2024-04-04 15:31:15
Үміт
Бүгінгі эпизод мен үшін маңызды шығарылымдардың бірі. Екі жыл бұрын мен білім саласының эксперттерін іздеуде едім. Сол кезде бірнеше адам Аралбек мырза туралы айтты.
Кейін бизнесмен Айдын Рахимбаев өзі оқыған Абай облысындағы Құлынжол ауыл мектебіне жаңаша мектеп директорына іздеу салады. Үлкен конкурстан Аралбек мырза өтіп шығады.
Алайда, Аралбекке Астанадағы физмат мектепке директор болуға ұсыныc түседі. Бірақ, ол ауыл мектептерін көтеру маңыздырақ екенін түсініп отбасысымен ауылға көшеді. Ол комфортта қалалық топ мектепті басқарудың орнына, қарапайым ауыл мектебін таңдады.
Бұл подкаст - үміт туралы. Аралбек мырза ауыл мектебін қала деңгейіне көтеру үмітімен кетті. Алайда, шын өмірді өзгеше болады. Бірақ, ол өз миссиясында берік болды.
Екі жылда не өзгергенін осы подкасттан біле аласыздар. Мен жазған подкасттардың ең қызықтарының бірі деп осы деп айта аламын.
Осындай подкасттар әдетте көп қаралым жинамайды, сол үшін сіздердің жақындарыңызбен бөліскеніңіз өте маңызды.
10.4K viewsedited 12:31