Get Mystery Box with random crypto!

25 желтоқсанда City center сауда үйіндегі эскалаторда 40 жаста | Massaget NEWS

25 желтоқсанда City center сауда үйіндегі эскалаторда 40 жастағы әйел аяғын жарақаттап алған. Сауда орталығының инженері оқиғаның мән-жайын айтты

"25 желтоқсанда сағат 10:00-де әйел траволаторды басып кетіп, құлап қалды. Бір күн бұрын траволаторды келісімшарт бойынша бізге қызмет көрсететін компания жөндеген, ал баспалдақтарды дұрыс қалпына келтірмегені белгілі болды, олардың бірін ауыстырған. Соның салдарынан әйел баспалдақ орнатылмаған бөлікке басып, зардап шекті. Бұрын бәрін өзіміз істейтінбіз, бізде штат қызметкерлері болды және мұндай ештеңе болған емес. Енді міне, бұл компания бір айдан сәл аса уақыт біздің бөлімшелерге қызмет көрсетіп жүр, бірақ мынадай олқылыққа жол берді, - дейді сауда орталығының жұмысы жөніндегі бас инженер Антон Соробян.

Жәбірленушіге сауда орталығының өзінен де, олардан эскалаторларды жөндейтін мердігерден де көмек көрсетіледі.

@massaget_news