Get Mystery Box with random crypto!

СӘРЕСІ УАҚЫТЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН 3 САУАПТЫ АМАЛ ⠀ Сәресі уақытында | ҚҰРАН НАСИХАТ

СӘРЕСІ УАҚЫТЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН 3 САУАПТЫ АМАЛ

Сәресі уақытында орындалатын 3 түрлі құлшылық бар. Үшеуінің де сауабы мен сыйы ұшан-теңіз. Олар:

1. ИСТИҒФАР, яғни Алладан кешірім сұрау. Бұл туралы Алла Құранда: "Олар сахарда (яғни түннің үшінші бөлігінде) кешірім тілейтін еді", - деген. ("Зәрият" сүресі, 18-аят)

2. ДҰҒА. Себебі, дәл осы уақытта, түннің соңғы бөлігінде тілеген тілектер қабыл болады. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Пенденің Раббысына ең жақын болатын кезі – түннің соңғы бөлігі. Егер сол сағатта Алланы зікір етушілерден бола алсаң, бол», - деген (Тирмизи) Сонымен бірге «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла әрбір түннің соңғы үштен бір бөлігінде: «Маған дұға қылып жатқан кім бар екен, жауап берейін. Менен сұрап жатқан кім бар екен, сұрағанын берейін. Менен күнәсін кешіруді тілеп жатқан кім бар екен, кешірейін», – дейді», – деген (Бұхари)

3. СӘРЕСІН ІШУ. Иә, сәресіне оянып, оны ішу де - құлшылық. Себебі, сіз ұйқыңызды қиып тұрып, Пайғамбарымыз (ﷺ) нұсқаған сүннет амалды жасадыңыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Сәресі ішіңдер. Себебі, сәресінде береке бар", "Бір жұтым сумен болса да сәресін ішіңдер", "Расында, сәресінде игілік бар, сондықтан оны қалдырмаңдар», - деп үмметін Рамазан айында сәресін ішуге үндеген. (Ахмад)
Бір ғана сәресінің өзіне осынша құлшылық пен сауапты жасырып қойған АЛЛА ҰЛЫҚ! Бүгінгі күндеріңіз сауап пен берекеге толы болсын!

@kuran_nasikhat