Get Mystery Box with random crypto!

AMANAT партиясы

Telegram арнасының логотипі nurotanchannel — AMANAT партиясы A
Telegram арнасының логотипі nurotanchannel — AMANAT партиясы
Арна мекенжайы: @nurotanchannel
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.98K
Арнадан сипаттама

Саяси және өзге де қызықты жаңалықтар // Интересное о политике и не только

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2021-12-13 08:08:30 ​​«Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты ақындар айтысы мәресіне жетті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Екі күнге созылған жыр аламаны «Nur Otan» партиясының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

Елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында суырып салма ақындардың 11 жұбы екі күн бойы айтыссүйер қауымды өрелі өнері, өрнекті сөздерімен сусындатты. Олар Тәуелсiз Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетiстiктерiн, Елбасы саясатының арқасында берекесі артып, бірлігі жарасқан елдегі ауызбіршілік пен саяси тұрақтылықты, Тәуелсіздік жолында жан аямай күрескен тұлғалар туралы жырлады. Арасында әдемі әзіл мен жарасымды қалжың да айтылды.

Ақындардың өнеріне көрнекті өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы баға берді. Сондай-ақ, қазылар құрамында айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев және өзге де өнер, қоғам қайраткерлері болды. Аламанды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтыстың шырақшысы атанған Жүрсін Ерман ата-бабаларымыздан мирас болып жеткен төл өнерімізге қолдау білдіріп келе жатқан «Nur Otan» партиясына алғысын жеткізді.

«Қазақтың бекзат өнері айтысты «Nur Otan» партиясы қанатының астына алғалы 3 жылдан асты. Еркіндікті, кеңдікті, қуатты қолдауды сезініп жатырмыз. Сондықтан, осы айтысқа қолдау білдіріп отырған еліміздің бас партиясына ақындардың атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Ж. Ерман.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен мерекелік айтыста ақындардың ешқайысы да жүлдесіз қалмады. Ынталандыру сыйлығына Арғынбек Қалбаев, Төлеген Жаманов, Бауыржан Ширмедин, Нұрзат Қару, Рауан Қайдаров, Қалижан Бірдәш ие болды. Қазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімовтің ұсынысымен тағайындалған арнайы жүлде Бөкен Жігерге берілді. Үшінші орынға екі ақын лайық деп танылса, оны Рүстем Қайыртай мен Жансая Мусина еншіледі. Екінші орынға Мейірбек Сұлтанхан ие болды. Бірінші орын мен «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісі Еркебұлан Қайназаровқа берілді. Ал бас жүлде – «Алтын домбыра» және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағайындаған темір тұлпар жыр аламанында шашасына шаң жұқтырмаған Бекарыс Шойбековке бұйырды.

Дүбірлі доданың бас жүлдесін тапсырған «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұлттық өнерімізді ұлықтауға атсалысып жүрген азаматтарға және жыр бәйгесінің аламанына қатысқан барша ақындарға ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Сондай-ақ, ол кіл мықтылар жиналған аламанда нағыз жүйрікті анықтау қазылар алқасына оңай болмағанын айта келе, інілік ізетпен ағасына жол берген түркістандық ақын Еркебұлан Қайназаровқа ризашылығын білдірді.

«Соңғы жылдары Елбасының тапсырмасы бойынша Түркістан шын мәнінде Түркі әлемінің рухани орталығы ретінде дамып келе жатқанын білесіздер. Қаншама құрылыс жүргізілген киелі шаһар бүгінде қайта түлеп жатыр. Осы жолы «Алтын домбыраның» иесі – Бекарыс Шойбеков. Енді «Алтын домбыра» да Түркістанға кетеді. Түркістан жұртын құттықтаймыз! Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгілік болсын!», – деді Б.Байбек.

Толығырақ: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯

@nurotanchannel
106 viewsedited  05:08
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 15:25:33
168 views12:25
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 15:25:20 «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты ақындар айтысы басталды

Елордада «Nur Otan» партиясының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Екі күнге созылатын аламан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр.

Дүбірлі думанда сөз алған «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ел Тәуелсіздігінің мән-маңызы мен ұлт мәдениетін өркендетудегі ықпалына кеңінен тоқталды.

«Біз қысқа уақытта ғасырға татитын жолды жүріп өттік. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қол жеткен табыстарымыз орасан. Ең бастысы, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігімізді орнықты еттік. Мемлекеттілікті баянды етер ауқымды істер жолға қойылды.
Айтыстың ұлттық өнер ретінде сақталуы, руханиятымызға еркін жол ашылуы да – Тәуелсіздіктің арқасы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы уақытында «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деп атап көрсетіп, өркениетті ұлт өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқа елдерге танылатынын айтты. Тәуелсіздік алған сәттен бастап ұлт мәдениетіне ұдайы қамқорлық танытып, мемлекеттік қолдау көрсетті. Арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасын ұсынып, оның аясында қаншама құнды жәдігерлер, жазба деректер жинақталып, рухани қазынамызды байытты, көптеген мәдени ошақтар жаңғыртылды. Елбасының бұл ауқымды жобасы кейіннен «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламаларына ұласқанын Өздеріңіз жақсы білесіздер. Жақында Елбасымыз «Елдіктің 7 тұғыры» атты қағидаттар жинағын жариялады. 30 жылдық дамуды қорытындылаған, келер ұрпаққа аманат ретінде айтылған бұл Жеті тұғыр – «Мәңгілік Ел» болуға бастайтын нақты қағидаттар»,
– деді Б.Байбек.

Сондай-ақ ол «Nur Otan» партиясының Саяси тұғырнамасында «қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту – стратегиялық басымдығы» екендігі нақты көрсетілгенін алға тартты. Соның аясында партия ұлттық мәдениетке, өнерге, оның ішінде айтысқа басымдық беріп, ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Ұлттық құндылықтар бағытындағы іс-шаралар «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында топтастырылып, жүйелендірілген. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында биылдың өзінде 200-ге жуық мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері «Nur Otan»-ның қолдауымен елімізде 49 ақындар айтысы өтті.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік тарапынан ұлттық өнерді қолдау бағытында атқарылып жатқан іргелі істер мен болашақ жобалары туралы айтты.

Өз кезегінде, биыл мерейлі жетпіс жасқа толып, айтыстың абызы атанған Жүрсін Ерман ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл аламанның бұрынғы айтыстан жөні бөлек екенін жеткізді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған аламан айтыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген 22 айтыскер ақын өзара сайысқа түсуде. Олардың арасында халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпаздары, «Алтын домбыра» иегерлері Бекарыс Шойбеков, Рүстем Қайыртай, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, сонымен қатар айтыс ақтаңгерлері Еркебұлан Қайназаров, Серік Қуанған, Шұғайып Сезімхан және т.б. бар. Додада топ жарып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан» жеңімпаздар ертеңгі ақтық сайыста анықталатын болады.

Аталған дүбірлі доданың әділқазылар алқасына көрнекті өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Асанәлі Әшімов төрағалық етеді. Сондай-ақ қазылар құрамында айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев және өзге де өнер, қоғам қайраткерлері бар.

Толығырақ: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯

@nurotanchannel
171 viewsedited  12:25
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 16:45:13 ​​Определены победители конкурса среди молодых писателей и поэтов «Ұлы дала»

В Центральном аппарате партии «Nur Otan» состоялось торжественное награждение победителей республиканского творческого конкурса среди молодых писателей и поэтов «Ұлы дала», приуроченного к 30-летию Независимости и организованного совместно с Союзом писателей в рамках подписанного ранее меморандума о сотрудничестве.

Награждая победителей, первый заместитель Председателя партии «Nur Otan» Бауыржан Байбек подчеркнул, что данный конкурс имеет особое значение, так как направлен на поддержку произведений современных казахстанских авторов, отражающих идеи и ценности духовной модернизации общества и достижений страны за первые 30 лет Независимости.

«Подводя итоги 30-летнего развития страны, Елбасы, Лидер партии Нурсултан Абишевич Назарбаев не случайно назвал национальную культуру – духовной опорой народа, определив ориентир для молодого поколения в своде принципов «Семь столпов государственности». Процветание любого государства зависит от духовно-культурного уровня его общества, поэтому партия «Nur Otan» всесторонне и на системной основе поддерживает казахское искусство и культуру», - сказал Б.Байбек.

По словам председателя конкурсной комиссии, писателя Алибека Аскара, в целом для участия в конкурсе по пяти номинациям было подано порядка 400 заявок. Из них было отобрано 287 произведений, соответствовавших требованиям.

«Комиссией была проделана большая работа, осложнявшаяся тем, что поступило очень много сильных произведений в номинациях «Проза» и «Поэзия». Поэтому было принято решение учредить по два специальных приза в этих номинациях. Конечно, радуют старания ребят, которые знают толк в литературе», - сообщил А.Аскар.

В свою очередь победивший в номинации «Поэзия» редактор Жамбылской областной газеты «AR-AI» Нуржан Кадырали поблагодарил организаторов конкурса, отметив его актуальность.

«Для нас, рожденных в суверенной стране, Независимость уважаема как мать, почитаема как отец и горячо любима, как брат. Это праздник не одного дня, мыслью о Независимости мы должны руководствоваться в каждодневных поступках», - сказал Н. Кадирали.

В этой же номинации второе место занял преподаватель средней школы села Коккайнар Алматинской области Толеген Меллат, третьим стал главный редактор газеты «Аягөз жаңалықтары» Ермек Дайырбаев из ВКО. Специальные призы получили журналисты газеты «Орал өңірі» Марлен Гилымханов из ЗКО и газеты «Egemen Qazaqstan» Рауан Кабидолдин.

В номинации «Проза» первого места удостоился писатель Канат Абилкаир, вторым стал IT-специалист Меиржан Жылкыбаев, третьим – писатель Арман Адильбеков. Специальные призы были вручены преподавателям ЕНУ имени Л.Н.Гумилева Алмазу Мырзахметову и Университета иностранных языков и деловой карьеры Эльмире Назировой.

В номинации «Сочинение для детей» лучшим стал сотрудник телеканала «Abai TV» Олжас Касымов, вторым – журналист газеты «Қазақ университеті» Нурбек Нуржанулы, третьим – заведующий отделом газеты «Egemen Qazaqstan» Мирас Асан.

В номинации «Сценарий художественного фильма и телесериала» были определены обладатели второго и третьего места. Ими стали учитель столичной школы-лицея №53 Жаксылык Муратбек и сценарист Зауре Торехан соответственно.

В номинации «Драматургия» наградой было отмечено только одно произведение. Так, приз за третье место получила воспитатель детского сада из города Уральск Айтолкын Балмулдина.

Подробнее:𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳

@nurotanchannel
106 views13:45
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 16:39:07 ​​Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған «Ұлы дала» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы арасында осыған дейін қабылданған Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараны ашқан «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәуелсіздіктің 30 жылындағы еліміздің жетістіктерін зерделеуге, сол арқылы жас қаламгерлерге жол ашуға бағытталған «Ұлы дала» байқауының маңызы ерекше екенін атап өтті.

«30-жылдық дамуды жеті ауыз сөзбен түйіндеп, жас ұрпаққа «Елдіктің жеті тұғырын» анықтап берген Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» деп атап көрсетуі тегін емес. Кез келген мемлекеттің өркендеуі – сол қоғамның рухани-мәдени деңгейіне байланысты. Елбасы айтқандай, біз әлемдегі 200-ге тарта ұлтты тек ұлттық мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, руханиятымызбен ғана таңқалдыра аламыз. Осы орайда «Nur Otan» партиясы қазақтың өнері мен мәдениетін барынша қолдап, жан-жақты қамқорлық жасап келеді», - деді Б. Байбек.

«Ұлы дала» байқауына 2021 жылғы 1 қазан мен 30 қараша аралығында еліміздің түкпір-түкпіріндегі 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлерден бас-аяғы 400-ге тарта шығарма келіп түсті. Оның ішінде Ереже талаптарына сай деп танылған 287 шығарма іріктеліп, aikyn.kz сайтында жарияланды.

Байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценариі», «Балаларға арналған шығарма» атты бес аталым бойынша барлығы 16 жүлделі орын иегерін анықтады.

Байқау комиссиясының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асқар 287 шығарманың 173-ші – поэзия, 52-сі – проза, 43-і – балаларға арналған шығарма, 10-ы – драматургия, 9-ы – көркем фильм мен телесериал сценариі жанры бойынша жазылғанын айтты.

«Проза» номинациясы бойынша бірінші орынды – жазушы Қанат Әбілқайыр, екінші орынды – IT маман, медиасауат және киберқауіпсіздік бойынша медиатренер Мейіржан Жылқыбай, үшінші орынды – ақын, аудармашы, жазушы Арман Әділбек иеленді. Осы номинациядағы Оралхан Бөкей атындағы арнайы сыйлық Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқытушысы Алмаз Мырзахметке бұйырса, Бердібек Соқпақбаев атындағы арнайы сыйлықты Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің мұғалімі Эльмира Назирова жеңіп алды.

«Поэзия» номинациясында бірінші орынға Жамбыл облыстық «AR-AI» газетінің «Мәдениет және әлеумет» бөлімінің редакторы Нұржан Қадірәлі, екінші орынға Алматы облысының Көкқайнар ауылындағы №44 орта мектептің мұғалімі Төлеген Меллат, үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз жаңалықтары» аудандық газетінің бас редакторы Ермек Дайырбаев лайықты деп танылды. М.Мақатаев атындағы арнайы сыйлықты «Орал өңірі» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Марлен Ғилымхан, ал Ж.Жабаев атындағы арнайы сыйлықты Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Рауан Қабидолдин иеленді.

«Драматургия» номинациясында үшінші орынға Орал қаласының Мичурин мектебі балабақша-бөбекжай кешенінің мұғалімі Айтолқын Балмулдина лайықты деп танылды.

«Көркем фильм мен телесериал сценариі» номинациясы бойынша екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейдің мұғалімі Жақсылық Мұратбек иеленсе, үшінші орынды жазушы, сценарист Зәуре Төрехан жеңіп алды.

«Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша бірінші орын – «Abai TV» телеарнасының қызметкері Олжас Қасымға, екінші орын – Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің «Қазақ университеті» газетінің тілшісі Нұрбек Нұржанұлына, үшінші орын «Egemen Qazaqstan» газетінің бөлім меңгерушісі Мирас Асанға бұйырды.

Толығырақ: 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳

@nurotanchannel
98 views13:39
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 09:40:29 ​​Подходы в повышении состязательности и равноправия сторон в уголовном процессе обсудили в Nur Otan

На площадке Правового совета при партии «Nur Otan» были обсуждены концептуальные вопросы повышения состязательности и равноправия сторон в уголовном процессе и усиления гарантии защиты прав его участников.

В ходе заседания были подняты вопросы снижения обвинительного уклона в уголовном процессе, расширения доступа к правосудию, предания обвиняемых суду, доказывания, повышения уровня ответственности судьи, прокурора и адвоката.

Так, председатель Совета, депутат Мажилиса Назиля Раззак отметила, что в Послании народу Казахстана от 1 сентября 2020 года Глава государства обозначил важные критерии правового государства – это беспристрастное и справедливое правосудие. Для этого необходимо обеспечить равенство адвоката и прокурора. При этом суд должен быть состязательным, а судья свободным от стороны обвинения.

О необходимости развития состязательности в судебных разбирательствах высказался заместитель руководителя департамента по обеспечению деятельности судов Верховного суда Асылбек Мусралинов.

«Главное судебное разбирательство осталось таким же, каким было в советские времена. Поэтому суды и критикуют, что до сих пор не изжита обвинительная парадигма. Сейчас в суд заходят сразу все материалы. Прочитав их, судье проще согласиться со следствием и прокурором, не утруждая себя скрупулезным изучением доказательств и улик. Поэтому мы говорим, что в суд должны поступать только акт обвинения прокурора и акт защиты адвоката. Непосредственно в зале суда каждая сторона будет публично доказывать, что именно её аргументы более убедительные. Это будет сохранять непредвзятость и беспристрастность судей», – сказал А. Мусралинов.

В свою очередь директор института парламентаризма Мансурхан Махамбетов обратил внимание Совета на существующее неравенство сторон обвинения и защиты. Так, доказательства собирают только органы досудебного расследования, занимая при этом доминирующее положение, а сторона защиты собирает лишь фактические данные.

Между тем у научного сообщества сложился иной взгляд на обеспечение равноправия сторон обвинения и защиты. Как сказала профессор Гульнар Сулейменова, это объективно невыполнимо в силу разности их полномочий и функций.

По итогам активной дискуссии члены Правового совета, депутаты Мажилиса Парламента, представители Верховного суда, Генеральной прокуратуры, практикующие адвокаты, ученые, эксперты и другие участники заседания выработали ряд рекомендаций и предложений, которые будут направлены уполномоченным государственным органам.

Подробнее: 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳

@nurotanchannel
105 viewsedited  06:40
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 09:35:33 ​​Nur Otan-да қылмыстық процесте тараптардың тең құқылығын арттыру тәсілдері талқыланды

«Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес алаңында қылмыстық процесте тараптардың жарыспалылығын арттыру мен тең құқылығын және оған қатысушылардың құқықтарын қорғау кепілдігін күшейтудің тұжырымдамалық мәселелері талқыланды.

Жиында қылмыстық процестегі айыптаушылық сипатты төмендету, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, айыпталушыларды сотқа беру, дәлелдеу, судьяның, прокурордың және адвокаттың жауапкершілік деңгейін арттыру мәселелері көтерілді.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Назиля Раззақ Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында құқықтық мемлекеттің маңызды шарты – туралықтан танбайтын әділ сот төрелігінің болуы деп баса айтқанын атап өтті. Ол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдайда сот сайыспалы, ал судья айыптаушы тараптан еркін болуы қажет.

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Асылбек Мүсірәлинов сот талқылауларында жарыспалылықты дамыту қажеттілігі туралы айтты.

«Басты сот талқылауы кеңес заманында қандай болса, сол күйінде қалды. Сондықтан соттар айыптау парадигмасының ескіргенін сынға алады. Қазір сотқа барлық материалдар бірден түседі. Оларды оқығаннан кейін, судьяға айғақтар мен дәлелдемелерді бүге-шүгесіне дейін зерттеп әуреленбей-ақ тергеумен және прокурормен келісе салу оңайырақ. Сондықтан біз сотқа тек прокурордың айыптау актісі мен адвокаттың қорғау актісі ғана енгізілуі керек деп есептейміз. Тікелей сот залында әрбір тарап өз дәлелдерінің неғұрлым сенімді екенін ашық түрде дәлелдейді. Бұл судьялардың бейтараптығын сақтайды», - деді А.Мүірәлинов.

Өз кезегінде Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов Кеңестің назарын айыптау және қорғау тараптарының теңсіздігіне аударды. Мәселен, дәлелдемелерді тек сотқа дейінгі тергеу органдары жинайды, бұл ретте олар үстемдікке ие болады. Ал қорғаушы тарап тек нақты деректерді жинайды.

Ал сол кезде, айыптау мен қорғау тараптарының теңдігін қамтамасыз етуге қатысты ғылыми қоғамдастықтың көзқарас басқаша. Профессор Гүлнар Сүлейменованың айтуынша, бұл олардың өкілеттіктері мен функцияларының айырмашылығына байланысты объективті түрде мүмкін емес.

Талқылау қорытындысы бойынша Құқықтық кеңес мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура өкілдері, тәжірибелі адвокаттар, ғалымдар, сарапшылар және отырысқа қатысқан басқа да мамандар бірқатар ұсыныстар әзірледі, олар уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Толығырақ: 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳

@nurotanchannel
98 viewsedited  06:35
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 06:26:07
ЭТОТ ДЕНЬ В ИСТОРИИ

10 декабря 1991 года Нурсултан Абишевич Назарбаев принес присягу избранного народом Первого Президента страны. В этот же день, ровно 30 лет назад, было принято решение о переименовании Казахской ССР в Республику Казахстан.

@nurotanchannel
175 viewsedited  03:26
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 06:24:09
ТАРИХТА ОСЫ КҮНІ

1991 жылы 10 желтоқсанда халық сайлаған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ант берді. Осыдан тура 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-інің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

@nurotanchannel
172 viewsedited  03:24
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 07:21:55 ​​Эффективность системы субсидирования аграриев рассмотрели на площадке Nur Otan

Вопросы повышения эффективности системы субсидирования в агропромышленном комплексе, обеспечения сел микрокредитованием и достижения показателей Предвыборной программы партии в сфере сельского хозяйства обсудили на очередном заседании Республиканского общественного совета по развитию аграрного сектора при партии «Nur Otan».

Как отметил председатель Совета, депутат Мажилиса Берик Оспанов, государство ежегодно выделяет более 300 млрд. тенге в виде субсидий для развития сельского хозяйства, однако аграрии и фермеры постоянно жалуются на недостаточность средств и неэффективность при их распределении.

«На практике субсидии получает довольно ограниченный круг субъектов АПК, причем иногда по фиктивным документам за якобы приобретенные пестициды, семена и другое. Средства получают всего 4-6% хозяйств, причем не всегда добросовестные и заинтересованные в росте производительности. При этом население вынуждено дополнительно оплачивать неэффективную работу таких субъектов из-за роста цен на продукты», - сказал Б.Оспанов.

В свою очередь вице-министр сельского хозяйства Рустем Курманов сообщил, что по итогам комплексного анализа, проведенного Агентством по противодействию коррупции, наибольшее количество нарушений выявлено по направлению приобретения отечественного и импортированного племенного скота, ведению селекционной работы и при субсидировании откормочных площадок.

«На сегодня рабочей группой, куда вошли представители отраслевых ассоциаций и союзов, агробизнеса, науки, заинтересованных государственных органов, в том числе антикоррупционной службы, вырабатываются меры по пересмотру системы выделения субсидий, предусматривающие упрощение механизмов и оптимизацию видов субсидирования, обеспечение равной доступности для всех субъектов АПК. Система субсидирования будет доработана с учетом измеримых индикаторов, приоритетов прозрачности. Рассматриваются вопросы распределения «зон» ответственности между Министерством сельского хозяйства и местными исполнительными органами. Все подходы будут широко обсуждены с общественностью, ассоциациями, союзами и агробизнесом», - отметил Р.Курманов.

По итогам заседания Министерству сельского хозяйства рекомендовано выработать меры по переориентированию субсидий на конечный результат для увеличения производства животноводства, растениеводства и выпуска готовой продукции, а также исполнению в срок всех пунктов Дорожной карты.

Подробнее: 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳

@nurotanchannel
146 viewsedited  04:21
Ашу / Түсініктеме