Get Mystery Box with random crypto!

Ақ бұлт торласын

Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын А
Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын
Арна мекенжайы: @nurlybekovvvaa
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 259
Арнадан сипаттама

Әлемді ақ бұлт (жақсылық, мейірімділік, тазалық) торласын. Ал біз бұлттарға ұмтылайық.
@nurlybekovvva

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 38

2021-07-02 23:45:26 Ешкім саған жақсылық жасауға міндетті емес. Жолыңды кесіп, төбеңе қара бұлт үйірткендер болса, аулақ болуды үйрен. Себебі сен де ешкімге ештеңе міндетті емессің.
105 views20:45
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 23:33:58 Ешкімнің ала жібін аттамай, өзіңе де, басқаға да зиян келтірмеуді ойлайтын адам болсаң, біл, сен керемет жансың
107 views20:33
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 23:14:23 Мектеп оқитын кезім. Түн ортасында бір қызды жігіті мұрны қанағанша тепкіледі. Аямады. Ауызына келгенін оттады. Қыз жылағаннан басқа үндемеді. Білуімше, қызғаныштан ұрыс болған. Мен араласып, 101 ге хабарласатынымды айттым. Қыз "шақырмаңыз, өзіміз шешіп аламыз" деді. Көмектесемін деп ойлап, араласқаным үшін өзім ұялып қалдым.

Кейбір қыздар өздері сондай жігітті таңдайды. Ақырында өз таңдауларынан таяқ жейді.

Сондай қызға " Басқа жігіттермен сөйлессең ұрысатын, құрбыңның туған күніне де жібермейтін, қысқа кигізбейтін, телефоныңды әр жолыққанда тексеріп отыратын жігіт саған шынымен ұнайды ма ?" деп сұрақ қойсаң, "иә" деген жауап аласың. Себебі махаббатты қызғанышпен өлшейді.

Иә, маған да қызғаншақ жігіттер ұнайды. Бірақ басқашалау. Ол мені басқалардан қызғанып, сабамайды. Бар күшін өзінің ең жақсы қасиеттерін арттыруға, көрсетуге жұмсайды.

Кімді сүйіп қалатынымыз өз таңдауымыз емес шығар. Бірақ кіммен болуды өзіміз шешеміз. Таңдау қашан да өзімізде. Біз бар жақсыға лайықпыз. Өзімізді бақытсыз етпейік. Әлемді ақ бұлт торласын
114 views20:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 15:21:30 Дос-таныстың туған күніне құтты болсын айтқанда көп сөздің орнына “көп-көп саяхат тілеймін” деп жүрмін.

Себебі жиі саяхаттайтын адамның
-материалдық жағдайы жақсы
-денсаулығы бүтін
-көйлегі көк
-тамағы тоқ
-уайымы жоқ болады.

Бәріңе көп-көп саяхат тілеймін
222 views12:21
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 23:34:15 Бір қыздың үстіндегі киімі әдемі, бірақ шашы май болса, үнемі біріншісіне ғана мән беруге тырысамын. "үстіндегі көйлегі әдемі екен" деймін. Бітті. Әрі қарай ешқандай "бірақ" жоқ.
335 viewsedited  20:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 19:45:29
329 views16:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 19:38:23 Моральдық танымнан бір жола кет. Мәселеге онтологиялық қырынан кел. Болмысты түбінен ажыратып үйрен. Заттың табиғатын, сипатын бөлшектеп тануға тырыс. Сонда ғана жарыққа шығасың. Сұрақты "дұрыс, бұрыс" деп емес, "бұл іс мән табуға көмек пе әлде кедергі ме?" деп сұра. "Көмек" десең іліп ал, "кедергі"десең тастай сал. Бітті! Сосын проблема болмайды.


С. Керімбай. "Өмірге ғашық болу" кітабынан.
291 views16:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 19:37:33 Бүкіл қоғамды АҚ пен ҚАРАҒА бөліп қарайтын надақтынтан құтылу керек. Дана болу, ойшыл болу- кез келген адамның даралығын көре білу және соны сөзсіз мойындау.

С. Керімбай. "Өмірге ғашық болу" кітабынан.
268 views16:37
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 15:40:18 Бұл жолы Алматыға жұмыс жасауға келгем. Әрекет етуге, ақша табуға 1040 сылтау тауып, өзімді ақтап алатынмын. Өмірімді түбегейлі өзгертем деп емес, алғашқы қадамдарын жасап көрейін деп шештім.

Бірінші копирайтер жұмысымнан отказ алдым. Тапсырмасын ойдағыдай орындай алмағанмын-ау. Өте жаман күйде болдым. Түкке керексіз, білімсіз жас сезіндім өзімді. Келесі жұмысқа баруға көңіл-күйім болмады. Бірақ Алматыда күн көре алмайтынымды біліп, тәуекел етіп тағы жұмыс көрдім.

Сату маманы бойынша жұмысқа барғанмын. Бірақ финанс бөлімінде вакансия бар екен. "Ой, бәрібір алмайды" деген қатып қалған оймен отырғанмын. "Сіз сияқты жас, пысық, IT де оқитын мамандарды қуана қабылдаймыз" деді.

Жәй алғашқы қадамдарды жасаудан қорықпау қажет екен. Сөз бен сылтаудың бәрін ысырып, әрекет жасап көру қажет. ҚИЫНДАТЫП алады екенбіз өзіміз. Жас болсаң тіпті жақсы. Сұрауға, үйренуге ұялмайсың. Ешкім сені "тәжірибең жоқ" деп сөкпейді.

Көп адаммен, үлкен ортада жұмыс жасасаң адамды жасына, тәжірибесіне, статусына қарай бөлмеуді үйренесің. Бәріне тең қарайсың.

Міндетім осы ғана деп қоймай, қолдан келгенше көмегімді аямай жүрмін. Қазіргі жасап жүргендердім өзіме пайдасы мен жақсылығын беретінін сеземін.

Жас болған, от болған, мақсат болған, жұмыс болған, әрекет болған қандай күшті. Өзімді бұрынғыға қарағанда сенімдірек, тәуелсіз сезініп жүрмін.
259 views12:40
Ашу / Түсініктеме