Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арнадағы тақырыптар:
Серіктестік
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 20.62K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2024-04-30 13:13:27 Алматыдағы жаңалықтардан: сенбі күні Beeline Қазақстан компаниясының шақыруымен beetech conf атты көп салалы IT конференциясына қонаққа бардым. Бұл іс-шара осымен төртінші жыл өткізіліп келе жатыр.

Бұл жолы қазақстандық IT мамандармен қатар, шетелдік ірі NVIDIA, Tinkoff, Avito сынды компаниялардың мамандары тәжірибелерімен бөлісті. Биылғы жылдың баяндамалары: менеджмент, Engineering және Big data бағыттарына арналды.

Ерекше есте қалғаны, QazCode (Beeline Қазақстанның IT-компаниясы) NVIDIA технологиясы негізінде AI өнімдерін әзірлеуге арналған Орталық Азиядағы алғашқы GPU желіде сақтау жүйесінің құрылатынын хабарлады.

Жалпы, Beetech conf секілді конференцияларға қатысып қана қоймай, пайдалы нетворкинг жасауды ұмытпаңыздар. Өз басым біраз таныса алмай жүрген адамдармен көрісе алдым.

P.S: Конференциядағы баяндамаларды Beetech YouTube арнасынан қарай аласыздар
6.0K views10:13
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 13:00:57 Тизер қолдау.
5.1K views10:00
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 12:47:48
Рахима Куандыкова: психологтар психологы / Narikbi LIVE #88

Бұл подкаст қонағы халықаралық реестр психотерапевті - Куандыкова Рахима Жолтановна. Рахима ханым 18 жылдық психотерапия тәжібиресімен 300 астам психолог мамандарды оқытып, халықаралық нарықта сұранысы бар түлектер шығарған.

Шығарылымда көпшілікке психология тақырыбында көбіне қозғала бермейтін тақырыптарды талқылауға тырыстық.



5.1K viewsedited  09:47
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 21:52:43 Оффлайн кездесуге келгісі келіп жүрген жандарға, ертең (27 сәуір) 20:00 Divergents.kz атты жобаның ұйымдастыруымен өтетін іс-шараға келсеңіздер болады.

Толық ақпарат үшін:
https://t.me/improvisio/679
6.1K views18:52
Ашу / Түсініктеме
2024-04-22 18:17:34 Кейде өзіме керек ақпараттарды қазақ тілінде табу қиынға түседі. Шыны керек, қазақ тілі әлі де бұл тұрғыда көш соңында келеді.

Алайда, жақында Яндекс Поиск-ты тексеріп көрдім. Нәтижесі мені таңқалдырды, қазақша ақпараттарды тез әрі сапалы түрде тауып алдым.

Осыған өздеріңіз көз жеткізу үшін Яндекс арнайы науқан жасауда. Ұялы телефоныңыздағы браузеріңіздің іздеу жүйесін Яндекс-ке өзгертіп, теңгерімге қосымша сый ретінде 1000 теңге ала аласыздар.

Осы науқан туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы таба аласыздар. Назарларыңызға көп рахмет!

#серіктестік
7.1K views15:17
Ашу / Түсініктеме
2024-04-15 15:50:38 Алматы

Салем, мен сүйікті қалам Алматыдамын. Екі күн бұрын ұшып келдім. Ұлымыз алғашқы рет Қазақстанды көрді. Әзірге реакциясы жақсы

Осында екенімді байқаған кейбір оқырмандар кездесу ұйымдастырасыз ба деп жазып жатыр. Негізі, жақсы ұйымдастыратын азаматтар болса, әрине барғым-ақ келеді.

Әсіресе, университет қабырғаларында өткізу қызық болып тұр. Қысқасы, нақты ұсыныстар түскенде осында жаза жатармын.
9.0K views12:50
Ашу / Түсініктеме
2024-04-08 11:56:05 Салем құрметті оқырман,
Елімізде болып жатқан апаттарға байланысты баршамызды бірлесіп көмек беруге шақырамын.

Әзірге мен білетіндерден "Biz bizgemiz" қоры көмек беріп жатқанын көрудемін. Аз да болса, көмегімізді білдірейік.

Дұғада болуды да ұмытпайық. Рахмет.

Каспиге сілтеме:
https://kaspi.kz/pay/fundBBQ
10.6K views08:56
Ашу / Түсініктеме
2024-04-04 15:31:15 Үміт

Бүгінгі эпизод мен үшін маңызды шығарылымдардың бірі. Екі жыл бұрын мен білім саласының эксперттерін іздеуде едім. Сол кезде бірнеше адам Аралбек мырза туралы айтты.

Кейін бизнесмен Айдын Рахимбаев өзі оқыған Абай облысындағы Құлынжол ауыл мектебіне жаңаша мектеп директорына іздеу салады. Үлкен конкурстан Аралбек мырза өтіп шығады.

Алайда, Аралбекке Астанадағы физмат мектепке директор болуға ұсыныc түседі. Бірақ, ол ауыл мектептерін көтеру маңыздырақ екенін түсініп отбасысымен ауылға көшеді. Ол комфортта қалалық топ мектепті басқарудың орнына, қарапайым ауыл мектебін таңдады.

Бұл подкаст - үміт туралы. Аралбек мырза ауыл мектебін қала деңгейіне көтеру үмітімен кетті. Алайда, шын өмірді өзгеше болады. Бірақ, ол өз миссиясында берік болды.

Екі жылда не өзгергенін осы подкасттан біле аласыздар. Мен жазған подкасттардың ең қызықтарының бірі деп осы деп айта аламын.

Осындай подкасттар әдетте көп қаралым жинамайды, сол үшін сіздердің жақындарыңызбен бөліскеніңіз өте маңызды.
10.4K viewsedited  12:31
Ашу / Түсініктеме
2024-04-04 14:42:49 Тизермен бөлісіп кетіңіз


7.0K views11:42
Ашу / Түсініктеме
2024-04-04 14:37:44
Қаладан ауылға. Мектеп директорының оқу жүйесін ауыстыру жолы / Аралбек Берікұлы / Narikbi LIVE #87

Бүгінгі подкаст қонағы математика пәні мұғалімі, Казнаковка орта мектебінің директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері және 3 кітаптың авторы - Аралбек Берікұлы.

Аралбек Астанадағы жоғары лауазымды қызметін тастап, ауыл білім берудің деңгейін көтеру мақсатында Абай облысы Құлынжол ауылына көшіп, жергілікті орта мектептің директоры атанған.

Бұл подкастта Аралбек мырзаның ауыл мектептерінің шын жағдайын, білім берудегі қиыншылықтар мен мүмкіндіктер және ауыл мен қала оқушыларының армандары мен мақсаттарын талқыладық.



8.5K viewsedited  11:37
Ашу / Түсініктеме