Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан ал

Telegram арнасының логотипі kitaptanal — Кітаптан ал К
Telegram арнасының логотипі kitaptanal — Кітаптан ал
Арна мекенжайы: @kitaptanal
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 594
Арнадан сипаттама

Көкірекке сәуле түсірер, қарбалас өмірді жеңілдетер ол - білім.
Білім - КІТАПТА📚

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-13 17:39:53 Шырағым, өмір дегенің әке-шешеңнің алақаны емес, тірлікке көңілің толмаған әрбір сәтте өзіңді жоқ қылуға тырыспа. Алланың жазуын күт. Жазмыштан озмыш жоқ, балам. Әрқашан да сабырлы бол, - деді әкем неге екені белгісіз маған күдіктене қарап.

Зайда Елғондинова "Менің ертегім"
347 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-09-13 17:38:03 Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан, әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
316 views14:38
Ашу / Түсініктеме
2022-09-11 21:33:46 Ештеңе қызық емес… Ешқандай ой кешпеймін,
Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!
Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!
Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…
Ешқашан жазылмайтын жанымның жарасын-ай,
Еш нәрсе өзгермейді, бәрібір, тағы осылай…
Ешбір жан тең келмейтін, тәуелсіз Тәңірім-ай,
Еш уақта ойламаппын, болар деп бәрі бұлай…
Еш жерден табылмайтын Бақытты аңсадым ба?!
Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!
Білмеймін…

Алмас Темірбай
285 views18:33
Ашу / Түсініктеме
2022-09-09 17:26:45 Уақыт белдеуі
Біреу институтты 22 жасында тәмамдап, үш жыл жұмыс іздеп жүріп қалады.
Біреу 25 жасында директор болып, 50 жасында дүниеден өтеді.
Біреу 50 жасында директор болып, 90-ға дейін жасайды.
Біреу 35 келгенше бойдақ жүрсе, кейбіреу 26 жасында үйленіп, балалы-шағалы, ажырасуға дайын жүреді не тату-тәтті өмір сүреді.
Макрон 39 жасында президент атанса, ал Роберт Мугабе тек 63 жасында президент болды.
Шумахер 25 жасында чемпион болды, Нино Фарино тек 44 жаста чемпиондыққа қол жеткізді. Уоррен Баффет 56 жасында миллиардер болды. Цукерберг 23 жасында. Кайли Дженнер 21 жасында ең жас миллиардер бойжеткен болды. Біраз миллиардер азаматтар оның шаңына ілесе алмай қалды. Ирландтық сыра жасаушы Артур Гинестің 56 жасында 21 баласы болған, ал Джордж Клуни 55 жасында тұңғышын көрді.
Әр адам бұл фәниде өзіндік аламанға қатысады. Өзінің өмірлік жолын өткереді. Өзінің уақытын жұмсайды. Тағдыр әр түрлі. Мың түрлі. Уақыт та түрлі-түрлі. Әр адамның өзіндік уақыт белдеуі болатындай.
Сіздің достарыңыз сізден озып кетуі мүмкін, қалып кетуі де ықтимал. Бәрі де қалыпты. Әркімнің өзінің барар жері бар. Көреалмай, салыстырып әлек болудың қажеті жоқ. Олар өзінің уақыт белдеуінде өмір сүріп жатыр. Сіз өзіңіздің. Өмір деген сәтті мезетті күтумен өтетін ғажап қой. Сондықтан, қатты уайымдай бермей, өз сәтіңізді күтіп, алаңсыз өмір сүріңіз. Сіз жетуге тиіс жерге кешікпейсіз. Ерте жетіп алмайсыз. Бәрі өз уақытында болады.
Игорь Губерман
Аударған @shinarabelda
349 views14:26
Ашу / Түсініктеме
2022-09-08 08:08:37 "Мың түрлі адам бар — мың түрлі мінез бар. Соның сорақыларына мән бере берсең, жауқазыныңнан жайрайсың".

Шерхан Мұртаза "Тәуекел той"
290 views05:08
Ашу / Түсініктеме
2022-09-06 17:49:07 Ерлі-зайыптылардың көбісі екібасты жылан сияқты. Екі басқа бір құйрық. Иә, Алланың бұйрығы солай!.. Екі бастың біреуі айыр тілді айдаһарға, екіншісі кобраға көбірек ұқсайды. Айдаһарда айбар, кобрада cес басым. Біріншісіне жолау қиын, әрі қауіпті. Тілінің уы, тісінің суы қосылса, шаруаңыз бітті — сеспей қатасыз. Ал кобраңыз сесті болғанмен есті. Қыбын тауып басынан сипасаңыз болды – сылқ ете қалады. Әйелдің арбағыш, еркектің алданғыш келетіні осыдан.

Исраил Сапарбай "Ойтұмар"
330 views14:49
Ашу / Түсініктеме
2022-09-05 16:29:14 Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек.

М.Жұмабаев "Педагогика"
345 views13:29
Ашу / Түсініктеме
2022-09-05 15:49:33 Біз тым-тым тоқ көңіл, мамыражаймыз. Арамызда қаншама көп жақсы адамдар жүр. Қайтейік, байқай бермейміз, тіпті біле тұра менсінбей қоямыз. Бір-бірімізді тек өлген соң ғана жақсы көріп, батыл мақтай аламыз.

Оралхан Бөкей "Аспирант қыздың тракторшы жігіті"
328 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2022-09-04 14:33:05 "Сенім!
Бұл бір ұлы күш! Әсіресе жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат, қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады, ақтап шығуға жанын аямайды".

І. Есенберлин "Аққу құстар қуанышы"
818 views11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-09-04 11:24:59 Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан, әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
349 views08:24
Ашу / Түсініктеме