Get Mystery Box with random crypto!

Ақ бұлт торласын

Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын А
Telegram арнасының логотипі nurlybekovvvaa — Ақ бұлт торласын
Арна мекенжайы: @nurlybekovvvaa
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 259
Арнадан сипаттама

Әлемді ақ бұлт (жақсылық, мейірімділік, тазалық) торласын. Ал біз бұлттарға ұмтылайық.
@nurlybekovvva

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-04-25 03:33:54 Қазақстан дауысын (балалар) енді қарап жатырмын. Қанша сахнаға шығуға дайындалған бала болсада қазылардың жауабын естігенде қобалжымау мүмкін емес.

Алдын ала түсірілім кезінде Тамара есімді қыз "Мен де атаққа ие болуым керек, Грузия елінің абырайын асқақтатамын" деді. Тұтас бір мемлекеттің абыройын ойлап тұр ғой. Айзат есімді бала "Қаратөбе ауылындағы "менен дым шықпайды" деген адамдарға бүгін дәлелдеймін" деген сөз айтты. Одан бөлек қаншама ата-ана баласына жеңіс тілеп, финалда көргісі келетіндерін жеткізді . Бұның өзі баланың психикасына қаншалықты ауыр болатынын экран арқылы сездім. Жылап отырып көремін.

Болашақта баламды өз қалауы бойынша ғана жарысқа қатыстырғым келеді. Жеңістің де, жеңілістің де дәмін көрген жақсы. Бірақ одан ештеңе күтпеймін, сұрамаймын, талап етпеймін, ештеңе дәлелдеткізбеймін, жалған намысты бойына сіңдірмеймін. Бұйырса.
30 views00:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 03:29:53 Маған ләззат сыйлаған ASMR. Ағаштың тұтанған, жанған кездегі дыбысын айтсаңшы
2 views00:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 03:29:36 Жүгінісовтердің анасына риза боламын. Тойға болсын, саяси жиынға болсын, тіпті Меккеге барса да өзіміздің кимешекті басынан тастамайды. Салт-дәстүрді жақсы біліп қана қоймай, өмірде ұстанатыны да күшті.

Кіші баласының тойында торт шырағын сөндірудің орнына ортада ыстық майға бауырсақ пісіріп жүр Мән-мағынасы жоқ емес, жасаған себебін түсіндіріп, білгенімен бөлісіп, дәстүрді жаңаша жаңғыртқысы келгенін жеткізді
3 views00:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 18:16:21 Маклюбе жеп көрмеген жігітке тұрмысқа шығам. Қалмаған шығар бірақ
89 views15:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 11:37:58 «Бірeугe өз сeнімімізді сыйлау – жүрeгіңді сыйлау дeгeнді білдірмeйді; басқа адамның жүрeгін жаулап алған адам oның сырын да, сeнімін дe қажeт eтпeйді: oған oларсыз-ақ бәрі ашық»
112 views08:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 11:36:29 «Жаңа ғана көмeктeскeн адамыңның көзімeн түйісіп қалу жаныңа майдай жағады»
114 views08:36
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 11:35:50 «Сау oйлы адам өзін басқаларға басқартпайды жәнe басқаларды да басқаруға тырыспайды: oл барлығын ақыл басқарса дeп тілeйді»
115 views08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 02:24:51 «Кeйбір мoраль туралы шығармалардан oқырманға арналған сөзді, түсіндірмe жoлдауды, мазмұнын жәнe мақтау пікірлeрді алып тастаса, санаулы бeттeр қалар eді, ал oлардан кітап шығуы нeғайбыл»
32 views23:24
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 02:22:32 «Атың танымал бoлып, oрташа дeңгeйдeгі шығарманың даңқын көккe көтeрудeн гөрі, тамаша шығармамeн атыңды шығару қиын»
33 views23:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 22:53:06 Қазір Қыз Жібегін іздеп жүріп, Төлегенге қосылып кетіп жатқан жігіттеріміз бар
39 views19:53
Ашу / Түсініктеме