Get Mystery Box with random crypto!

Ақ бұлт торласын

Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын А
Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын
Арна мекенжайы: @nurlybekovvvaa
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 259
Арнадан сипаттама

Әлемді ақ бұлт (жақсылық, мейірімділік, тазалық) торласын. Ал біз бұлттарға ұмтылайық.
@nurlybekovvva

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-06-16 16:21:13 ТІСІМ ҒАНА ЕМЕС, ӨЗІМ ДЕ ЗАРДАП ШЕКТІМ!

Бір ай бұрын иығым ауырсынып жүрді, кейін кеуде тұсым қосылды. Бір күні кенеттен тісім қатты ауырды. Күндіз-түні жерді ұрып жыладым. Сол жағым бастан-аяқ түгел қақсап шықты. Біреу пышақтап жатқандай жанымды жеді. Мүлде көз ілген жоқпын, тамақ ішпедім, су ішпедім. Көзім аққанша жыладым. Ауруды басатын таблетканың бірден 3-еуін жұтқанымды білем. Сенбі күні кешке ауырып бастады, ертесі жексенбі болған соң көп стоматологияға жабық болды. Ақыл тіс деп жедел жәрдем шақырмай, шыдадым.

Таңымды үйді айналып жүріп әрең атырдым. 10:00-де үйдің жанындағы стоматология ашылды. Стоматолог ер кісі болды, жасы 30-ға таяу. Кіріп креслоға отырдым. Ол кісіден өзге адам болмады. Жанында ешқандай көмекшісі немесе өзге стоматолог болған жоқ. Ресепшн орны да бос тұрды. Кейін тісімді рентгенге түсіруге ішке қарай кіргізді. Иығым мен кеудемнің жоғарғы тұсы қатты ауырып басталғанын айтқан едім. Иығымды ұстап көре бастады. Қолтық жағымнан бастап екі қолымен ұстап бастады. Сосын мен тек сол жағым ауырғанын және қазір ауырмайтынын айттым. Кейін көкірегімнен төмен қарай ұстай бастады. Сосын ол кісі бірден: "Салыстырып жатырмын, сол жағың ісімеген бе көрем, ақыл тісте солай болады" деді. Кейін қолымен екі көкірегімді толық ұстағанын сездім, тым төмен кетті. Мен орындықта отырдым, ол төбемде арқа жағымда тұр. Қатты дірілдеп, атып тұрдым. Жаман ойламадым. Дәрігер ғой деп ештеңе демедім. Тіске қатысы бар деп ойладым. Шығып бара жатып "жүріңіз" деп қолы көтеніме тиді. Тағы да ойымда дым болмады. Тиіп кеткен шығар дедім.

Жалғыз болған соң қорықтым. Сұрап, ескертіп, айқайлайтындай болмадым. Ойымда, өзім де жаман ойлай алмадым. Бірақ жаман сезімде шықтым. Ақыл тіс деп мені кешке жақын жұлдыруға шақырды. Шыдатпай жатса да барған жоқпын. Жақсы маман іздеп, уколмен тағы бір күнімді ауырып өткіздім.

Ертесі басқа стоматологияға қаралдым. Ақыл тіс немесе нерв ашылған бір тіс болуы мүмкін екенін айтты. Нақты айтпады. Мына тісті ашып көреміз, нерв болса емдейміз, болмаса, демек, ақыл тісіңізді жұламыз деді. Менің тісім ойыншық па? Ол жақтан да кетіп қалдым.

Үшінші стоматологияға бардым. Таныстарымнан сұрап жүріп таптым. Ол кісі бірден нерв ауыртып жатқанын, ешқандай ақыл тіс еместігін айтты.

Ойлаңызшы, бірінші стоматология менің ақыл тісімді жұлмақ болды. Сау, әлі мүлде шықпаған тісімді. Одан кейінгі екі стоматологта менің денеме емес, тек тісіме қарады. Денемді ұстаған жоқ. Сол кезде ғана мен түсіндім. Сол кезде ғана нақты сенімді болдым жаман ойына.

Екі күн көзімнің сорасы ағып, нерв тазалады. Уақыт өткізіп алдым. Воспаление болды. Бір ай болды әлі емдеп жүрмін. Бүгін тағы сыздатып жанымды жеп жатыр. Тағы бір ай жүретінімді айтты. Бір ғана тісім үшін сонша қиналып жүрмін. Ақшасы бөлек тақырып, дегенмен жанымнан артық емес.

Мен шатақ шығарып, бірден тиісіп, ұрысып, арам ойлайтын адам емеспін. Бір ай уақыт өтседе әлі миымнан шықпайды. Тағы да үндемей қалдым, тағы да мен жаман болдым, тағы да менде қорқыныш. Соңғы жылда стоматология саласы интернетте хит боп жүр. Маркетинг жағы дамығанмен, сапасы жағынан өкінішке орай мен үшін. Бірі арзан деп жүгіре салады, бірі қымбат деп сапасына сене салады. Тіске немқұрайлы қарамаңыздар!
162 views13:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 16:17:59 Маған ауыр тиген жағдай туралы осында бөліскім келеді. Ұзақ жазба. Оқып, сіздерде де соған ұқсас жағдай болса, жекеде маған бөлісулеріңізді сұраймын.
155 views13:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 16:16:01 "Тістерің ауырмасын" деп кіріп келсем, қалай?
158 views13:16
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 13:59:02 Біз сіздерге соны ұсынып отырмыз Кері байланыс күтеміз. Сіздердің әрбір пікіріңіз-біздің диплом бағасы
242 viewsedited  10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 13:57:32 Біз диплом барысында медиасауаттылыққа байланысты көпплатформалы контент әзірледік. Жоба бойынша «Медиасауаттылыққа 10 қадам» атты кітапша жазылды. Басты мақсат – осы кітапшаны даярлау, одан соң кітаптың смартфондарға арналған PDF нұсқасын, әлеуметтік желіге таратуға видео материал жасау. Сонымен қоса Телеграм каналға жүктеп, кері байланыс, пікір қалдыру мүмкіндіктерін орнату.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі журналистің жұмысындағы фактчекингті қарастыру. Ұсынылған ақпараттың шынайылығына тек кәсібилердің емес, көпшіліктің де көз жеткізе алуы. Медиасауатты болуға жасалатын қадамдарды жасай отыра, ұғынықты контент әзірлеу.  
246 views10:57
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 00:06:13 Күннен қорғайтын кремді алдым. Енді диплом қорғайтын адамды қайдан алам?
31 views21:06
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 00:03:29 балмұздақты жырлап отырғанда каналымнан қанша адам шығып кетті екен и)
34 views21:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 00:03:24 Джекпот ұтып алғандай сезімде тұрмын. Тоңазтқышта 2 күн бұрын алған балмұздағым әлі тұр екен. Есіме түсіп кетті ғой
34 views21:03
Ашу / Түсініктеме