Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-05-13 14:22:47 Менің өміріме асыл дініміз Исламды дұрыс түсінуіме ең қатты әсер еткен адамдардың бірі - Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз.

Кезінде мешітте уағыздарын тастамайтын едім. Күліп отырып, жылататын. Өте терең ойларды оңай жеткізе алатын. Ұстаздың @bauirjanaliuli телеграм каналын үзбей оқитын едім.

Ол жақта ұстаз қысқа болса да, күніге ойландыратын жазбалар қалдыратын. Жүзі де, сөзі сондай жылы кісі.

Бүгін ұстаздың Раббысына қайтта деген суық хабар жетті. Әлі сене алар емеспін. Туған ағамды жоғалтқандай сезімде отырмын.

Ғалымдардың азаюы - қияметтің белгісі деуші еді. 2020 жылдан бері біраз ұстаздарымызды жоғалттық. Бірақ, ол кісілер қайтыс болса, ойлары мен уағыздары ютубта пен подкастта тірі.

Кейде подкаст жасауымның себебі осы шығар деймін. Менің де ойларым осылай келешек ұрпаққа сақталса екен деп.

Ұстазға дұға етіп қояйықшы. Аллах Фирдаус деңгейін нәсіп етсін.
4.6K viewsedited  11:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 19:27:49 Narikbi LIVE pinned «

16:27
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 19:03:43
Тизер. Әлеуметтік желіде бөлісіп қойыңыздар)
3.6K views16:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 19:00:07

3.7K views16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 18:57:08
Yenlik: кайдзен, әйел бақыты және өзіңді табу | Narikbi LIVE #48

Бүгінгі подкаст қонағы - Yenlik.

https://sajda.app - әлемнің кез келген қаласы үшін намаз уақыттары.
Mazmundama баспасынан кітап алу үшін: https://clck.ru/gwcWt

Yenlik: https://www.instagram.com/yenleak
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi

Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live

#yenlik #подкаст #narikbilive
3.8K viewsedited  15:57
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 12:37:02 Liberation day

Мен қазір Алматыда қашықтықта (remote) жұмыс істеп жүрмін. Бүгін коворкингке келсем, адам жоқ. 9 мамыр демалыс күні екен ғой. Еуропада тұрып ол жайлы ұмытып кетеді екенсің.

Көбі Еуропада бұл күні не істейді деп сұрап жатады. Әр мемлекетте әр қалай. Нидерланды елі 5 мамыр күнін - "Азат ету күні" (ағылшынша Liberation Day) деп атайды.

Дәл осы күні 1945 жылы канадалық, британдық және американдық әскерлерлер толығымен голландықтарды фашисттік режимнен азат еткен. Байқағаным, бұл күнді жергілікті тұрғындар ерекше қылып тойламайды. Жай ғана еске алу күні деп қарастырады.

Олар бұл соғыстан біраз қиналды. Ірі теңіз порты бар Роттердам қаласы толығымен жер бетінен жойылып кете жаздады. Еврей халқында осы жерден концлагерлерге де жіберді. Әйгілі "Анна Франк" еврей қызының оқығасы өзі не тұрады.

Жалпы, батыс елдеріндегі соғыс тарихын оқысаң біраз көзқарасың өзгереді екен. Мысалы, біздің мектептерде соғысты кеңес үкіметінің қызыл армиясы ұтып шықты деп айтады. Алайда, бұл соғысты біріккен ағылшын, британ, американ, француз әскерлері де ұтты. Бұл ортақ жеңіс.

Тіпті, мені британ әскерінің қайсарлығы таң қалдырды. Мысалы, олар "энигма" атты өте күрделі неміс шифр жасайтын мәшінесін қайты шифрлады. Бұл мәшіне арқылы фашисттер бір біріне құпия ақпаратты таратқан. Кей тарихшылар "энигма" шешілмедегенде, мүмкін соғыс басқашалай болушы ма еді деген тұжырым жасайды.

Айтпағым, тарих деген өзі қызық дүние. Әр халық пен ұлт оны өз көзқарасымен талдайды. Осыны ойлап, кейін ресейліктерге қазіргі Украинамен соғысын қалай түсіндіреді екен деймін.

Біз өткен тарихы жыл сайын ауысып тұратын уақытта тұрып жатырмыз ау деген ой келеді.
3.4K viewsedited  09:37
Ашу / Түсініктеме
2022-05-06 17:42:35 Ал қарап, комменттер қалдырып кетіңіздер, иә?)



2.5K views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 14:40:58
Бүгін әйгілі Қуаныш мырзалар бастаған ТТБ жобасына қатысу бұйырды. Барлық шыққан эпизодтардың ішінде ең ұзағы осы болды дейді жігіттер.

Сіз ТТБ көресіз бе? Қай шығарылым қатты ұнады?
470 viewsedited  11:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 09:12:31 #рамазан_күнделігі_2022
#рухани_әңгіме

Рауан Чингужанов ағамен жиі сұқбаттасып тұрамыз. Бірде шүкірлік тақырыбын қозғадық. Рауан аға сөмкесінен қалың дәптерін шығарды да, айтты "міне, менің шүкірлік күнделігім" деп. Майда жазулармен ана қалың дәптерді толтырып тастаған ғой. Әлі күнге дейін жүргізеді екен. Мен кезінде 6 ай шүкірлік күнделігін жүргізіп, ішіне 1800 шүкірлік жазып, "осы да жетер" деп тоқтатып қойғам. Сөйтсем, оны тоқтатпау керек екен. Себебі ол мұсылманға, Рауан ағаның сөзімен айтсам, "позитивный, энергичный, заряженный" боп жүруге көмектеседі екен. Ал бұл – дұрыс мұсылманның дұрыс күйі. Мұсылманның "не позитивный, не энергичный, не заряженный" боп жүруі дұрыс емес. Қарап отырсам, шүкірлік дәптерін күнделікті жүргізбегендіктен сондай күйге түскен күндерім аз болмапты.

Сосын Рауан аға тағы бір шүкірлік лайфхагі жайлы айтып берді. Мәшінесін СТО-дан шығарып, жолда келе жатқан ғой. 1 ай жөндеуде жатқан көлігін сағынып қалған. Жүрісі әдемі. Өзін ең бақытты жүргізуші сезінді. Соған қатты қуанып, шүкірлігі ішіне сыймай, бірден әйеліне хабарласты "бәйбіше, студенттеріме каспи.кз арқылы садақа аудара салшы" деп. "Қанша аударайын?" деп сұрады жеңгеміз. "Өзің біл дедім. Ол бір соманы айтты.
Мен содан 3 есе көп етіп жібер дедім" деді Рауан аға.

Ол осы шүкірлік күйін бірден садақамен ұстап, шегелеп тастағысы келгендей. Ол кісі "қазір үйге барайын, сосын садақа жасаймын" деген жоқ. Ол дәл қазір осы күйді ұстап алмаса, кейін кеш болатынын өте жақсы түсінді. "Шүкір – барды байлау, жоқты қармау". Жай "шүкір" деп айта салуға да болар еді. Бірақ ішіңе сыймай бара жатқан қуанышты садақамен білдіру мүлдем басқа сезім сыйлайды. "Шүкір етсеңдер, [міндетті түрде] арттырамын" (Құран, 14:7) деген аят еске түседі осындайда. Шүкірлік шыңы – іс-әрекетпен, мысалы, садақа берумен жасалған шүкірлік деп білемін.

Қазір мен де көлігім сүрінбей келе жатқанда, парковкаға орын табыла қалғанда, үстімдегі киімім әдемі тұрғанда, шашымды әдемі етіп алғанда, интернет жылдам болғанда, т.б. кішкентай нәрселерге қатты қуанатын болыппын. Осы бір күйді ұзағырақ ұстап тұрғым келеді. Ол үшін садақа беруім керек деген ой келеді алдымен.

Бір істі бастап, жарты жолда тастап кететін жандарға шүкірлік ету тұрақты болуға көмектеседі. Мысалы, бір жігіт күнде таңертең жүгірем деп мақсат қойды дейік. Бір күн жүгіреді. Екі күн жүгіреді. Сторизге жүгіргенін салып қояды. "Тәні саудың – жаны сау" деп жазады өзінше. Бір апта, ары кетсе екі апта тұрақты жүгіреді де, болды, сонымен тоқтайды. Неге? Себебі ол өз-өзіне разы болып қойды. Өз-өзіне шүкір етті. Ал бұл оның қуанышын ұстап, шегелей алмады. Аллаға осы бір тұрақтылық қуанышы үшін шүкір етуі керек еді. Сонда Алла оның тұрақтылығын арттыратын еді.

Осы жазбамды жазып бітіргеніме қатты қуанып, шүкірлік қуанышы кеудеме сыймай тұр. Кеттім, садақа беріп қайтайын.

https://t.me/dzhigitbek
837 views06:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 19:43:44
Ал мен мында тыныш жүрмей подкаст жазып жүрмін.

Бүгін Еңлік ханыммен подкаст түсірдік. Мен жасаған эпизодтардың ішінде ең шынайы, әрі қызықтардың бірі шығар. Жуырда ютубтан күтіңіздер.

Сіздерден қонаққа заказ қабылдаймын, кімді келесі шақырайын?
2.1K views16:43
Ашу / Түсініктеме