Get Mystery Box with random crypto!

AMANAT партиясы

Telegram арнасының логотипі nurotanchannel — AMANAT партиясы A
Telegram арнасының логотипі nurotanchannel — AMANAT партиясы
Арна мекенжайы: @nurotanchannel
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.98K
Арнадан сипаттама

Саяси және өзге де қызықты жаңалықтар // Интересное о политике и не только

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2021-12-21 13:36:43Nur Otan победил в 87,5% округов на выборах сельских акимов

По итогам инициированных Президентом страны Касым-Жомартом Токаевым первых прямых выборов акимов городов районного значения, сел, поселков и сельских округов в этом году члены партии «Nur Otan» победили в 87,5% округов. Акимами избраны 670 кандидатов, выдвинутых от партии на региональных конференциях, а также 87 самовыдвиженцев-нуротановцев.

47% победивших нуротановцев – это новые лица, в том числе представители образования, предприниматели, фермеры. Средний возраст – 46 лет. Представленность женщин – 10%, молодежи до 35 лет – 18%. Многие являются председателями первичных партийных организаций, участниками внутрипартийных праймериз.

«Стартовавшие 25 июля 2021 года по инициативе Главы государства прямые выборы сельских акимов дали системный импульс работе партий с населением непосредственно на местах. В результате конкурентной борьбы нуротановцы победили в большинстве избирательных округов. В качестве акимов были избраны также самовыдвиженцы и представители 5-ти других партий. Таким образом, переход на пропорциональную избирательную систему на всех уровнях серьезно укрепил институциональное значение и роль партий. В широком контексте эти выборы подтвердили практическую реализацию инициированных Елбасы 5-ти институциональных реформ, направленных на активизацию участия граждан в процессе принятия решений, а также формирование подотчетного государства», - отметил ранее в своей статье «Партийная система – институциональная опора государственности» первый зампред правящей партии Бауыржан Байбек.

Напомним, что в текущем году первые прямые выборы сельских акимов прошли в 864 сельских округах. Из них 730 акимов были избраны 25 июля, еще 134 акима – с августа по декабрь.

Кандидаты от Демократической партии «Ақ жол», Народной партии Казахстана, «Adal», «Ауыл» и Общенациональной социально-демократической партии выиграли в 8,5% сельских округов. В 4% сельских округов победили самовыдвиженцы, не являющиеся представителями ни одной из партий.

Все кандидаты от «Nur Otan» прошли семинары на базе Школы политического менеджмента партии и были обеспечены необходимой организационной, методологической и другой поддержкой. У каждого выработана своя конкретная предвыборная программа, подкрепленная при поддержке партии соответствующими ресурсами с учетом возможностей территорий.

@nurotanchannel
136 viewsedited  10:36
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 13:36:08Nur Otan ауыл әкімдерінің сайлауында округтердің 87,5% жеңіске жетті

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауының қорытындысы бойынша биыл «Nur Otan» партиясының мүшелері округтердің 87,5%-ында жеңіске жетті. Өңірлік конференцияларда партиядан ұсынылған 670 кандидат, сондай-ақ 87 өзін-өзі ұсынған нұротандық әкім болып сайланды.

Жеңіске жеткен нұротандықтардың 47%-ы – жаңа тұлғалар, оның ішінде білім беру саласының өкілдері, кәсіпкерлер, фермерлер бар. Орташа жасы – 46 жас. Әйелдер – 10%, 35 жасқа дейінгі жастар саны – 18%. Көпшілігі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партияішілік праймериздің қатысушылары.

«2021 жылғы 25 шілдеде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша өткен ауыл әкімдерін тікелей сайлау партиялардың жергілікті жерлерде халықпен қоян-қолтық жұмыс істеуіне жүйелі серпін берді. Бәсекелі күрес нәтижесінде нұротандықтар сайлау округтерінің басым көпшілігінде жеңіске жетті. Сонымен бірге, өзін-өзі ұсынғандар және басқа 5 партияның өкілдері де әкім болып сайланды. Осылайша, барлық деңгейлерде пропорционалды сайлау жүйесіне көшу партиялардың институционалдық маңызы мен рөлін нығайтты. Кең тұрғыдан алғанда, бұл сайлау азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысуын жандандыруға, сондай-ақ есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған, Елбасы ұсынған 5 институционалды реформаның нақты іске асырылуын растады», - деп атап өтті билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұған дейінгі өзінің «Партиялық жүйе – мемлекеттіліктің институционалдық тірегі» атты мақаласында.

Еске сала кетейік, биыл ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 864 ауылдық округте өтті. Оның ішінде 730 әкім 25 шілдеде, тағы 134 әкім тамыз – желтоқсан айлары аралығында сайланды.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық партиясы, «Adal», «Ауыл» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының кандидаттары ауылдық округтердің 8,5%-ында жеңіске жетті. Ауылдық округтердің 4%-ында бірде-бір партияның өкілі болып табылмайтын өзін-өзі ұсынған үміткерлер сайланды.

«Nur Otan» партиясының барлық кандидаттары партияның Саяси менеджмент мектебі базасында семинарлардан өтіп, қажетті ұйымдастырушылық, әдіснамалық және басқа да қолдаумен қамтамасыз етілді. Әрқайсысының өз сайлауалды бағдарламасы бар, ол партияның қолдауымен аумақтардың мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті ресурстармен қамтамасыз етілген.

@nurotanchannel
127 viewsedited  10:36
Ашу / Түсініктеме
2021-12-20 16:52:27 ​​Канат Бозумбаев избран председателем филиала Nur Otan в Алматинской области

Первый заместитель Председателя «Nur Otan» Бауыржан Байбек в ходе поездки в город Талдыкорган принял участие во внеочередной конференции Алматинского областного филиала партии. В качестве нового председателя филиала партии делегатами был избран аким региона Канат Бозумбаев.

По словам первого зампреда партии, Канат Бозумбаев уже успешно возглавлял партию в Жамбылской и Павлодарской областях. Перед новым руководством филиала стоят задачи по дальнейшему качественному исполнению предвыборных обязательств партии, активизации работы общественных советов и укреплению обратной связи с населением.

«Как сказал Елбасы, Лидер партии Нурсултан Назарбаев на прошедшем расширенном заседании Политического совета, «Казахстан вступает в четвёртое десятилетие своей Независимости. Это эпоха больших перемен, сложных и судьбоносных решений». В этих условиях на «Nur Otan», как на правящую партию, возложена особая задача по консолидации общества вокруг государственного курса Президента страны Касым-Жомарта Токаева, обеспечивающего преемственность, политическую стабильность и дальнейшее развитие страны», - отметил Б.Байбек.

Также на конференции он поблагодарил за проделанную работу предыдущего председателя филиала Амандыка Баталова, награждённого решением Бюро Политического совета «Nur Otan» партийной наградой «Белсенді қызметі үшін».

В этот же день Бауыржан Байбек осмотрел ряд социальных объектов в рамках Предвыборной программы партии «Путь перемен: Достойную жизнь каждому!».

Так, в областном Дворце школьников он посетил новую инновационную лабораторию «FAB LAB», где более 140 детей получили возможность обучаться навыкам конструирования, программирования, создания 3D и интерактивных моделей.

Далее первый зампред партии ознакомился с работой Центра развития женского предпринимательства, куда женщины-предприниматели могут обращаться за консультациями по вопросам льготного кредитования, расширения рынков сбыта, а также за практической помощью в реализации бизнес-проектов.

«В целом, по итогам 11 месяцев исполнения предвыборной программы партии в регионе введено уже почти 1 миллион кв.м жилья, 12 школ, построено и отремонтировано 538 км дорог, создано 27 тысяч постоянных рабочих мест и др. Аналогичная предметная работа партией проводится также во всех регионах нашей страны», - написал он по итогам поездки на своей странице в Facebook.

@nurotanchannel
93 views13:52
Ашу / Түсініктеме
2021-12-20 16:50:29
73 views13:50
Ашу / Түсініктеме
2021-12-20 16:49:51 Қанат Бозымбаев Nur Otan-ның Алматы облысындағы филиалының төрағасы болып сайланды

«Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Талдықорған қаласына сапары барысында партияның Алматы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына қатысты. Партия филиалының жаңа төрағасы ретінде делегаттар өңір әкімі Қанат Бозымбаевты сайлады.

Партия Төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, Қанат Бозымбаев бұған дейін Жамбыл және Павлодар облыстарында партияны табысты басқарған. Филиал жаңа басшылығының алдында партияның сайлауалды міндеттемелерін одан әрі сапалы орындау, қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру және халықпен кері байланысты нығайту міндеттері тұр.

«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Қазақстан Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басуда. Бұл ауқымды өзгерістерге, қиын да жауапты шешімдерге толы кезең болары анық». Мұндай жағдайда билеуші партия ретінде «Nur Otan»-ға елдегі сабақтастық, саяси тұрақтылық және одан әрі дамуды қамтамасыз ететін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағыты төңірегінде қоғамды топтастыру жөніндегі ерекше міндет жүктелген», – деп атап өтті Б.Байбек.

Сондай-ақ, ол конференцияда «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының шешімімен «Белсенді қызметі үшін» партиялық наградасымен марапатталған филиалдың бұрынғы төрағасы Амандық Баталовқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Осы күні Бауыржан Байбек партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында ашылған бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Ол облыстағы Оқушылар сарайына барып, онда 140-тан астам балаға 3D және интерактивті модельдерді жасау, бағдарламалау, құрастыру дағдыларын үйренуге мүмкіндік беретін жаңа «FAB LAB» инновациялық зертханасының жұмысымен танысты.

Бұдан соң партия Төрағасының бірінші орынбасары Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына барды. Онда ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер әйелдер жеңілдікпен несие алу, сату нарығын кеңейту, бизнес-жобаларды іске асыруда тәжірибелік көмек алу сияқты т.б. мәселелер бойынша кеңес алуына болады.

«Жалпы, партия сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың 11 айдағы қорытындысы бойынша өңірде 1 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй, 12 мектеп пайдалануға беріліп, 538 км жол салынды және жөнделді, 27 мың тұрақты жұмыс орны ашылды және т.б. Осындай жұмыстарды партия еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіп жатыр», – деп жазды ол сапарының қорытындысы туралы Facebook-тегі парақшасында.

@nurotanchannel
82 views13:49
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 06:46:14
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
-
Поздравляем с Днем Независимости Республики Казахстан!


@nurotanchannel
198 viewsedited  03:46
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 05:50:03
Құрметті оқырмандар!

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осынау айтулы мерекеде отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және бастамаларыңызға кең өріс тілейміз.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгілік болсын!


@nurotanchannel
205 viewsedited  02:50
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 11:42:03
127 views08:42
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 11:41:33 В Nur Otan наградили лауреатов премии Jastar – Оtanǵa!

В преддверии 30-летия Независимости в столице прошла торжественная церемония вручения премии «Jastar – Оtanǵa!», организованной молодежным крылом партии «Nur Otan». Наиболее активные волонтеры, неравнодушные меценаты и общественные организации были отмечены в 7 номинациях.

Ряд молодых активистов также были награждены медалью «Халық алғысы», учрежденной Указом Главы государства и вручаемой за плодотворный труд в сферах образования, здравоохранения, социальной защиты, а также особо отличившимся в борьбе с пандемией COVID-19.

В ходе церемонии награждения первый заместитель Председателя партии «Nur Otan» Бауыржан Байбек отметил, что с первых дней провозглашения суверенитета особое внимание в стране уделялось вопросам поддержки молодежи и созданию условий для её самореализации.

Так, на заре Независимости несмотря на сложную экономическую ситуацию Елбасы, Первым Президентом страны Нурсултаном Назарбаевым была учреждена международная стипендия «Болашақ», благодаря которой более 14 тысячи человек получили образование в лучших учебных заведениях мира.

В прошлом году Главой государства Касым-Жомартом Токаевым была законодательно установлена квота для молодежи в избирательных партийных списках в Парламент и местные представительные органы, что будет содействовать их более активному участию в общественно-политических процессах страны.

Конкретные меры по повышению уровня жизни и социального самочувствия молодежи отражены в Программе «Жастар – Отанға!» до 2025 года.

«Как вы знаете, в рамках инициированной Елбасы общенациональной акции «Біз Біргеміз!» более 5 тысяч жасотановцев в период пандемии оказали адресную помощь 320 тысячам семей. Активисты «Jas Otan» также помогали в восстановлении города Арыс и Мактаарала. В июне на встрече с участниками волонтерского движения «Biz Birgemiz!», созданного под эгидой «Jas Otan», мы объявили об учреждении премии «Jastar – Оtanǵa!» и сегодня подводим её итоги», - сказал Бауыржан Байбек.

По его словам, партия и дальше продолжит предметно поддерживать молодежные инициативы, в том числе поощряя волонтерство.

Так, в рамках реализации программы «Жастар-Отанға!» для каждого района, города и области страны с начала года в волонтерскую деятельность вовлечено уже более 60 тысяч молодых людей. В ряде регионов приняты молодежные жилищные программы, присуждено 75 тысяч грантов абитуриентам, стипендии студентов увеличены в 2 раза, а резидентов, магистрантов и докторантов более чем в 1,5 раза.

Лауреатов премии отбирали из 230 человек со всего Казахстана в возрасте от 16 до 35 лет. Для выявления лучших была создана специальная комиссия, в состав которой вошли депутаты Мажилиса, общественные деятели, блогеры и др.

Так, в номинации «Лучший волонтер года» были награждены Нурсултан Кабаев из Западно-Казахстанской области, принимавший активное участие в акции «Біз біргеміз!» и Данара Саранова из города Шымкент, организовавшая обучение молодежи на грантовой основе в европейских странах.

В номинации «Молодой герой» премии удостоился Жаксылык Аширбаев из Жамбылской области. Он участвовал в тушении пожара на складе войсковой части в августе текущего года, получив различные травмы.

В номинации «Активист года «Jas Otan» лучшими стали Асем Шалкарова из ВКО, Нурайым Куандык из Туркестанской области и Алишер Тыныштык из Актюбинской области.

В номинации «За лучшее продвижение волонтерства в социальных сетях» премию получил популярный блогер Жансерик Кадырбаев.

За проект «Donorym» - мобильное приложение по донорству крови Рузи Шихов из Карагандинской области стал обладателем премии в номинации «Лучший студенческий проект»

Лучшими волонтерскими проектами стали «Love and Pet Atyrau» и волонтерское движение «Biz Birgemiz».

В номинации «Лучшие региональные филиалы МК «Jas Otan» победителями определены филиалы городов Шымкент и Нур-Султан.

@nurotanchannel
129 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 11:33:58 Nur Otan-да «Jastar-Otanǵa!» сыйлығының лауреаттары марапатталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған «Jastar – Оtanǵa!» сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Ең белсенді волонтерлер, жанашыр меценаттар мен қоғамдық ұйымдар 7 номинация бойынша марапатталды.

Сондай-ақ, бірқатар жас белсенділер білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы жемісті еңбегі және COVID-19 пандемиясымен күресте ерекше көзге түскені үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек егемендік жарияланған алғашқы күннен бастап елімізде жастарды қолдауға және олардың өз қабілетін жүзеге асыруына жағдай жасауға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Тәуелсіздіктің таңы атқан алғашқы жылдары күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Елбасы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Соның арқасында 14 мыңнан астам адам әлемнің үздік оқу орындарында білім алды.

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке және жергілікті өкілді органдарға сайлау партиялық тізімдерінде жастарға квота белгіледі. Бұл олардың елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді атсалысуына ықпал ететін болады.

Жастардың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік жай-күйін арттыру жөніндегі нақты шаралар 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасында көрсетілген.

«Өздеріңіз білетіндей, пандемияның бірінші толқыны кезінде 5 мың жасотандық Елбасы бастамашылық еткен «Біз Біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында 320 мың отбасыға атаулы көмек көрсетті. «Jas Otan» белсенділері Арыс пен Мақтааралды қалпына келтіруге де атсалысты. «Jas Otan»-ның қолдауымен құрылған «Biz Birgemiz!» волонтерлік қозғалысының қатысушыларымен маусым айында өткен кездесу барысында «Jastar – Otanǵa!» сыйлығы тағайындалғанын жариялаған едік. Біз бүгін соны қорытындылаймыз», - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, партия жастардың бастамаларын, оның ішінде волонтерлікті көтермелей отырып, одан әрі де жан-жақты қолдауды жалғастырады.

Еліміздегі әр аудан, қала мен облысқа арналған «Жастар-Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл басынан бері волонтерлік жұмысқа 60 мыңнан астам жас тартылды. Бірқатар өңірлерде жастардың тұрғын үй бағдарламалары қабылданып, талапкерлерге 75 мың грант бөлінді, студенттердің шәкіртақысы 2 есеге, ал резиденттер, магистранттар мен докторанттардың степендиясы 1,5 еседен астамға көбейтілді.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы 230 адам сыйлық лауреаттары ретінде іріктеліп алынған. Үздіктерді анықтау үшін құрылған арнайы комиссияның құрамында Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, блогерлер және т.б. болды.

Сонымен, «Үздік волонтер» номинациясында «Біз біргеміз!» акциясына белсенді қатысқаны үшін Батыс Қазақстан облысынан Нұрсұлтан Қабаев пен Еуропа елдерінде гранттық негізде жастарды оқытуды ұйымдастырған шымкенттік Данара Саранова марапатталды.

«Жылдың жас қаһарманы» аталымында Жамбыл облысынан келген Жақсылық Әшірбаев сыйлыққа ие болды. Ол биыл тамыз айында әскери бөлімнің қоймасындағы өртті сөндіруге қатысып, жарақат алған.

«Jas Otan» Жастар қанатының жыл белсендісі» номинациясында Шығыс Қазақстан облысынан Әсем Шалқарова, Түркістан облысынан Нұрайым Қуандық және Ақтөбе облысынан Әлішер Тыныштық үздік деп танылды.

«Әлеуметтік желілерде волонтерлікті насихаттағаны үшін» аталымы бойынша сыйлықты танымал блогер Жансерік Қадырбаев алды.

Қан донорлығы бойынша мобильді қосымша – «Donorym» жобасы үшін Қарағанды облысынан Рузи Шихов «Үздік студенттік жоба» номинациясына ие болды.

Жылдың үздік волонтерлік жобалары «Love and Pet Atyrau» және «Biz Birgemiz» волонтерлік қозғалысы болды.

«Jas Otan» Жастар қанатының аймақтық үздік филиалы» номинациясы бойынша Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының филиалдары жеңімпаз атанды.

@nurotanchannel
113 viewsedited  08:33
Ашу / Түсініктеме