Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE N
Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 23.81K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-09-16 20:00:27
Orynkhan: мүсін өнері, музыка & өз ісіңді табу / Narikbi LIVE #53

Бүгінгі подкаст эпизодының қонағы әнші әрі мүсінші - Орынхан Рахимбеков. Соңғы жылдары өзінің ғажап әуенді әндерімен таң қалдырып жүрген Орынхан бізбен өзінің өнерге келген жолы, мүсін өнерінің ерекшеліктері, музыка әлеміне шолу жасап шығады.

Ал подкаст соңында біздің тыңдармандарға арнайы орындап береді.
Жайғасып отырып, подкаст соңына дейін қарайтыныңызға үміттеміз.



5.9K viewsedited  17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-09-14 19:21:09 Бәрі ұмытылады

Жақында ойланып отырып, адам баласы табиғатынан өте ұмытшақ екеніне көзім жетті. Мысалы, кеше мен дәл бір жыл бұрын не істеп жүргенімді әрең еске түсірдім. Сіз де қазір еске түсіріп көріңізші.

Кейде өмірімде болған қиын сәттерді миымыз еске түсіргісі келмей, оларды ұмытамыз. Бұл жерде бір Құдайдың хикметі бар секілді. Олай болмаса, біраз өмір сүрген қарияларымыз өміріндегі барлық қателері қиын сәттерін еске түсіріп, уайымнан бой алмайтын еді.

Алайда, ол кісілер жастық шағының тек жарқын, жақсы сәттері туралы айтады. Кеңес үкіметі кезіндегі өмірін мақтайтын адамдардар кездестірген шығарсыздар. Осы бір қасиетіміз жалпы халыққа да тиесілі секілді.

Соңғы жылда ақпараттық кеңістікте қатты тараған, бір сәтте бәрінің талқысында болған жаңалықтар болды. Қызығы, ол туралы бір уақыттан соң ешкім еске түсірмейді.

Мен осы жазда Алматыда бір ән кешіне қатыстым. Барсам, ozen лейлбының басшысы Айза жүр екен. Бір күні бұрын ғана болған ИК мен Шизаның концертінде болған ту туралы жағдай қатты қызып тұрды.

Соны Айзамен талқылау барысында, ол маған есте қаларлық сөз айтты: - Нәрікби, қазір халық өте ұмытшақ. Бір аптадан кейін қарашы. Біздің халықтың шыдамы 2-3 күнге ғана жетеді. Кейін ұмытады. Өз тәжірибемнен айтып отырмын, - деді

Шынымен солай болып шықты. Барлық "трендтегі" тақырыптар тез ұмытылады. "Ұйқым келмейді” әнінен бастап кешегі қаңтар оқығасына дейін, Арыстағы жарылыстан Қостанайдағы өртке дейін.

Бұның жаман тұсы - халық ұмытпауы керек оқиғаларды да ұмытып кетеді. Сол үшін де мемлекет мүсіндер мен музейлер салады. Жазушылар кітап жазады. Режиссер фильмдер түсіреді. Бәрі естелік үшін.

Еврей халқы холокостты ұмытпауы үшін әлем бойынша ескерткіштер мен музейлар салып тастаған. Бізге ең болмағанда елге маңызды оқиғаларды кейін балаларымызға айтатындай естеліктер қажет.

Подкаст жасауымның бір себебі осы шығар деймін. Өзімнің және қонағымның естелігі бұл. Бәлкім, бір күні біз де ұмытыламыз.

Менің кешкі пәлсапалық ойларым.
7.5K views16:21
Ашу / Түсініктеме
2022-09-04 11:24:56 Қостанай

Алла амандығын берсін. Каналда сол өңірлерден оқырмандар бар ма екен? Қалай болып жатыр?
3.9K views08:24
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 13:55:55 Narikbi ACADEMY

Мені қаңтар оқиғасынан кейін қоғамдағы көптеген проблемалар ойға салды. Подкастта да осы жайлы жиі айтамын. Солардың бірі - халықтың, әсіресе жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесі.

Мен қазақ тілді блог жүргізгеннен маған жекеге өте көп қазақ жастары жазады. Өзін өзі таба алмай жүрген адам көп. Жалақым аз, жұмыс жоқ деп шағымданып жатады.

Расымен, оған негіз бар, қоғамда әрбір адамға жұмыс табыла қоймайды. Біразы әлеуметтік желіде неше түрлі "табысты" адамдардың парақшаларын қарап, өзін одан сайын депрессияға түсе бастайды.

Кейде ол агрессияға да апарып жатады. Қаңтарда да әлеуметтік теңсіздікті сезген жандар да болды деген сенімдемін.

Алайда мен айти маманы ретінде бұл проблеманың шешімін тапқандай болды. IT саласы өте ауқымды, белгілі деңгейде жұмыс жетерлік. Онда неге бәрі сондай бармайды?

Себебі, ол салаға кіруге біраз білім қажет. Программинг ол маркетинг немесе таргет секілді 2-3 айда үйренетін зат емес. Оған кейде жылдар кетеді.

Алайда, мен осы салаға жеңіл кіріп, ақша табудың бір жолдары бар. Оның - no code programming деп аталады.

Сіз кіріп жүрген сайттардың көбі код жазылмаған, арнайы платформаларда жасалған сайттар. Мен студент болған кезде осылай алғашқы ақша тауып, тіпті телефон сатып алғам.

Қазіргі күні ол сала қарқынды дамуда. Осы мамандықпен айналысатын адамдар айына 200 мыңнан бастап 2 млн теңгеге дейін табады. Шетелдік жұмыс биржаларында $-мен тапсырыстар алуға болады.

Осы идеямен мен осы саланың маманы Бауыржан атты досыммен алғашқы курс ашып көрдік. 40 адамды оқыттық. Қызығы - біраз адам курс өтіп жатып алғашқы тапсырыс қабылдап, курс ақшасын ақтап алды.

Өйткені, біз сайт жасаудан бөлек, өз қызметіңді сатуды да үйреттік. Бар жоғы бір айдың ішінде.

Тіпті, каспи арқылы 12 айға бөліп төлеу мүмкіндігін де қостық. Келесі лепті 10 қыркүйек бастаймыз.

Бұл академияның миссиясы - ең тиімді жолмен IT саласына үйретіп, жұмысқа тұрғызу болмақ.

Тіркелу үшін: https://fircom.kz/nocodelearning

@narikbi_academy
2.3K views10:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 13:10:08 The end of summer

Бүгін осы жаздың соңғы күні екен. Қызығы, Еуропа елдері үшін жаз 22 қыркүйек аяқталады. Ал көктемді қазекең сияқты 22 наурызда бастайды.

Осы жаз мен үшін жаңалыққа толы болды. Бірінші рет ата-анамды Еуропаға алып келдім. Ол кісілер мен тұрып жатқан елді көріп, біраз ой түйді. Әкем Эйфел мұнарасы жайлы 14 жасында естіген. Енді 59 жасында оны өз көзімен көрді. Керемет сезім ғой.

Менің анам - тарих пәні мұғалімі. Римде саяхаттағанда әрбір тарихи ғимаратқа қарап, осы жайлы дүние жүзі тарихында не жазылғанын айтып отты. Әсіресе, Колизейдің 21 ғасыр бойы тұрып, әлі сақталғанына таң қалды.

Ал мен жұбайыммен Берлинде Coldplay группасының концертіне бардық. Стадионда 80мың адамдай болды. Ондай масштабты алғаш көруім. Сол күні концертте халықтың секіргенінен Берлинде жер сілкінісін анықтапты. Халықтың көптігінен отель таба алмай, достарымызға бардық.

Жалпы, мен демалыстың маңыздылығын түсіне бастадым. Себебі, жұмыс арасында депрессияға түсіп кеткен кездер болды. Тіпті, 2 рет психологтан сеанстар алдым. Өте қажет дүние екен. Денеңді сау ұстаған секілді, ментал тұрғыдан сау болу да маңызды. Осыған көзім жетті.

Тағы, мен @narikbi_academy атты қазақ тілді айти академия аштым. Бұл жерде айти мамандығын бастағысы келіп жүрген жандарға түрлі курстар болады. Тіпті бір курс бастап, 40 адамды сайт жасауға үйреттік. Ол жайлы келесі посттарда жазармын.

Әлі түйген, бөлісетін ойларым көп. Баяғыдай телеграм каналға жиі жазуды қолға алдым.

Сіздерге осы жаз несімен еске қалды?
1.6K viewsedited  10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 15:59:51 Narikbi LIVE pinned a photo
12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 15:23:50
Подкастымыздың кішігірім тизері



8.0K views12:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 15:20:03
Олжас Нурбай: Сәке, Скорая, қаңтар және психология / Narikbi LIVE #52

Бүгінгі подкаст қонағы кино режиссер, сценарист әрі продюсер - Олжас Нурбай. Олжеке әйгілі "Сәке", "103" және т.б. сериалдарын түсірген. Лос Анджелесте New York Film Academy оқыған. Біз КБТУда экономистке оқыған жігіттің кино қалай келгені, "Ауылдастардағы" рөлі, жаңа вэб сериалдар және т.б. тақырыптарды қозғадық.



8.3K viewsedited  12:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 11:51:41
Әлеуметтік желіде бөлісіп қою үшін
3.5K views08:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 11:40:35
De Lacure: сыныптастар кездесуі / Narikbi LIVE #51

Подкастымыздың #51 эпизодының қонағы рэп орындаушы - De Lacure (Баймухаев Ануар).

Бұл подкастта біз екі сыныптастың әңгімесі ретінде жасадық. Қаңтар оқиғасы, мектептегі білім деңгейі, жаңа қазақ музыкасы, т.б. тақырыптарды талдалық.

Лайк, коммент қалдыруды ұмыптпаймыз)



3.9K views08:40
Ашу / Түсініктеме