Get Mystery Box with random crypto!

XV-XIX ғасырлардағы қазақ тарихынан сыр шертетін сирек 130 кар | «Otandastar Qory»

XV-XIX ғасырлардағы қазақ тарихынан сыр шертетін сирек 130 карталары енгізілген кітабының авторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров пен “Отандастар қоры” ҚеАҚ-ның президенті Абзал Сапарбекұлы кездесті.

Кездесу барысында екі тарап басып шығарылған кітап пен оның тарихын, табылған карталары талқыға түсті. Әңгіме барысында Абзал Сапарбекұлы туындының тарихына тәнті болып, кітаптың жарық көруімен құттықтады. Осы ретте, ол М.Сыдықназаровқа шығармашылық табыс тілей отырып, тарихи туынды мен карталардың танытылуы бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы уағдаласты.

Айта кетейік, Еуразия Ұлттық Университетінің заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров өткен жылдың қараша айында Брюссельде ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен қазақ мемлекетінің XV-XIX ғасырлардағы табылған 130 сирек карталарымен кітап шығарды. Ғалым өзінің 15 жылға жуық іздестірген еңбегін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырды. Еңбектің тұсаукесері 2021 жылдың 9 желтоқсанында Брюссель қаласында өтті.

____

XV-XIX ğasırlardağy qazaq tarihınan syr şertetın sirek 130 kartaları engızılgen kıtabynyñ avtory Mūhit-Ardager Sıdıqnazarov pen “Otandastar qorı” QeAQ-nıñ prezidentı Abzal Saparbekūly kezdestı.

Kezdesu barısında ekı tarap basıp şığaryığan kıtap pen onıñ tarihın, tabılğan kartaları talqığa tüstı. Äñgıme barısında Abzal Saparbekūly tuyndynyñ tarihına täntı bolyp, kıtaptyñ jaryq köruımen qūttıqtady. Osy rette, ol M.Sydyqnazarovqa şyğarmaşılyq tabıs tılei otırıp, tarihi tuyndı men kartalardıñ tanıtıluy boiynşa bırlese jūmıs ısteu turaly uağdalastı.

Aita keteiık, Eurazia Ūlttıq Universitetınıñ zamanaui zertteuler institutınıñ direktorı Mūhit-Ardager Sydyqnazarov ötken jıldoñ qaraşa aiynda Brüsselde QR Sırtqı ıster ministrlıgınıñ qoldauımen qazaq memleketınıñ XV-XIX ğasırlardağı tabılğan 130 sirek kartalarymen kıtap şyğardy. Ğalym özınıñ 15 jılğa juyq ızdestırgen eñbegın Qazaqstan Täuelsızdıgınıñ 30 jyldığına orailastırdı. Eñbektıñ tūsaukeserı 2021 jıldıñ jeltoqsanında Brüssel qalasında öttı.