Get Mystery Box with random crypto!

Ақ бұлт торласын

Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын А
Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын
Арна мекенжайы: @nurlybekovvvaa
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 259
Арнадан сипаттама

Әлемді ақ бұлт (жақсылық, мейірімділік, тазалық) торласын. Ал біз бұлттарға ұмтылайық.
@nurlybekovvva

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-01-14 12:42:21 Менен кейінгі сіңлім туғалы нағашылардың қолында өсті. Қазір 96 жасқа келген әжесі 1-сыныпта мектепке арқасына салып апаратын. Өте бұзық, ерке еді. Біз қонаққа барғанда ғана сөйлесетінбіз. Қайтқан уақытта сыртқы қақпаның алдында жылап қалатын.

Ал ол бізге тоқсандық демалыс сайын келіп тұрды. Оны бөтен адам санадық. Ата-анамыз қанша қоссада, бауыр сияқты көрмейтін едік. Ойынға қоспаймыз, төбелесеміз, жейтін тәттінің азын береміз. Ол да бізге бөтен қарайтын. Үйімізден "әжеме апарамын" деген оймен қасық пен кесеге дейін сөмкесіне салып алатын.

Карантин басталғанда екеумізде студент болдық. Бір қалада, бір үйде бірге тұрдық. Бір-бірімізді түсініп, қолдау бере бастадық. Бірақ ол кезде де жақындық сезілмейтін. Ақша берсем, қайтадан екі есе етіп қайтарып алатын едім, киімдерімді қатты қызғандым. Жиі келіспей, ұрысып қалып жүрдік.

Оның ата-анамызға реніші жоқ. Нағашылардың қолына беруге үлкен себеп болды. Ол оны да түсінді. Енді міне айырылмастай бауырмыз. Қандай жағдай болсада сені қолдайтын, саған сенетін адамның бары бақыт емес пе?
47 viewsedited  09:42
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 12:40:05 Үйдегі қыздардың бәрінің ұйқысы ауысып кетті. Әпкеміз:

" Көттеріңе күн түскенше емес, ай түскенше ұйықтайсыңдар сендер"
47 views09:40
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 12:38:43 "Ей, құрдасым, құрдасым,
Көкірегіңе жүн бассын"
48 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 12:38:12 Әлгі жас депутат Нұр-Сұлтан қаласының атауын "Қасым-Жомарт" деп өзгертуге ұсыныс айтып қойды ма?
48 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-01-02 00:32:31 Жұрттың бәрі Аяз Атаға хат жазып жүрсе, мен қоштасу хатын жазып жүрген күндер де өтті.
20 views21:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 23:22:06 Арна иелерінің ішінде өзіме ең жақыны- Ханзада ханым. Екеуміз біраз ай бір жерде жұмыс жасасақта, жақын сырласпаппыз. Білмеймін, бір-бірімізге тартылмадық. Мен былай-былай тартып көрдім, болмады

Ауыз жаппай басқалармен сөз таластырғанымда, үнемі мені қолдайтын. Көзқарастарымыз ұқсас екені қуантатын. Ерекше қыз. Жазда туған күніме "ақ бұлт торлаған" торт әкелген. Ешқашааааан ұмытпайтын сәт.
37 views20:22
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 23:17:58 Көп қазақша арна иелерімен таныс емеспін. Каналдарын білсем де, өздерін танымай жатамын. "Мені жақтырмайтын, мен жақтырмайтын" деп қарастыратын арна иелері жоқ. Бірақ олар туралы жекеме келетін, өмірде айтылған түрлі әңгіме бар. Бірін тыңдап, бірін елемеймін. "Сырт көз сыншы" болғанмен, одан қорытынды шығарудың қажеті жоқ екен. Арна ұнаса, жазба ұнаса болды емес пе? Әрі қарай қазбалап, жеке өміріне бас сұғып, қызығып кететінді қою керек)
41 views20:17
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 01:30:29 23:59-ға дейін жазбаған жігіттеріңді өткен жылға тастап кеттіңдер ма? "Жазбаса да сүйеді екем, күйеді екем" деп арқалап кеп тұрмаңдар 2022-ге
124 viewsӘсел Нұрлыбекова, 22:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 01:10:23 Женщина становится сильной, когда рядом нет сильного мужчины и нет опоры, а есть надежда только на себя
127 viewsӘсел Нұрлыбекова, 22:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 01:06:33 Банядағы апаймен әңгіме:

Мен: кабинка нешеден?
апай: 3000 тг
Мен: мың, мың теңгеден 2 кабинка алсақ бола ма?
апай: , саудалассаң, миға қонымды саудаласшы
130 viewsӘсел Нұрлыбекова, 22:06
Ашу / Түсініктеме