Get Mystery Box with random crypto!

AMANAT партиясы

Telegram арнасының логотипі nurotanchannel — AMANAT партиясы A
Telegram арнасының логотипі nurotanchannel — AMANAT партиясы
Арна мекенжайы: @nurotanchannel
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.98K
Арнадан сипаттама

Саяси және өзге де қызықты жаңалықтар // Интересное о политике и не только

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-12-30 13:46:14 ​​Nur Otan алаңында инвестициялық ахуал мәселелері қаралды

«Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында шетелдік инвестицияларды тартудың өзекті мәселелері қаралды.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская 30 жыл ішінде Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі және қарқынды дамып келе жатқан елге айналғанын, сондай-ақ, әлемнің 180 елімен өзара сауда жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Инвестициялар тарту және инвесторларды қолдау ұлттық басымдықтардың бірі ретінде белгіленген. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынын 30 млрд долларға жеткізу міндеті тұр. Салалар мен өңірлер бойынша бөлінген инвестиция көлемінің тиісті нысаналы индикаторы әзірленіп, белгіленді», – деді Ю.Кучинская.

Сыртқы істер вице-министрі Алмас Айдаровтың айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының 2021 жылы шетелдік инвестиция тарту жөніндегі көрсеткіші айтарлықтай деңгейде орындалған.

«Өткен жылмен салыстырғанда инвестициялар ағыны 30%-ке өскенін көріп отырмыз. Мәселен, Қостанай облысында ет өңдеу зауыты, Атырау облысында техникалық газдар өндірісі, түрлі өңірлерде жаңартылған энергия көздері бойынша 7 жоба пайдалануға берілді. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша шетелдіктердің қатысумен 19 инвестициялық келісімшарт жасалды», – деді вице-министр.

Ол сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде шетелдік кәсіпкерлер үшін Сыртқы істер министрлігі 171 инвестициялық ұсыныс дайындағанын, олардың көпшілігі агроөнеркәсіптік кешен мен металлургияға қатысты екенін айтты.

«Ірі инвесторлармен инвестициялар туралы келісімге қол қою кезінде кедендік баждардан және импортқа қосылған құн салығынан босату, түрлі салық жеңілдіктері, оның ішінде 10 жылға дейінгі мерзімге жер салығы мен корпоративтік табыс салығын, 8 жылға дейін мүлік салығын төлеуден босату сияқты шаралар көзделген», – деді Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ел көлемінде шетелдік инвестицияларды тартудың жеткілікті деңгейде жоғары көрсеткіштері болса да, өңірлердің белгіленген индикаторларға қол жеткізуінде елеулі сәйкессіздіктер байқалады. Мәселен, Қызылорда облысы өз жоспарын 2 есеге асыра орындаса, ал Қостанай облысы 6 айда жоспардың 100% жүзеге асырды. Әйтсе де, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары орындауда қатері бар аймақтар қатарында. Аталған өңірлер бойынша жоспарланған көрсеткіштер тиісінше 9,1%-ке және 7,5%-ке ғана орындалды.

Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов мақсатты көрсеткіштерді нақты жоспарлаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, өңірлердегі инвестицияға жауаптылардың жиі ауысуының жүйелі проблемаларына және бірқатар мамандардың құзыреттерінің төмен екеніне назар аударды.

Кеңестің тағы бір мүшесі, Мәжіліс депутаты Аманғали Бердалиннің пікірінше, инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігіне объективті баға беру үшін тек келген инвесторларға ғана емес, Қазақстан нарығынан кеткендерге де талдау жүргізу қажет.

Өз кезегінде Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева инвестициялық саясатты қалыптастыру кезінде шетелдік инвестор үшін артықшылықтарды ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік міндеттемелерін де ескеру қажет екенін атап өтті.

Кеңес мүшелері мен отырысқа қатысушылар инвестициялық саясатты одан әрі дамыту бойынша басқа да ұсыныстар айтты.

Атап айтқанда, белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Марат Шибұтов елдің инвестициялық тартымдылығына теріс әсер ететін мәселелерді, оның ішінде заңнаманың өзгергіштігін, бюджеттен тыс қорларға аударымдар жасау тәжірибесінің артқанын, қажетті инфрақұрылымның болмауын атап өтті.

Толығырақ: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯
94 viewsedited  10:46
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 10:44:59 ​​«Miras» кеңесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы қаралды

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің киелі жерлерін жаңғырту, тарих және мәдени ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу мәселелері, сондай-ақ Қазақстандағы көне қолжазбалар мен сирек кітаптар жай-күйі «Nur Otan» партиясы жанындағы «𝐌𝐢𝐫𝐚𝐬» республикалық қоғамдық кеңесінің онлайн форматта өткен кезекті отырысында талқыланды.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, тиісті министрліктер мен сала мамандары, зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар, Кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша негізгі баяндаманы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жасап, елімізде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша министрлік тарапынан атқарылған істерге кеңінен тоқталды.

«2021 жылы республикалық деңгейде жүргізілген жұмыстар Ботай қонысын, Берел қорғанын, Бозоқ, Бытығай, Есік, Рахат, Ақтерек, Жанкент, Қышқала қалашықтарын қамтыды. Ағымдағы жылы жүргізілген ғылыми археологиялық жұмыстардың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылыми кеңеске ұсынылған есептер оң қорытындыларға ие болды. Ғылыми жұмыстардың барысында айқындалған тың тарихи деректер Білім және ғылым министрлігі арқылы оқулықтарға, ғылыми айналымға енгізіледі», – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, республикалық музей-қорықтардың инфрақұрылымдарын жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен сақталуына, туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2025 жылға дейін республикалық музей-қорықтардың аумағында 8 визит-орталық салынатын болады. Сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен бірлесіп «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Номинация аясында Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан Сауран, Алтын Асар, Жанкент, Сығанақ, Отырар, Яссы (Түркістан) қалашықтарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланған.

Туризмді дамытуда көліктік инфрақұрылымның болуымен қатар, тарихи-мәдени мұраны тиімді пайдаланудың да маңызы зор деп есептейді Парламент Сенатының депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп.

«Туризмді дамытуға қатысты ел Президенті Қ.Тоқаевтың жақсы бір ұсынысы ескерусіз қалды. Мәселен, Түркістанды Өзбекстандағы туристік желілермен теміржол арқылы жалғау мәселесі. Самарқан, Бұқара, Ташкент қалаларында қазір теміржол желісі өте жақсы дамыған. Осы желіні Түркістанға жалғап, тұтас бір туристік кластер кешенін жалғау туралы жақсы бастама айтқан еді. Осы жағы қаперден шығып бара жатыр. Осы ескерілсе деймін», – деді сенатор.

Жиын барысында белгілі қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тек тарихи жерлермен шектемей, оған ауқымды көзқарас тұрғысынан қарауды алға тартты. Осы бағытта кейбір мәселелердің барын да жасырмады.

Халық қалаулысы сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің назарын өңірлерде қасиетті жерлермен айналысатын тиісті органдардың жоқтығына аударып, бұл істі бұрынғыдай табиғатты қорғау инспекциясына жүктеп, оны министрлікке қайта бағындырған жөн, сондай-ақ қасиетті, киелі жерлерге инвентаризация жасау қажет деген ұсынысын ортаға салды.

Тревел-блогер, азаматтық журналист Кеңес мүшесі Яков Федоров та Берік Әбдіғалиұлының ұсынысын қолдап, ең алдымен тарихи маңызы зор киелі жерлерге инвентаризация жүргізу қажеттігін айтты.

Басқосуды «Miras» қоғамдық кеңесінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан қорытындылап, жиында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді уәкілетті органның назарға алуын ұсынды.

Толығырақ: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯

@nurotanchannel
93 views07:44
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 10:24:33 ​​Итоги работы за год подвели в Совете по противодействию коррупции при партии Nur Otan

Казахстан стал 50-ым членом группы стран по борьбе с коррупцией «GRECO», позиция страны в рейтинге «Transparency International» выросла со 113 до 84 места. Об итогах года и предстоящих планах, говорили на заседании Республиканского общественного совета по противодействию коррупции при партии «Nur Otan».

Как сообщил секретарь Совета Даурен Бижуманов, оказание госуслуг по принципу «одного окна» увеличено до 96%, в электронном формате до 94%, внедрены 23 проактивные госуслуги, которые оказываются без заявления граждан, применение онлайн контрольно-кассовых машин увеличено по всей стране до 98%. Всего Советом было разработано более 180 рекомендаций для госорганов.

Кроме того, члены Совета обратили внимание на проведенную законотворческую работу по исполнению партийной программы по противодействию коррупции. Так, внесены изменения в Земельный кодекс в части оптимизации процедуры изменения целевого назначения земельного участка, внедрен единый электронный Реестр очередников на получение земельного участка для индивидуального жилищного строительства. Дополнительно, вступил в силу Административный процедурно-процессуальный кодекс, разработаны проекты законов «О местном самоуправлении» и «Об общественном контроле».

Вместе с тем, Д.Бижуманов акцентировал внимание на необходимости дальнейшего совершенствования противодействия коррупции.

«В целях усиления роли регионов в антикоррупционной политике, полагаем необходимым включить в карты стратегических показателей, национальных проектов и планы развития областей, городов республиканского значения, столицы индикатор «Уровень коррупции», – подчеркнул секретарь Совета.

В свою очередь председатель Совета, депутат Мажилиса Ерлан Саиров привел ряд конкретных кейсов, когда только после вмешательства партийцев решались проблемы граждан. К примеру, в Северо-Казахстанской области было возвращено в собственность государства 59 тысяч га неиспользуемых сельскохозяйственных угодий, которые предоставлены другим потенциальным землепользователям. В Шымкенте подключили к водоснабжению несколько жилых массивов, общий показатель обеспеченности качественной питьевой водой по городу составил 96%.

В этом году члены Совета провели проверку межведомственных комиссий при региональных акиматах по противодействию коррупции и проанализировали коррупционные риски.

Подробнее: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯

@nurotanchannel
82 viewsedited  07:24
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 10:20:51 ​​Nur Otan-ның Жемқорлыққа қарсы кеңесінде осы жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды

Қазақстан «GRECO» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттер тобының 50-ші мүшесі болды, елдің «Transparency International» рейтингіндегі позициясы 113-тен 84-ке дейін өсті. Жыл қорытындысы және алдағы жоспарлар туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республиалық қоғамдық кеңесте айтылды.

Кеңес хатшысы Дәурен Бижұманов мәлімдегендей, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 96%-ке, электрондық форматта 94%-ке дейін артқан, 23 проактивті мемлекеттік қызмет енгізілген, олар азаматтардың өтінішінсіз көрсетіледі. Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану ел көлемінде 98%-ке дейін артқан. Кеңес мемлекеттік органдар үшін барлығы 180-нен астам ұсыныс әзірлеген.

Бұдан бөлек, Кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша партиялық бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа назар аударды. Мәселен, Жер кодексіне жер учаскесінің нысаналық мақсатын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру бөлігінде өзгерістер енгізілген, Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арналған кезекте тұрушылардың бірыңғай электронды тізілімі енгізілді. Қосымша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді, «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» және «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобалары әзірленді.

Д.Бижұманов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру қажеттігіне назар аударды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлін күшейту мақсатында стратегиялық көрсеткіштер картасына, ұлттық жоспарларға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларына «Сыбайлас жемқорлық деңгейі» индикаторын енгізу қажет деп санаймыз», – деп атап көрсетті Кеңес хатшысы.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өз кезегінде партиялықтар араласқаннан кейін ғана азаматтардың мәселелері шешімін тапқан бірқатар нақты кейсті келтірді. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмай тұрған 59 мың га ауыл шаруашылық жері мемлекет меншігіне қайтарылып, басқа әлеуетті жер пайдаланушыға берілген. Шымкентте бірнеше тұрғын үй алабы су көзіне қосылған. Қала бойынша сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 96% болды.

Биыл Кеңес мүшелері өңірлік әкімдіктер жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомоствоаралық комиссияларға тексеру жүргізіп, сыбайлас жемқорлық қатерлерін талдады.

Толығырақ: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯

@nurotanchannel
82 viewsedited  07:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 10:02:19 ​​Госорганы исполнили свыше 7 тысяч рекомендаций Комитета и комиссий партийного контроля Nur Otan

В Комитете партийного контроля «Nur Otan» подвели итоги работы за уходящий год.

В этом году региональными и территориальными органами партийного контроля было рассмотрено свыше 1300 обращений граждан, организовано более 300 встреч с представителями государственных органов и НПО, а также порядка 800 «круглых столов». Вместе с тем, в течение года члены Комитета и комиссий партконтроля провели почти 1500 встреч с трудовыми коллективами, общественниками, а также более 4 тысяч рейдов (выездных проверок).

Так, некоторые из озвученных гражданами проблем были решены только после вмешательства нуротановцев: завершен ремонт теплосети в микрорайоне «Батыс - 2» города Актобе, подключены к водопроводу жилые дома в поселке Нура Талгарского района и отремонтирована дорога в селе Екпинды Илийского района Алматинской области, в Казыгуртском районе Туркестанской области выплачены долги по заработной плате сотрудникам детского сада, в селе Талапкер Целиноградского района Акмолинской области ликвидирована стихийная свалка.

Как отметил председатель Комитета, депутат Мажилиса Артур Платонов, по всем выявленным фактам нарушений со стороны центральных и местных государственных органов применялись меры партийного реагирования, а допустивших их членов партии привлекали к ответственности.

«По рекомендации региональных комиссий к партийной ответственности привлечен 261 член партии. За нарушения Кодекса этики «Nur Otan» – 159 членов партии. Продолжается «чистка» рядов партии», – заявил А.Платонов.

В течение года члены Комитета рассматривали многие темы, волнующие казахстанцев, среди которых вопросы жилищно-коммунального хозяйства. Теперь наиболее проблемные объекты ЖКХ закреплены за конкретными членами комиссий партийного контроля и депутатами маслихатов от партии «Nur Otan». Не без участия Комитета партконтроля Минздрав увеличил темпы и объемы вакцинации населения и ускорил ввод в эксплуатацию завода по выпуску отечественной вакцины «QazVac» в Жамбылской области. Также для мониторинга за качеством жилищного строительства в режиме реального времени уже с 1 января 2022 года будет запущена информационная система «Е-Qurylys».

По словам А.Платонова, это и многое другое стало возможным благодаря такому эффективному инструменту как рекомендации органов партийного контроля. Если в 2020 году было исполнено 5899 рекомендаций, то в нынешнем – 7156.

«В среднем процент исполненных рекомендаций КПК по отношению к их общему количеству вырос на 2% и составляет 85,5%. При этом необходимо отметить, что это произошло не только из-за общего увеличения рассматриваемых вопросов и принимаемых решений, но и за счет значительного повышения эффективности контроля исполнения решений», – резюмировал председатель Комитета.

@nurotanchannel
93 views07:02
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 09:58:29 ​​Nur Otan партиялық бақылау органдарының 7 мыңнан астам ұсынымы орындалды

«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитеті биыл атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Биыл өңірлік және аумақтық партиялық бақылау органдары азаматтардың 1300-ден астам өтінішін қарап, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен 300-ден астам кездесу өткізді. Сондай-ақ 800-ге жуық «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырды. Сонымен қатар, бір жыл ішінде Комитет пен партиялық бақылау комиссияларының мүшелері еңбек ұжымы мен қоғам өкілдерімен 1500-ге жуық кездесу, сондай-ақ 4 мыңнан астам рейд жүргізді.

Келесі бірқатар мәселелер нұротандықтардың араласуынан кейін ғана шешімін тапқан. Атап айтсақ, Ақтөбе қаласының «Батыс – 2» шағын ауданында жылу желісін жөндеу жұмыстары аяқталды; Талғар ауданының Нұра кентіндегі тұрғын үйлер су құбырына қосылды және Алматы облысы Іле ауданының Екпінді ауылындағы жол жөнделді; Түркістан облысының Қазығұрт ауданында балабақша қызметкерлеріне жалақылары бойынша қарыз төленді, сондай-ақ, Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер ауылында стихиялық қоқыс орны жойылды.

Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Артур Платонов атап өткендей, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан анықталған тәртіп бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша партиялық шара қолданылды. Ал оған жол берген партия мүшелері жауапкершілікке тартылды.

«Өңірлік комиссиялардың ұсынысы бойынша партияның 261 мүшесі партиялық жауапкершілікке тартылса, ал «Nur Otan» Әдеп кодексін бұзғаны үшін – 159 партия мүшесі жауапқа тартылды. Партия қатарын «тазарту» одан әрі жалғасуда. Мәселен, биыл Жарғы талаптарын сақтамағаны, партиямен байланысын үзгені және басқа да заң бұзушылықтар үшін партиядан 41 мыңнан астам адам шығарылды.», – деді А.Платонов.

Жыл бойы Комитет мүшелері қазақстандықтарды толғандыратын көптеген жәйттарды, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін қарады. Енді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіндегі ең проблемалық нысандардың жұмысына партиялық бақылау комиссияларының нақты бір мүшесі мен «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаттары бекітілді. Денсаулық сақтау министрлігі Партиялық бақылау комитетінің араласуынсыз халықты вакцинациялау қарқыны мен көлемін ұлғайтты және Жамбыл облысында «QazVac» отандық вакцинасын шығаратын зауытты пайдалануға беруді жеделдетті. Сондай-ақ, нақты уақыт режимінде тұрғын үй құрылысының сапасына мониторинг жүргізу үшін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Е-Qurylys» ақпараттық жүйесі іске қосылады.

А.Платоновтың айтуынша, бұл партиялық бақылау органдарының ұсыныстары сияқты тиімді құралдың арқасында мүмкін болып отыр. 2020 жылы 5899 ұсыныс орындалса, ал биыл – 7156 орындалған.

«Партиялық бақылу комитетінің орындалған ұсынымдарының орындалуы жалпы санына шаққанандағы орташа үлесі 2%-ке өсіп, 85,5%-ті құрады. Бұл ретте мұның қаралатын мәселелер мен қабылданатын шешімдердің жалпы ұлғаюынан ғана емес, шешімдердің орындалуын бақылаудың тиімділігін едәуір арттыру есебінен болғанын атап өту қажет», – деп түйіндеді Комитет төрағасы.

@nurotanchannel
110 viewsedited  06:58
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 07:39:40 ​​В Nur Otan озвучили ряд инициатив по поддержке семей, переезжающих с юга на север

Актуальные вопросы реализации Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» обсудили на очередном заседании Республиканского общественного совета по поддержке занятости и социально-уязвимых слоев населения при партии «Nur Otan».

Как сообщил вице-министр труда и социальной защиты населения Ержан Биржанов, с 2017 года и по настоящее время из трудоизбыточных в трудодефицитные регионы страны переселено 9,1 тысяч семей, трудоустроено 10,9 тысяч граждан.

«Для обеспечения жильем переселенцев реализуется механизм предоставления арендного жилья с правом выкупа. В Северо-Казахстанской области в 2019-2020 гг. было приобретено 1 003 дома, в 2020 в Павлодарской области 307 квартир», – сказал вице-министр.

Однако председатель Совета, депутат Мажилиса Елнур Бейсенбаев обратил внимание на многочисленные жалобы граждан по поводу качества этого жилья, отметив, что местным исполнительным органам необходимо ответственнее подходить к этому вопросу.

К примеру, в период с января по октябрь текущего года из Туркестанской области в северные регионы переселилось 417 семей или порядка 2 тысяч человек. Как считает первый заместитель председателя Туркестанского областного филиала «Nur Otan» Бейсенбай Тажибаев, данные цифры могли бы быть намного больше. Так, он выдвинул ряд инициатив для стимулирования внутренней миграции.

«Необходимо открыть прямую линию для координации внутренней миграции, создать сайт и собрать все данные в одну базу, чтобы все сведения были максимально доступны. По возможности в густонаселенных районах нашей области акиматы северных регионов должны открыть свои представительства в виде фронт-офисов. Это не только ускорит сам процесс переезда, но и значительно облегчит его для будущих переселенцев», – заявил Бейсенбай Тажибаев.

Поскольку подавляющее большинство переселенцев хотят работать в сельском хозяйстве, нуротановцы также предложили разработать для них льготные кредиты под 1-2%.

Члены Совета также рассмотрели ход реализации предвыборных обещаний «Nur Otan» в трудовой сфере. Так, в текущем году свыше 730 тысяч человек стали участниками программы «Еңбек», число выпускников проекта «Бастау бизнес» перевалило за 33 тысячи, свыше 5 тысяч безработных граждан прошли краткосрочные курсы посредством Электронной биржи труда enbek.kz.

«Несмотря на пандемию, уровень безработицы в стране составляет 4,9%. Уже разработан пакет поправок в законодательство по упрощению порядка разрешения трудовых споров и конфликтов. Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем Послании объявил о повышении минимальной заработной платы с 42,5 до 60 тысяч тенге с 1 января следующего года, что также коррелируется с предвыборной программой партии», – отметил председатель Совета.

@nurotanchannel
141 views04:39
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 07:36:56 ​​Nur Otan-да оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушы отбасыларды қолдау бойынша бірқатар бастамалар айтылды

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың өзекті мәселелері «Nur Otan» партиясы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мице-министрі Ержан Біржанов мәлімдегендей, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін еліміздің еңбек күші артық өңірінен еңбек күші тапшы аймағына 9,1 мың отбасы қоныс аударып, 10,9 мың азамат жұмысқа орналастырылған.

«Қоныс аударушыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін кейін сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй ұсыну тетігі іске асырылуда. Солтүстік Қазақстан облысында 2019-2020 жылдары 1 003 үй, 2020 жылы Павлодар облысында 307 пәтер сатып алынды», – деді вице-министр.

Алайда, Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев аталған тұрғын үйлердің сапасына қатысты азаматтардан көп шағым түсіп жатқанына назар аудартып, жергілікті атқарушы органдар бұл мәселеге жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.

Мысалы, биылғы қаңтардан қазан айына дейін Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге 417 отбасы немесе 2 мыңдай адам көшіп барған. «Nur Otan»-ның Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл сан бұдан да көп болуы мүмкін еді деп есептейді. Ол ішкі көші-қонды ынталандыру үшін бірқатар ұсынысты ортаға салды.

«Ішкі көші-қонды үйлестіріп отыру үшін тікелей желі ашу қажет. Сайт ашып, мәліметтердің барлығы барынша қолжетімді болуы үшін барлық деректі бір базаға жинақтаған жөн. Мүмкіндігіне қарай солтүстік өңірлердің әкімдіктері біздің облыстың халық тығыз қоныстанған аудандарынан фронт-офис түрінде өз өкілдіктерін ашуы тиіс. Бұл тек қоныс аудару процесін жеделдетіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ қоныс аударушылар үшін де едәуір жеңілдік туғызады», – деп мәлімдеді Бейсенбай Тәжібаев.

Қоныс аударушылардың басым бөлігі ауыл шаруашылығында жұмыс істегісі келетіндіктен, нұротандықтар олар үшін 1-2%-пен жеңілдетілген несие әзірлеуді ұсынды.

Кеңес мүшелері «Nur Otan»-ның еңбек саласындағы сайлауалды уәделерінің орындалу барысын да қарастырды. Биылғы жылы 730 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болған, «Бастау бизнес» жобасын бітірушілер саны 33 мыңнан асқан. 5 мыңнан астам жұмыссыз азамат enbek.kz Электронды еңбек биржасы арқылы қысқа мерзімді курстардан өткен.

«Пандемияға қарамастан, елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ті құрайды. Еңбек даулары мен шиеліністерін шешу тәртібін оңтайландыру бойынша заңнамаға түзетулер пакеті әзірленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42,5-тен 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы мәлімдеді. Бұл да партияның сайлауалды бағдарламасымен ұштасып отыр», – деп атап көрсетті Кеңес төрағасы.

@nurotanchannel
121 viewsedited  04:36
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 09:26:27 ​​На площадке «Nur Otan» рассмотрели вопросы оказания электронных госуслуг

Цифровизация деятельности государственных органов и качество услуг, оказываемых гражданам в онлайн-формате, рассмотрели на очередном заседании Республиканского общественного совета по развитию гражданского общества и государственного управления при партии «Nur Otan».

В ходе встречи вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Асет Турысов рассказал о ходе реализации некоторых пунктов предвыборной программы партии.

«По двум пунктам годовой план перевыполнен, в частности, возможность получения гражданами всех государственных услуг из одного окна доведена до 96 вместо 92%, переориентация ЦОНов на онлайн-консультации граждан до 22 вместо 20% соответственно. В целом на сегодня 92% государственных услуг оказываются в электронном виде. Повсеместно внедряется информационная система «e-Otinish», позволяющая гражданам направлять свои обращения в государственные органы в электронном виде. Кроме того, в социальной сфере реализовано 14 видов выплат в проактивном формате. К примеру, не выходя из дома граждане могут посредством SMS сообщения оформить свидетельство о рождении», - отметил вице-министр.

По его словам, еще одним новшеством является услуга «цифровые документы» в мобильном приложении «еGov mobile», позволяющая гражданам предоставлять цифровые документы вместо их бумажных аналогов.

Вместе с тем, члены совета подчеркнули, что сфера госуслуг наиболее подвержена критике населения. Казахстанцы часами стоят в длинных очередях, что нередко приводит к различным конфликтам.

«Необходимо изменить отношение всех государственных органов к предоставлению услуг в электронном виде, ведь эффективность их информационных систем оставляет желать лучшего. Сегодня в госсекторе функционирует 400 информсистем, базы данных у всех обширные, а качество низкое. Из-за ручного ввода информации было допущено много ошибок, и потому здесь необходим целостный структурный подход», – сказала член совета Майра Айсина.

В ходе заседания было отмечено, что большинство недоработок, таких как несоблюдение установленных сроков оказания услуг, просрочки и отказы, также происходят по вине государственных органов. В прошлом году показатель просрочек оказания услуг министерствами внутренних дел, труда, образования, индустрии и рядом местных исполнительных органов составил 99,2%. Причем несоблюдение установленных сроков оказания услуг было связано в основном с техническими сбоями. В прошлом году в информационных системах 9 госорганов произошел сбой продолжительностью 243 часа. Показатель отказов в предоставлении услуг также превышает 90%.

По итогам заседания Советом был выработан ряд рекомендаций, среди которых улучшение социального обеспечения работников отрасли, решение проблемы дефицита кадров, повышение ответственности государственных органов и другое.

Подробнее: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯

@nurotanchannel
107 views06:26
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 09:23:45 ​​«Nur Otan» алаңында мемлекеттік органдардың электронды қызмет көрсету мәселелері қаралды

Мемлекеттік органдардың қызметтерін цифрландыру және азаматтарға көрсетілетін онлайн форматтағы қызметтер мәселесі «Nur Otan» партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында қаралды.

Жиын барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Жол картасында 2021 жылға көзделген негізгі 4 көрсеткіш бойынша барлық іс-шараның жүзеге асқанын алға тартты. Тіпті, кейбір индикаторлар асыра орындалған.

«Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 92%-ы электронды түрде көрсетілді. Азаматтардың электрондық қызметтерді өз бетінше алу көрсеткіші 2018 жылғы 31 миллионнан 2021 жылы 63 миллионға дейін өсті. ХҚКО, egov, egov mobile және банктердің қосымшалары арқылы да мемлекеттік қызметтер көрсету арналарын ұлғайту жұмысы жүргізілуде. Азаматтардың барлық мемлекеттік қызметтерді бір терезеден алу мүмкіндігін қамтамасыз ету осы жылы 92%-ға, ХҚКО-ын азаматтарға онлайн-кеңес беруге қайта бағдарлау 20%-ға орындау көзделсе, бұл жоспар сәйкесінше 96 және 22%-ға артығымен орындалды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, азаматтарға мемлекеттік органдарға өз өтініштерін электронды түрде жолдауға мүмкіндік беретін «e-Otinish» ақпараттық жүйесі қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдарда енгізіліп, тәжірибеден өткізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік салада төлемдердің 14 түрі проактивті форматта іске асырылды. Мәселен, тууды тіркеу бойынша қызмет 3 жылдан бері проактивті түрде көрсетіледі. Яғни, азаматтар үйден шықпай-ақ SMS хабарлама арқылы туу туралы куәлікті рәсімдей алады. Жыл соңына дейін жерлеуге арналған біржолғы төлемді де проактивті тағайындауды іске асыру көзделіп отыр.

Саладағы жаңалықтардың бірі – «еgov mobile» мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» қызметі. Бұл қызмет азаматтарға қағаз жүзіндегі баламасының орнына сандық құжаттарды ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрлық құжаттарды пайдаланушылар саны – 5 985 431.
Кеңес мүшесі Майра Айсина жыл сайын 20 миллионға дейін қызмет көрсететін аталған сала халықтың талқысы мен сынына ең көп ұшырайтынын алға тартты. Ол мәселесін шешу үшін тұрғындардың әлі де талай мекеменің табалдырығын тоздырып, ұзынсонар кезекте тұратынын, мұның соңы түрлі жанжалға ұласып жататынын жасырмады.

«Бұл проблеманы шешу Цифрлық даму министрлігінің құзырына кіретін қызмет көрсету саласын ғана тұрақты дамытумен шектелмегені жөн. Ең бастысы, қызметтерді электронды түрде ұсынуға қатысты барлық мемлекеттік органдардың қарым-қатынасын өзгерту қажет. Өйткені олардың ақпараттық жүйелерінің тиімділігі көңіл көншітпейді. Бүгінде мемлекеттік секторда 400 ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Әрқайсының дерек базасы үлкен. Бірақ сапасы өте төмен. Деректерді қолмен енгізуге байланысты көптеген қате жіберілген және жүйелердің көпшілігі сол деректерді қайталайды. Сондықтан бұл жерде біртұтас құрылымдық тәсіл қажет. Әрине, бүгінде ол бар, бірақ мемлекеттік органдар тарапынан мүдделілік жоқ», - деді М.Айсина.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметкерлері жалақысының төмендігі, олардың түрлі әлеуметтік бағдарламалардың игілігін көре алмай отырғанын алға тартып, вице-министрден осы бағытта ведомстваның қолға алған істері туралы сұрады. Цифрлық даму вице-министрі Әсет Тұрысов министрлік қызметкерлерді ынталандыру үшін жұмысын жақсы атқарғандарды қаржылай көтермелеу шараларын жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Матрица.кz» медиа-тобының жетекшісі Серік Мәмбетов электронды қызметтер туралы жұртшылықты кеңінен хабардар ету туралы ұсынысын айтты. Себебі, көптеген мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болатынын екінің бірі біле бермейді.

Жиын соңында сала қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру, кадр тапшылығы мәселесін шешу, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және жоғары стандарттарға сай қызмет көрсету бағыттарында Цифрлық даму министрлігіне өз ұсыныстарың жолдау ұсынылды.

Толығырақ: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯

@nurotanchannel
107 views06:23
Ашу / Түсініктеме