Get Mystery Box with random crypto!

Ақ бұлт торласын

Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын А
Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын
Арна мекенжайы: @nurlybekovvvaa
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 259
Арнадан сипаттама

Әлемді ақ бұлт (жақсылық, мейірімділік, тазалық) торласын. Ал біз бұлттарға ұмтылайық.
@nurlybekovvva

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-04-20 19:18:35 Бұлт қойнынан шыққан жаңбыр астындағы жүздесу

Ұлар оны кездесуге шақыруды ұзақ ойлады. Сатқындықтан өшкен сезімді лаулатуға емес, соңғы шоқтарын сөндіруге жасаған қадамы еді. Ол адамға көрсетілмей қалған шексіз махаббатын әрі қарай көміп тастауына тура келді. Дегенмен айтылмаған сөздер мен ойлар иесінінің алдында ғана төгілгенін қалады.
Тағдыр қойып кеткен қақпаны бұзып өтуге шамасы келмесе де, әдемі қоштасудың жолын іздеді. Бірақ қоштасудың қайсысы әдемі болып еді?

Ұзақ ойланбай Ұлар санасында сақталған нөмірге қоңырау шалды:
⁃ Алло, қалайсың, бұл мен-Ұлар.
⁃ Жақсы, иә, айта бер?
⁃ Мердіге, сұрақтарыма жауап алып, әдемі қоштасқым келеді, жолығайықшы
⁃ Ұмыт, басқа айтарым жоқ.

Қысқа ғана диалогтан Ұлар алабұртқан сезімдермен ішінен үнсіз күрсінді. Жыламады. Себебі жыласа, оны тек түнгі салқынның лебі ғана жұбата алатын.

Өз жасыңа өзің батып тұншығу- қиын. Ұша алатын бола тұра, әдейі жерге құлау-ауыр сезім. Қыз қою түнде сыртқа шығып көз жасына ерік берді. Жаңбыр тоқтаусыз жауып тұр. Ұлар ұзақ жүрген жоқ, үйіне беттегені сол еді таныс бейнені көрді. Дәл сол адам. Көпқабатты үйде бірге көрші тұрса да, мұндай уақытта сыртта көремін деп ойлаған жоқ. Кездейсоқ кездесуден екеуі де қаша алмады.

Ұлар жанына жақындады. Мердіге өзін суық ұстады. Дүниедегі ең қиын нәрсе-ішіңдегі ауыр күйді сөзбен сипаттау екенін сол кезде ұқса керек, үнсіз қалды.

Түнгі жаңбыр астында Ұлар оны құшақтап алды. Ыңғайсызданған жоқ, ұялған жоқ, арланбады. Әлі де сезім барда кімнің құшағы бірінші ашылғаны маңызды ма еді?
160 views16:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 13:55:23 "Өмірде бір-ақ рет сүрініп ем,
Жақсы әнім ұмыт болды жаттап алған"
206 views10:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 13:54:56 Негізі ер-азаматтардың айтатын "ҚЫЗДАР АҚШАҒА ҚАРАЙДЫ" деген сөзінің астарында ЫНТА, ӘРЕКЕТ, ЕҢБЕК, БОЛАШАҚ, ТЫРЫСУ, ТАЛПЫНУ деген сөздер жатыр. Біз соны көргіміз келеді. Материалдық жағдай дегенімізбен, махаббат деген ұлы сезім есікті қағып келіп тұрса, бәрі өзгереді
207 views10:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 16:24:38 Пікірге өз арнасының сілтемесін тығып жіберетін адамның арнасына тіркелмейді екенмін. Рұқсатсыз біреудің үйіне кіріп алғанмен тең ғой. Үй иесіне деген құрметсіздік. Сапалы дүние ұсынсаңыз, оқырман өзі-ақ сізді тауып алады. Тықпаламауды үйренейікші. Өзімізді де, арнамызды да биік, құнды ұстайық.
2.1K views13:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 16:24:16 182458-ші арман: мектеп оқушыларының тестіне комиссия мүшесі ретінде бару
361 views13:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 22:54:46 Ауызашардан кейін өзімді екіқабат әйел сияқты сезінемін. Ішімді жасырып, ұялмаймын да. "Бір бөпені көтеріп жүрген мен не үшін ұялуым керек?" деп ойлап қоям. Айнаға қарап тамсанып аламын. Бөпеммен сөйлесемін. Қазір 3 айлық болды, 6 ай қалды босанам деп есептеп…
680 views19:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 02:16:11 -Бастапқыда сүрелерді қағазға жазып оқи берсеңіз болады.
-Намазды көзді жұмып оқымай ма?
962 views23:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-01 02:22:10 – Танысуға бола ма?
– Иә
– Сен маған ренжіме, бірақ маған «жоқ» дейтін қырсық қыз керек
4.2K views23:22
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 21:41:28 Мен күнде адамды алдайм. 1-ші сәуірде бәрі алдайтын болғасын, тек сол күні ешкімді алдамайм.
963 views18:41
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 20:29:07 "елеңдеме, енді не бар өткенде?
жылы бола бермейді ғой көктемде"
971 views17:29
Ашу / Түсініктеме