Mäselen, oblystyñ bırı densaulyq salasyn myqtap qolğa alsa, ekınşısınde bılım salasy qaryştasa, al üşınşısınde biznes qanat jaisa, igı bolar edı.
Är öñırdıñ mümkındıgıne qarai osy jağdailardy tiımdı paidalanuğa bolatynyn aitqym keledı.

Būdan bölek osy oblystardağy audan ortalyqtary men keibır auyldardy ülgılık nūsqa retınde salyqtardan bosatyp, erkın ekonomikalyq aimaq aşsaq.

Sol ülgıge alynğan monoqalalar men auyldarda şağyn jäne orta biznestı damytyp, Europadağydai körkeigen eldı mekenderdı aşuğa bolady. Batystyñ täjıribesıne süiene otyryp, jerınıñ asty bai, dalasy keñ Qazaqstanda mūndai mümkındıkterdı tiımdı paidalanuğa bolatynyn aitqym keledı. Qūryltai - mümkındıkter men ūsynys alañy! Sözımız ıske ötsın!”

#Ūlytau #ūlttyqqūryltai #tausyrym
21 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:25:41
21 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:25:16 Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай тек атамекен үшін ғана емес, шетел қазақтары үшін де жаңа бір белес болмақ. Ол туралы "Хабар24" телеарнасының жаңалығында.

____

Ūlytaudağy Ūlttyq qūryltai tek atameken üşın ğana emes, şetel qazaqtary üşın de jaña bır beles bolmaq. Ol turaly "Habar24" telearnasynyñ jañalyğynda.

#Ұлытау #ұлттыққұрылтай #tausyrym
22 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:25:08
22 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:23:57 Түркиядағы қаракөз қарындасымыз, белгілі ғалым Гүлжанат Эржиласун да Құрылтайға бей-жай қарамай, өз пікірін жолдап отыр. Танымал тарихшы бүгінгі жиынды Алаш құрылтайына ұқсатқанын айтады:
"Ұлылар мекені Ұлытаудың төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың маңызы ерекше. Жаңару, даму, саяси реформалық өзгеруге бет алған Қазақстанның алғашқы Ұлттық құрылтайының Ұлытауда өтуі - тарих жылнамасына жазылар айрықша оқиға. ҚР@ Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа сауын айтып, Құрылтай шақыруы - 1917 жылғы Алаш құрылтайын еске салады. Алаш арыстарының саяси ұстанымын қашанда мысалға келтіріп, үлгі-өнеге тұтқан Қасым-Жомарт Кемелұлының алқалы жиындағы жолдауы - тарихи Отанымыз Қазақстанның дамуына жол ашады деп сенеміз. Егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне шынайы тілеулестік білдіреміз".

________

Türkiadağy qaraköz qaryndasymyz, belgılı ğalym Güljanat Erjilasun da Qūryltaiğa bei-jai qaramai, öz pıkırın joldap otyr. Tanymal tarihşy bügıngı jiyndy Alaş qūryltaiyna ūqsatqanyn aitady:
"Ūlylar mekenı Ūlytaudyñ törınde ötken Ūlttyq qūryltaidyñ mañyzy erekşe. Jañaru, damu, saiasi reformalyq özgeruge bet alğan Qazaqstannyñ alğaşqy Ūlttyq qūryltaiynyñ Ūlytauda ötuı - tarih jylnamasyna jazylar airyqşa oqiğa. QR@ Prezidentı Q.Toqaevtyñ halyqqa sauyn aityp, Qūryltai şaqyruy - 1917 jylğy Alaş qūryltaiyn eske salady. Alaş arystarynyñ saiasi ūstanymyn qaşanda mysalğa keltırıp, ülgı-önege tūtqan Qasym-Jomart Kemelūlynyñ alqaly jiyndağy joldauy - tarihi Otanymyz Qazaqstannyñ damuyna jol aşady dep senemız. Egemendı elımızdıñ ösıp-örkendeuıne şynaiy tıleulestık bıldıremız".

#Ұлытау #ұлттыққұрылтай #tausyrym
31 viewsedited  06:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 09:23:51
31 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 17:58:48 Қуаныш Елеутаев: Ұлытаудағы Ұлттық құрылтай туралы...

Бүгін Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтай барысымен ғаламтор арқылы толық танысып шықтым. Маған құрылтайды өткізу бастаманың өзі қатты ұнады және ұлттық құрылтай сияқты пәрменді мекеме пайда болып, бірден жұмысқа қызу кірісіп кеткені көңіл қуантады. Сондай-ақ оның қалыптасу принципі ұнады. Бұның Қазақстан мен қазақстандық қоғамға барынша пайдалы болатыны сөзсіз. Кез келген қазақ пен этникалық қаақтардың осы жұмысқа белсене қатысып, өз бастамаларын ұсына алуы үшін электронды қосымшаны құру идеясы өте жақсы болды. Енді осы игі идеялардың барлығы игерілсе, еліміздің болашағы зор болар еді деп ойлаймын. Айтар өтінішім: шетелдік қазақтар да осы электронды құрылтай қосымшасына өз тілектері мен ұсыныстарын жолдай алса, жақсы болар еді.

__________

Quanyş Eleutaev: Ūlytaudağy Ūlttyq qūryltai turaly...

Bügın Ūlytauda ötken Ūlttyq Qūryltai barysymen ğalamtor arqyly tolyq tanysyp şyqtym. Mağan qūryltaidy ötkızu bastamanyñ özı qatty ūnady jäne ūlttyq qūryltai siaqty pärmendı mekeme paida bolyp, bırden jūmysqa qyzu kırısıp ketkenı köñıl quantady. Sondai-aq onyñ qalyptasu prinsipı ūnady. Būnyñ Qazaqstan men qazaqstandyq qoğamğa barynşa paidaly bolatyny sözsız. Kez kelgen qazaq pen etnikalyq qaaqtardyñ osy jūmysqa belsene qatysyp, öz bastamalaryn ūsyna aluy üşın elektrondy qosymşany qūru ideiasy öte jaqsy boldy. Endı osy igı ideialardyñ barlyğy igerılse, elımızdıñ bolaşağy zor bolar edı dep oilaimyn. Aitar ötınışım: şeteldık qazaqtar da osy elektrondy qūryltai qosymşasyna öz tılekterı men ūsynystaryn joldai alsa, jaqsy bolar edı.
48 views14:58
Ашу / Түсініктеме