Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2023-03-10 17:28:01 Салем достар, бүгін подкастты жасау маған ерекше көңіл күй сыйлады.

Аңсаған - менің қазақ стендапына деген көзқарасты өзгерткен адамдардың бірегейі. Бірінші шығарылымнан-ақ өмірінің көбі айта алмайтын тұстарын айтып, комплекстерді қалай жеңе алуға болатынын көрсетіп келеді. Жақсы көңіл күймен қарап шығып, пікір жазып, достарыңызбен бөлісіп қойыңыздар.

Ютубта алғашқы сағаттар өте маңызды. Рахмет.
1.6K viewsedited  14:28
Ашу / Түсініктеме
2023-03-10 17:11:17 Narikbi LIVE pinned a photo
14:11
Ашу / Түсініктеме
2023-03-10 17:11:10
Тизер.


1.9K views14:11
Ашу / Түсініктеме
2023-03-10 17:10:19
Аңсаған Садирханов: комплекстер, әкемен қарым-қатынас және психология / Narikbi LIVE #61

Бүгін подкаст қонағы стендап комик - Аңсаған Садирханов. Бұл подкастта біз ата-анамен қарым қатынас, стендаптағы әзілдер, қазақ тілі және т.б. көптеген тақырыптарды қозғадық. Қарап, пікір қалдырып, достарыңызбен бөлісіп қойыңыздар.









2.0K views14:10
Ашу / Түсініктеме
2023-02-28 18:58:46
Мына постты шетелде тұрған адам түсінеді. Ұзақ уақыт жырақта жүргенде қазаққа ұқсайтын адамды көрген сайын ішіңнен "осы кісі қазақ секілді.." деп тұрады екенсің.

Солай ойланып тұрған кезіңде қарама қарсы кісі сізге тура солай қарап тұрса, ол да қазақ болғаны. Бірақ, барлық кезде емес. Кейде қырғыз бауырлар да болып шығады.

Жақында жұбайыммен Амстердамдағы техника дүкенінде тұрғанда бір кісіге көзім түсті. Қазақ-ау деп тұрмын, бірақ еш түр көрсетпедім. Солай тұрғанда ол кісі өзі келіп, жымиып: қазақсыңдар ма? - деді. Қазақ екенімізді білгенде: "Эй мен де қазақпын ғой. Міне таныс, жұбайым мен балаларым тұр" - деп ар жағында тұрған отбасысына көрсетті.

Алайда, сөйлеу ырғағын мен сөз саптауына мән бергенде, бізден өзгеше екенін байқадым. Сөйтсем, бұл Түркия қазақтары екен. Нидерландыда көптен бері тұрады. Ағаның есімі Аднан, 42 жаста екен.

Қызығы, Аднан аға әлі бірде бір рет Қазақстанда болмаған екен. Қазақ тілін тек әжем үйреткеннен соң білемін, бірақ ұмытып барамын дейді. Көбіне түрікше сөйлейді. Балалары да қазақша білмейді. Алайда, үйренгісі келеді.

Арамызда сондай жылу диалог болды. Ағаның қуанып тұрғаны білініп тұрды. Бір бірімізбен инстаграм, whatsapp алмасып, қонаққа да шақырып үлгердік.

Жалпы, шетелде біз көрмейтін осындай қазақ диаспоралары өте көп. Кезінде Қанат Бейсекей досым осы туралы көп деректі фильмдер түсіретін еді. Бұл адамдардың көбі тілін, тарихын ұмыта бастаса да, қазақ екенін ұмытпайды.

Наурыз секілді мерекелерімізде бас қосуға да болады. Қазақ тілі курстарын ұйымдастыруға да болады. Идея көп.

Айтпағым, бір біріміздің бауыр екенімізді елде емес, көбіне жырақта жүргенде түсінесің. Әр қазағым - жалғызым деп бекер айтпаған шығар..
2.3K views15:58
Ашу / Түсініктеме
2023-02-24 13:52:33 Осыдан 3 жыл бұрын қай жерге барсам да, Darkhan Juzz әндерін тыңдап, дәріптеп жүремін деп жазып едім. Ол әлі күнге дейін солай. Дарханның әндерін жатқа білемін.

Мен подкаст бастағалы бері Дарханды подкастқа біздің қонақ ретінде көргім келетін еді. Көз алдымызда Алматы көшелерінде, Арбатта ән айтып жүрген баланың, қазақ музыкасының легендасына айналғанын көрдік.

Біз кейінгі подкастта Санжар ағамен осы "өлім өнерін" көп талқылап едік. Былай қарасаң, біздің күнделікті проблемаларымыз, адамдарға реніштеріміздің бәрі біз кеткеннен кейін сондай түкке тұрмайтын, болмашы зат болып қалады. Бір бірімізді бағалай жүрейік.

Қош бол, легенда. Ал Дархан үшін Фатиха оқып жіберейік.
Иманды болсын.
1.1K views10:52
Ашу / Түсініктеме
2023-02-23 16:38:15 Достар, жақында мен Forbes журналына сұхбат берген едім. Бүгін міне осы сұхбатымыз жарыққа шықты. Қазақстандағы IT мамандары, мен жұмыс істеген жобалар, әлемдік трендтер және т.б. жайлы сөйлестік.

Өте қызық әрі пайдалы шықты деген ойдамын. Бұл жолы орыс тілінде. Форбстың жақын арада қазақ тілді де контент жасай бастайтынына сенімдімін.



2.2K views13:38
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 15:56:47 Салем достар,

Осы шығарылымның мен үшін орны өте ерекше. Санжар Керімбай ағамызбен подкастымызды шығару үшін бірнеше ай уақытымыз бен еңбегіміз кетті.

Біріншіден, Санжар аға қазіргі күні Түркия елінде тұрып жатыр, ал мен Амстердамда тұрамын. Бір уақытта кездесе алуымыздың өзі ерекше оқиға.

Екіншіден, осы подкастты көп жоспарлап, бірнеше кітап оқып шықтым. Ал монтажын бір аптадай жасадық.

Және ең бастысы, осы подкаст арқылы рухани депрессияда, кризиста жүрген, өз өмірінің мәнін іздеп жүрген адамдарға арнап жасағым келді.

Бәлки, осы жобада шыққан ең қызық эпизодтардың бірі шығар. Көріп, коммент жазып, бағалап жіберіңіздер. Ютубта алғашқы сағаттар өте маңызды.
5.5K viewsedited  12:56
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 15:27:24 Narikbi LIVE pinned a photo
12:27
Ашу / Түсініктеме
2023-02-22 15:27:16
Тизер



2.8K views12:27
Ашу / Түсініктеме