Get Mystery Box with random crypto!

​​Nur Otan-ның Жемқорлыққа қарсы кеңесінде осы жылғы жұмыс қор | AMANAT партиясы

​​Nur Otan-ның Жемқорлыққа қарсы кеңесінде осы жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды

Қазақстан «GRECO» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттер тобының 50-ші мүшесі болды, елдің «Transparency International» рейтингіндегі позициясы 113-тен 84-ке дейін өсті. Жыл қорытындысы және алдағы жоспарлар туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республиалық қоғамдық кеңесте айтылды.

Кеңес хатшысы Дәурен Бижұманов мәлімдегендей, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 96%-ке, электрондық форматта 94%-ке дейін артқан, 23 проактивті мемлекеттік қызмет енгізілген, олар азаматтардың өтінішінсіз көрсетіледі. Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану ел көлемінде 98%-ке дейін артқан. Кеңес мемлекеттік органдар үшін барлығы 180-нен астам ұсыныс әзірлеген.

Бұдан бөлек, Кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша партиялық бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа назар аударды. Мәселен, Жер кодексіне жер учаскесінің нысаналық мақсатын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру бөлігінде өзгерістер енгізілген, Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арналған кезекте тұрушылардың бірыңғай электронды тізілімі енгізілді. Қосымша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді, «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» және «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобалары әзірленді.

Д.Бижұманов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру қажеттігіне назар аударды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлін күшейту мақсатында стратегиялық көрсеткіштер картасына, ұлттық жоспарларға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларына «Сыбайлас жемқорлық деңгейі» индикаторын енгізу қажет деп санаймыз», – деп атап көрсетті Кеңес хатшысы.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өз кезегінде партиялықтар араласқаннан кейін ғана азаматтардың мәселелері шешімін тапқан бірқатар нақты кейсті келтірді. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмай тұрған 59 мың га ауыл шаруашылық жері мемлекет меншігіне қайтарылып, басқа әлеуетті жер пайдаланушыға берілген. Шымкентте бірнеше тұрғын үй алабы су көзіне қосылған. Қала бойынша сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 96% болды.

Биыл Кеңес мүшелері өңірлік әкімдіктер жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомоствоаралық комиссияларға тексеру жүргізіп, сыбайлас жемқорлық қатерлерін талдады.

Толығырақ: 𝙣𝙪𝙧𝙤𝙩𝙖𝙣.𝙠𝙯

@nurotanchannel