Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2023-03-31 17:01:27 Color grading

Біз соңғы кездері Жасанды Интелекттің (AI) революциясын көрудеміз. ChatGPT-дің берген жауаптарымен таң қаламыз. Midjourney салып берген суреттеріне қарап сүйсінеміз. Расымен, бұл бір жаңа технологиялар үлкен өзгеріс алып келері сөзсіз.

Бүгін жұмаға бара жатыр мынадай бір ой келді. Біз подкаст түсіруде кәсіби камераларды қолдануға тырысамыз. Олардың бір ерекшелігі - түстерді жеткізе алу қабілеті. Камераның деңгейі өскен сайын түстерді де көп көре бастайды. Ал оның түс жеткізе алатын қабілетіен ашу үшін біз видеоны түссіз, боялмаған форматта түсіреміз.

Яғни, видеода нақты бір түс болмайды. Ол түстерді біз кейін монтаж үстінде "бояймыз". Сонда, түстер ашылып, қанық әрі көзге ұнамды болады. Негізі, оны ағылшынша color grading деп те атайды. Ютубтан іздеп көрсеңіз болады. Бұл оңай жұмыс емес. Үлкен жобаларда онымен айналысатын бөлек мамандар болады.

Әдетте, сіз айфонға видео түсірсеңіз осы color grading-ті телефоныңыз өзі жасайды. Яғни, операциондық жүйе осы түсті дәл осылай көрді деген сөз. Сол үшін де әр телефон видеоны әрқалай түсіреді. Кейбірі суық түсті, кейбірі жылы түсті болады дегендей.

Енді бізге қарайықшы. Біздің көзіміз бен миымыз осы color grading-ді өзі жасайды. Көз қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, миымыз қорытып, бояп, бізге әдемі суретті лезде береді. Ешқашан, ешқандай камера мен жасанды интеллект сіздің көзіңіз көретін сурет пен түстерді бере алмайды. Ол мүмкін емес.

Өйткені, оны бір дизайнер, программист, инженерлер емес, Құдай Тағаланың өзі жасаған. Міні жоқ. Осыны ойланып, біз неге сонша ChatGPT-ге таң қалып, осы құдыретке таң қалмаймыз? - деген ой келді бүгін.

Ойланған адамға әрбір затта Жаратушының қалдырған іздері мен дәлелдері бар дейді ғой. Соны көре білетін көз керек, әрине. Сол үшін шығар Құранда: "Көздер соқыр емес - алайда кеудедегі жүректер!" (Хадж сүресі 46 аят) деп айтылған.

Жұмадағы тілегім - бастысы, жүректеріміз соқыр болмасын. Амин.
710 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2023-03-28 13:00:14 European Ramadan

Соңғы жылдары халықаралық ортада жүргеннен соң әр түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерін көремін. Әсіресе, рамазан кезіндегі еуропалық мұсылмандарды көрген қызық екен.

Менің бір байқағаным - көп халықтарда рамазанға арнайы тағамдары болады екен. Мен оны әсіресе үнділерден көрдім. Үндістан елі өзіңінің ерекше тағамдарымен танымал ғой. Әлемнің қай жеріне барсаң да үнді ресторанын табасың.

Кеше менен үнді әріптесім келіп: сендер рамазанға қандай арнайы тамақ дайындайсыңдар? - деп сұрады. Сөйтсем, бізде арнайы тамақтан тек Наурызға көже ғана бар екен ғой. Мен өз басым ауылда сәресіне айран не сүт қосылған тары жейтін едік. Басқа ештеңе айта алмадым.

Рамазанда араб әріптестерімнің көбі елдеріне баруға тырысады. Амстердамда рамазан мүлдем сезілмейді - дейді олар. Келісем, расымен рамазанның вайбы сезе алу қиын. Бастапқыда сол үшін қиналатын едім. Күніге ауызашарға шақырып, кейін тарауихқа жиналып баратын достарың жоқ. Сағаттап оқитын тарауих та жоқ.

Осында келгелі, қысқа тарауихтың не екенін біле бастадым. Мысалы, түріктердің мешітіне барсаң, құптан мен тарауих намазы небары жарты сағатта бітіп қалады. "Недогон" болып жүресің. Алайда, кейін түсіне бастадым. Мешітке жиналатын көпшілік - қариялар. Олар ұзақ оқи алмайды.

Біздегі мешіттердің басты ерекшелігі - жастар. Алматыда біз намаз аяқталғанда дұға жасайық деп қария кісіні іздеп кететін едік. Тағы бір ерекшелік, біздің мешіттерде жиналып, бір адам ортақ дұға жасайды. Осында әр адам бөлек дұға жасап тұрады. Индивидуализмді тіпті осы жерден де көруге болады.

#ramadan2023
911 views10:00
Ашу / Түсініктеме
2023-03-24 19:26:02 Narikbi LIVE pinned a photo
16:26
Ашу / Түсініктеме
2023-03-24 19:22:48
Тизер



1.2K views16:22
Ашу / Түсініктеме
2023-03-24 19:20:37
Төребек Бекбаев: шартсыз өмір, сезімдерді жеткізу, сұрақ қою өнері / Narikbi LIVE #62

Бүгін подкаст қонағы белгілі психолог - Төребек Бекбаев. Бұл подкастта біз шартсыз өмір сүру, ата-анамен қарым қатынас, сезімдерді түсіну және т.б. көптеген тақырыптарды қозғадық. Қарап, пікір қалдырып, достарыңызбен бөлісіп қойыңыздар.











00:00 Тизер
01:30 Төребек Бекбаев кім?
06:00 Құл-Патша концепциясы
12:05 Рамазанға сыйлық
13:20 Сезімдерді оқу
17:00 Ойлану қашан құлшылық болады?
19:30 Не үшін өмір сүріп жүргенімізді білмесек?
21:00 Тура жолды қалай табамыз?
23:30 Біз қалай ренжиміз?
30:00 Шарт қою қайдан басталады?
34:20 Шартсыз махаббат қандай?
38:20 Сұрақтар қоюдың маңыздылығы
45:30 Детский травма туралы
57:00 Салыстыру, күшті ортада өсу
58:30 Осы ойлар қалай келеді?
1:01:00 Нәпсі деңгейлері
1:09:30 Гельштат терапия жайлы
1:18:21 Блиц!
1.4K viewsedited  16:20
Ашу / Түсініктеме
2023-03-22 17:18:14
Кішкене әзілден болсын. Мынаны Амазоннан тауып алдым. Еуропалықтар әлі де Рамазанның толық мағынасын түсінбеді ау дейм.

Сілтеме: https://a.co/d/66qXCLU
1.5K viewsedited  14:18
Ашу / Түсініктеме
2023-03-22 17:08:40 Ramadan x Nauryz

Бүгін бір қызық күн болды. Наурыз мерекесі мен Қасиетті Рамазан айы бір күнде басталып жатыр екен. Өте ғажап бір құбылыс.

Жұмыста менің командамда 4 араб ұлтының өкілі бар. Кеше офиста жүргенде олар маған келіп "Ramadan Careem!" деп құттықтап өз жоспарларымен бөлісті. Сөзсіз, араб елдері үшін Рамазан тіпті ерекше мереке.

Ал түркі халқының өкілдері бір бірін наурызбен құттықтап жүр. Наурыздың да біздің өмірде бөлек орны бар мереке екені белгілі ғой. Оның ішінде иран халқы да бар.

Қызығы, оны көрген менің еуропалық әріптестерім таң қалады. Біреуі: қалай бір ай бойы тамақ жемей жүре беруге болады? - десе, басқасы: Наурызда қандай тағамдар дайындайсыңдар? - деп қызығады.

Байқағаным, біздің мәдениетіміз батыс елдеріне әлі де үлкен жұмбақ екен. Көшпелі әрі мұсылмандық құндылықтар тоғызқан біз ел үшін осыны әдемі түрде жеткізе білу маңызды.

Сол үшін кейде өзімді қазақ халқының елшісі секілді сезем. Өте жауапкершілігі мол іс ол. Олар сені қалай таныса, бүкіл елді де солай танитын болады. Әрқайсысымыз осындай ұстанымда болсақ, еліміз де әлем жаңа қырынан тағып қалар.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтадым. Ал, күннің батуы мен айдың тууымен келіп жеткен Қасиетті Рамазан айы барша мұсылған қауымы үшін жемісті әрі берекелі болғай.
1.7K viewsedited  14:08
Ашу / Түсініктеме
2023-03-19 15:25:43 Overcommitment

Тайм менеджментте біз көбіне уақытты тиімді қолдану деп түсінеміз. Ол дұрыс, алайда бұл оның бір-ақ тұсы ғана. Жалпы, тиімділік - ол мақсат емес, құрал деп қана түсіну қажет.

Ал негізгі мақсат - ол бір нәтижеге жету. Егер сіз ешқандай тайм менеджмент, agile, помодоро, т.б секілді құралдарсыз жақсы нәтижеге жетіп жатсаңыз, онда сізге олардың қажеті де жоқ шығар.

Бұл жердегі ең маңыздысы - дұрыс мақсат қоя білу. Қызығы, біз ең көбіне осы жерден шалынамыз. Сіз өте тиімді жұмыс істеп, мақсатты дұрыс қоя алмасаңыз, жұмысыңыз зая кетуі мүмкін.

Айтайық, сіз дұрыс мақсат қойдыңыз. Бірақ, 24 сағат күніңіздің қанша сағатын осыған арнамақшысыз? Егер 8 сағат ұйқыға кетеді деп алсақ, 16 сағат қалды. Жұмыс істесеңіз оның 8 сағаты жұмысқа кетеді.

Спорт - 1,5 сағат, ағышлын үйрену 1 сағат, Құран оқу 30 мин делік. Әлі де 5 сағат бар. Отбасымен уақыт өткіземіз (кешкі ас) - 2 сағат. Тағы, сіз жаңадан жұмысыңызға байланысты 2 курс оқуыңыз керек. Әрқайсысына 2 сағаттан керек.

Байқадыңыз ба, біз 24 сағаттан асып кеттік. Біз тағы әлеуметтік желіні (insta, tiktok, youtube), жолдағы кептелісті қоспадық. Осыны overcommitment, яғни шектен тыс міндеттеме деп айтады. Логикалық тұрғыда бұл өте қызық. Адам бұлай жұмыс істей алмайтыны сөзсіз.

Алайда, осындай міндеттемелер алып, барлық уақытыңызды осылай бөліп тастағанда сізде бос уақыт қалмайды. Ал адам баласы сол бос уақытты іздей бастайды. Осылайша, біраз уақыттан кейін артық заттар өз өздері ақ жолдан түсіп қалады.

Мысалы, жұмыстағы бір курс артық екен, спортқа 1 сағат бөлсек жетеді, ағылшынды бір деңгейге жеткенде 30 мин уақыт қана керек екен. Яғни, бұл техника арқылы сіз өзіңізге нақты керек 2-3 мақсатты тауып алып, қалғандарын "смело" тастай аласыз. Ал, бос уақытты жейтін заттар мүлдем уақыт қалмайды, осылай прокастинацияны да жеңуге болады.

Бұны ағылшынша prioritization, яғни маңыздылықты анықтау дейді. Осы методты мысалы біздің компьютердегі операционкамыз қолданады. Ол өз қарамағындағы барлық жадыны барлық процесстерді бөліп, артық ештеңеге жетпей қалатындай етіп қалдырмайды. Кейін приориттерге байланысты, керек емес процесстерді "тастап" жібереді.

Сіз де осылай overcommitment жасап көріңіз. Ойдағы барлық мақсаттарыңызды қағазға түсіріп, күніге уақыт бөліп тастаңыз. 24 сағаттан асырып жіберіңіз де, бастаңыз. Нәтижесімен, бөлісіп қойыңыз)

Іске сәт.
2.1K views12:25
Ашу / Түсініктеме
2023-03-17 18:14:45 ChatGPT

Қазіргі ең хайп тақырыптардың бірі осы ChatGPT шығар. Бұл AI технологиясының индустрияны біраз өзгертетіні сөзсіз. Көп компаниялар өздерінің приоритеттерін өзгертуде. Біздің компания да солардың қатарында.

Осыған байланысты адамдар көбіне, бұл біздің жұмыстарымызды алып қоймай ма? жұмыссыз қалмаймыз ба? - деп сұрап жатады. Шын айтсам, бұл сұрақтардың жауабын әлі ешкім білмейді.

Алайда, маған қызық жері мынау. ChatGPT-ға қандай сұрақ қойсаң, сондай жауап аласың. Яғни, сұрағың қаншалықты сапалы әрі терең болса, сәйкесінше сондай тұшымды жауап ала аласың. Бұл кері қарай да жұмыс істейді. Түсініксіз сұраққа, тура сондай түсініксіз жауап аласың.

Бұл бір қағидаға алып келеді. Біз сұрақты қояды білуіміз керек. Ал бұл - өте оңай емес жұмыс. Тіпті, қазір батыс нарығындағы компаниялар ChatGPT Prompter деген позицияны, яғни ChatGPT-ге дұрыс сұрақ қоя алатын адамдарды іздеуде.

Ойланып қараңызшы, технология қанша дамыса да, біз дұрыс сұрақ қоя алмасақ, бұдан еш пайда жоқ. Дұрыс сұрақ қойған адам, жауаптың 90% біледі деп айтады ғой. Тіпті, Құранда Ибрахим және басқа да пайғамбарлардың өз қауымына дұрыс сұрақ қою арқылы ойландырғаны келтірілген.

Ал бізге дұрыс сұрақ қою неге маңызды? Өйткені, дұрыс және нақты сұрақтарды тек өзі ізденісте жүрген адам ғана қоя алады. Сол үшін, жұмыссыз қалмас үшін, бізге әрқашан ізденісте жүру қажет.

Бұл бұрыннан келе жатқан қағида болса да, 2023 жылы өте өзекті болып тұр. Айтарым осы.
2.1K viewsedited  15:14
Ашу / Түсініктеме
2023-03-13 19:42:36 Everything Everywhere All at Once Мен жақсы кино көрмегелі көп уақыт өтті. Осылай жалғаса бере ма десем, кеше "Все везде и сразу" атты фильм мені таң қалдырды. Осындай әр сценаға егжей-тегжейлі мән берген фильм көрмеппін. Киноның негізгі идеясы - біздің…
3.3K views16:42
Ашу / Түсініктеме